
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Осы мақаланы жазып бола бергенде, әлеуметтік желіге Бұқар жырау туралы бір жаңа пост қылт етіп шыға келді. Онда Бұқардың ақындығы мен әулиелігі туралы оқыған адамды бірден үйіріп әкететін тебіреністі сөздер жазылыпты. Егер Абайдың сынағанынан Бұқар жаман ақын бола қалса, әлемжелідегі бұл пост та жазылмайтын еді. Ендеше, біздің де айтпағымыз басқа екенін көкірек көзі ашық оқырман өзі де түсінер деп ойладық.
Сұхбат • 03 Тамыз, 2022
Жазушы, драматург Иген Хасенұлы: Кері мінез бе, сері мінез бе дейтін сәттер де бастан өтті
Біз көрген ағалардың ішінде «ресми» түрде сері атанғандар саусақпен санарлық қана екен. Ал әншілігі, аңшылығы, әзіл-қалжыңы жарасқан нағыз серілер бірқыдыру еді. Жапан қайғы шегіп, жалған аңыз қалыптастырушылар да бар, әрине. Шындығында, нағыз серілік ел арасының әңгімесін жақсы білетін, жүрген-тұрған жері дәстүр мен дәріске толы адамдарға бек жарасатын. Қазақ энциклопедиясының негізін қалаушылардың бірі, жазушы, драматург Иген Хасенұлы да – сондай ері мойнына кетпеген сері кісі. Дегенмен әңгімемізді қаламгердің еңбегі көбірек сіңген Ұлттық шежіреден бастадық.
Руханият • 12 Маусым, 2022
Қоңқайға қол соққан күн немесе әдебиетте жағымсыз кейіпкерлер неге азайып кетті?
Классиктер қаламынан жағымсыз кейіпкерлердің тұтас бір галереясы түзілген екен. Солардың кейіпкер ретінде есте қалған бейнелерін көрмеге қойса қайтер еді. Онда жағымды кейіпкердің қасына тоқтамаған адам, жағымсыз кейіпкердің қасына тоқтар еді. Себебі жағымды кейіпкер көбінше жасанды, ал жағымсыз кейіпкер көбінше шынайы болып келеді.
Әдебиет • 06 Маусым, 2022
Қазақ жазушысы неге әлем жазушысы бола алмайды немесе «Сөз сиқырынан» «Фантом-дертке» дейін...
Руханият • 19 Мамыр, 2022
Әдебиеттің төңірегіндегі әңгімелерге аса мән бермей жүрміз. Сөз өнерінің өзін ғана сөз етсек болды, басқасында шаруамыз жоқ сияқты. Әсілінде шығармашылық өнер мен өмір қатар өрілсе, әдебиетке деген қызығушылық арта түсер еді. Әсіресе оған әйел заты араласса, тақырып түрленіп шыға келетініне мысал жеткілікті. Мұндай әңгімелер де кейде өз алдына бір көркем дүниедей көңіліңді бір ысынтып, бір суынтатыны бар.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Бұрын Бұқаралық ақпарат құралдары дейтін. Қазір де осы атау қолданылады. Мәселен, БАҚ туралы заң осылай жазылады. Бірақ ғылыми еңбектерде Бұқаралық коммуникация атауы танымал бола бастады. Себебі екіншісінің аясы кең және әлеуметтік желінің қосылуына байланысты жаңа түсініктер пайда болды.
Әдебиет • 21 Желтоқсан, 2021
«Қазаққа өлең деген бір қадірсіз»
Қар жақсы жауғанда, Абайдың «Қансонары» еске түседі. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлең жолы тіл ұшында тұрады. «Тастан түлкі табылар аңдығанға» деген жолы да тірі бейнедей бұлың етеді. «Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға» дегенде де бойың шымыр етеді. Бірақ осы әдемі көріністің тасасында Абайға тән мұң мен шер жатыр деп кім ойлаған.
Әдебиет • 09 Қараша, 2021
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазан айында Қостөбе деген ауылда жарық дүние есігін ашыпты. Ол ес біліп, етек жапқанда өкпек желдей өңмеңдеп отызыншы жылдар да келіп қалыпты. «Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр» дегенде, бейтаныс әйелдің артынан аңырап тұра жүгіретін бала есіңізде шығар. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі балдырған шақтың әдемі ертегісі сонымен бітеді.
Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2021
«Шұғаның белгісінен» «Айғыркісіге» дейін
«Әне, деді жолдасым, әне «Шұғаның белгісі көрінді... өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!..», деген сөйлемді бала күнімізден бәріміз оқыдық. Көпшілікке белгілі «Кітапхана» телехабарында «Қостанай неге «Шұғаның белгісіне» ескерткіш орнатпайды?» деп мәселе көтергеніміз бар. Сол Қостанайға баратын үлкен жолдың бойында «Шұғаның белгісі» тұрса, әдебиетке одан артық қандай насихат керек?
Әдебиет • 17 Тамыз, 2021