Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК«Egemen Qazaqstan»
36 материал табылды

Руханият • 10 Қаңтар, 2025

Кім Нобель алады?

Қазақ әдебиетінде соңғы жылдары жарық көрген романдарды түгел­ге жуық оқып шықтым. Кейбірі есімде қалмауы мүмкін, бірақ қазіргі әдеби үдеріс туралы толық түсінік қалыптасты деуге болады. Мұнда байқағаным, әдеби сын шығармаларды мақтау үшін де емес, ақтау үшін жазылатын үрдіс қалыптасыпты. Мысалы, көркем шығарманың бас­ты шарты – суреттеудің азайып, баян­даудың көбеюін «көп сөзділіктен арылу» деп түсіндіреді. Баспагерлер де сөрелерді классиктердің кітап­тарымен толтыра отырып, «қазір­гілер бұрынғылардың кемшілігін қай­таламайды» деп өзеурейтінді шы­ғарыпты. Бір қызығы, жарнама да соған қарай жасалуға ойысқан екен.

Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2024

Аруана жетектеген пәруана

Қазақ әдебиетін әлемге таныту үшін жаңа мазмұнға көшуге тура келетін секілді. Бір қарағанда мұнымыз басы артық талап сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бүгінгі әдеби өмірдің шындығы осы екенін мойындауымыз керек. Бұл тұрғыда қаламгерлеріміз екі майданда қатар жұмыс істеп жатыр деуге де болады. Бірі қайткенде де ұлтқа ұнау, екіншісі әлемге танылу.

Тұлға • 14 Қараша, 2024

Бейімбетті заманға бейімдемейік

Жан дүниесіне терең із қалдырған оқиғалар адамды сол нүктеге айналдырып әкеле беретіні бар. Мұндай құбылысты бір тақырыпқа қайта айналып соға беретін шығармашылық адамдарының өмірінен де байқауға болады. Осындай ерекше­лік қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің шығарма­ларынан да айқын көрініс тапқаны таңдандырмай қоймайды.

Әдебиет • 12 Қазан, 2024

«Теріс ағаш» тәлімі

Нұрғали Ораздың «Теріс ағаш» деген әңгімесі бар. Терісаққан деген жер атаулары болушы еді. Ал енді теріс өсетін де ағаш болатынын, Нұрғалидан естіп-білдік. Бұл әңгіменің атын ағаш егіп жатқанда талайлар еске алған да шығар. Сондайда ағаш теріс өсе ме деген сұрақ кімнің де болса көкейінде тұратын болуы керек. Осы сұрақты биология ғылымдарының докторы Нұғыман Аралбайға қойып көрдік. Ағашты, шыбықты, көшетті теріс шаншып қойса өсе ме? Өссе Нұрғали жазғандай бас жағы жуандау болып, дөңгеленіп тұра ма?

Әдебиет • 24 Қыркүйек, 2024

Күзгі жалғыздық

Қалқаман Сариннің «Мойындау» деген жыр жинағынан күз туралы жиырма шақты өлеңін оқыдым. Онда мынандай шумақтар бар:

Поэзия • 21 Қыркүйек, 2024

Мұхтар Шаханов: Жароков көшесіндегі кездесу

Мұхтар Шахановтан күз, қыс, көктем, жаз туралы өлең таба қою қиын. Тапсаңыз да «Танакөз» поэмасында бір-екі жол, тағы бір өлеңінде бір-екі тармақ кездесуі мүмкін. Бірақ қыс туралы жазбаса да, желтоқсан айын айналып өтпейді.

Әдебиет • 10 Қыркүйек, 2024

Мезгіл триптихі

Ақселеу. Күзеуде «Күзеуденің» ғажаптығы кеш келген махаббаттың балы мен уытын қатар татқан адамның тағдырын ұлттық болмыс деңгейіне алып шығып суреттеуінде» деп тамсанар еді Қуанышбай Құрманға­ли ағамыз. Содан әрі Ақселеумен бірге, оның кейіпкерлерімен де арлас-құралас болғандай көсіле жөнелер еді. Пайғамбар жасына жеткен Ыршыманның жесір әйел Торғынға деген махаббатын елдің сөзінен де, көздің сұғынан да ақтап алды ғой Ақаң. Он бір баласы болған, содан жалғыз ғана бала қалған. Бәйбішесін де жақсы көреді. Ол Торғынды жақсы көрдім екен деп, өзінің отбасын тастап кетпейді. Бәйбішесі мен Торғынның арасындағы қарым-қатынас та қазақы. Ақаң әдейі соған келтіріп жазған.

Тұлға • 17 Мамыр, 2024

Олжас

Жазушылар одағының екінші қабатына көтерілер тұстағы қабырғада үлкен барельеф бар еді. «Баспалдақпен шыққанда, башпайына маңдайың тіреледі» деп шамданғандар болды. Соны кейін «Олжас Сүлейменов өзінің бейнесін жасатқан» деп қырғызып тастады. Ал ол Олжастікі емес, орақ пен балға ұстаған екеудің ескерткіші сияқты рәміздік мүсін болатын…

Әдебиет • 28 Ақпан, 2024

Мұртаза мен Мағауин

Замандастары Мұртаза мен Мағауинді шойын жолдағы қосылмайтын қос рельс секілді көретін. Рельс демекші, көзі­мізбен көріп, көңілімізге тоқыған сондай да бір оқиға болған. Екеуінің бүкіл өмірін көз алдыңа әкелетін бір сәттік қана эпизод. Ойлап қарасаң, өзіңе де сабақ болатындай қызық жағдай.

Руханият • 19 Қараша, 2023

«Авгийдің ат қорасына» қайта оралсақ...

Құрамындағы үш сөз үш жаққа тартқан «Әдеби тілдің нормасы» деген тіркес бар. Кеңес заманында шығармашылық адамының еркіндігін шектеуде жүйенің ойлап таппағаны қалмапты. Өз қолымызбен көсеу көсетіп қойып, қызықтап қарап отырыпты. Дүрмекке ілесіп, «әдеби тілдің нормасының» сойылын біз де соққан екенбіз. Енді бүгін әлеуметтік желіге бірдеңе жаза қояйық десек, бір жерден қатеміз шығып қалатындай қорқасоқтаймыз.