Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК«Egemen Qazaqstan»
34 материал табылды

Руханият • 26 Шілде, 2023

Ұлт тағдыры және қаламгер үні

«Үндеме» деумен қазақтың талай тарихы ұмытылды, талай тағдыр топыраққа көмілді. Мың тараудың бір тарауы біздің де жолымызды қиылыстырмағанда, бұл тағдыр да құм жұтқандай із-түзсіз кетпекші екен. Біз жазып, ел оқығаннан кейін тап осы кепті бастан өткергендер әр ауылдан табылатын да шығар. Баяғыда-ақ соны қағазға түсіріп, хаттап қойса қайтер еді. Бірақ бәріне тоқтау салған бір сөз бар, ол – «үндеме».

Әдебиет • 17 Мамыр, 2023

Постмодернистер майданы

Тоқсаныншы жылдар шамасында басталған постмодернистер дүрмегі әдебиетімізде қандай айтыс-тартыстар тудырғанын әлі ұмыта қойғамыз жоқ. Бүгінгі күні ондай қозғалыс болмағандай жым-жырт қоя салғанымыз басқаны қойып, әдебиет тарихы үшін де обал. Қайткенмен де олар ақын-жазушылардың ортасында ғана емес, қалың оқырман арасында да талқыға түскенін көзіміз көрді емес пе. Оларға әртүрлі саяси ұстанымда болғанымен, өздерін жаңа көзқарастағы адамдар санайтын жекелеген тұлғалар да қызығушылық танытқанын іштей біліп те жүрдік. Соцреализм тұсында қалыптасқан, бірақ ұлттық болмысын жоғалтпаған дәстүрлі әдебиеттің күні біткендей өрекпігеніміз де есімізде. Олар дәстүрлі әдебиетіміздің Мұхтар Мағауин, Асқар Сүлейменов, Сайын Мұратбеков сынды талантты өкілдерін қалқан етіп ұстады.

Әдебиет • 27 Наурыз, 2023

Әлемді жайлаған идеясыз шындықтар және аманат арқалаған «Бөрте» лиротрагедиясы

Драматургтер шығармасы сахнаға жол тартқаннан бастап, басқаларға тәуелді болып қалады. Режиссерден тартып, актерлерге дейін бәрі пьесаға өзгеріс енгізгісі келеді. Олар енгізген бояуды, көңіл күйді, эмоцияны, атмосфераны, бәрін-бәрін қабылдауға көнесің, көнуге мәжбүрсің. Кейбір драматургтер сахнадан өз шығармасын өзі танымай қалады деседі. Ондай драма кез келген жерінен қысқарта берсе, мазмұны өзгермейтін бостекі роман секілді. Нағыз драма қол батпастай тығыз болуы керек.

Әдебиет • 09 Наурыз, 2023

Жалған Пафос немесе қазақ өлеңіне суицидтік сарын қайдан келді?

Абай туралы ең көп айтылатын сөз қайсы? «Абайдың қозғайтыны – іштің қайғысы». Байқайсыз ба, бұл өте ыңғайлы позициядан айтылған сөз. Ешкім жоққа шығармайды, дауласпайды. Сөзсіз мойындалған пікір кейде әдебиетте қауіпті болады. Әрі қарай ойлай алмайсың, ойыңды дамыта алмайсың. Ал бұған біздің аздаған уәжіміз бар.

Кино • 06 Қаңтар, 2023

Сергелдең болмай, сериал жоқ

Отандық кино өндірісі телесериалдармен толығып жатыр Ұлттық арна бірқатар сәтті жобалар жасады. Алайда ойласатын жайттар да жоқ емес. Бір байқағанымыз, отандық телесериалдарды әлеуметтік топтарға бөліп түсіру үрдісі бар сияқты. Тарихи сериалдарды зиялылар, отбасылық сериалдарды үлкендер, бүгінгі күн туралы болса, жастар ғана көруге тиіс секілді. Яғни қандай сериал түсірілсе де белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесі көбірек ескеріледі. Басқалары соған фон ретінде ғана алынады. Сол себептен де біз әлі жалпыхалықтық сериал түсіре алмай келеміз.

Руханият • 23 Желтоқсан, 2022

Өлең екі тумайды

Өлеңді түсіну үшін әуелі оның табиғатына үңілу керек. Мысалы, осы өлеңнің қай жолдары бірінші туды екен деп ойлануға болады. Өйткені өлеңнің бас-аяғы түгел бірден туа салмайтыны – айтпаса да түсінікті жайт. Естіп те, көріп те, кейде бастан өткеріп те жүргеніміз алғашқы екі жолдың адамға қапылыста келетіні. Алладан түскен аян ба, бұл не өзі деп таңданып та қалатын секілдісің.

Әдебиет • 07 Қараша, 2022

Даңқты жылдардың дақпырты да қымбат

Олжас Сүлейменов – орасан зор түйсік иесі. «Аз и Я» кітабының тақырыбы оның өзіне ғана тән сол түйсікпен таңбаланды. Әркім­нің өз жауабы болуға тиіс сұраққа біздің ішіміздегі жауап та осы еді. Жақында өткен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерей­тойында Жәнібек Сүлеевпен қатар отырып қалғанбыз. Жәні­бекті көрген сайын әкесі Азат Сүлеевтің есімі ойға оралады.

Әдебиет • 16 Тамыз, 2022

Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ

Осы мақаланы жазып бола бергенде, әлеуметтік желіге Бұқар жырау туралы бір жаңа пост қылт етіп шыға келді. Онда Бұқардың ақындығы мен әулиелігі туралы оқыған адамды бірден үйіріп әкететін тебіреністі сөздер жазылыпты. Егер Абайдың сынағанынан Бұқар жаман ақын бола қалса, әлемжелідегі бұл пост та жазылмайтын еді. Ендеше, біздің де айтпағымыз басқа екенін көкірек көзі ашық оқырман өзі де түсінер деп ойладық.

Сұхбат • 03 Тамыз, 2022

Жазушы, драматург Иген Хасенұлы: Кері мінез бе, сері мінез бе дейтін сәттер де бастан өтті

Біз көрген ағалардың ішінде «ресми» түрде сері атанғандар саусақпен санарлық қана екен. Ал әншілігі, аңшылығы, әзіл-қалжыңы жарасқан нағыз серілер бірқыдыру еді. Жапан қайғы шегіп, жалған аңыз қалыптастырушылар да бар, әрине. Шындығында, нағыз серілік ел арасының әңгімесін жақсы білетін, жүрген-тұрған жері дәстүр мен дәріске толы адамдарға бек жарасатын. Қазақ энциклопедиясының негізін қалаушылардың бірі, жазушы, драматург Иген Хасенұлы да – сондай ері мойнына кетпеген сері кісі. Дегенмен әңгімемізді қаламгердің еңбегі көбірек сіңген Ұлттық шежіреден бастадық.

Руханият • 12 Маусым, 2022

Қоңқайға қол соққан күн немесе әдебиетте жағымсыз кейіпкерлер неге азайып кетті?

Классиктер қаламынан жағымсыз кейіпкерлердің тұтас бір галереясы түзілген екен. Солардың кейіпкер ретінде есте қалған бейнелерін көрмеге қойса қайтер еді. Онда жағымды кейіпкердің қасына тоқтамаған адам, жағымсыз кейіпкердің қасына тоқтар еді. Себебі жағымды кейіпкер көбінше жасанды, ал жағымсыз кейіпкер көбінше шынайы болып келеді.