Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2024
Қазақ әдебиетін әлемге таныту үшін жаңа мазмұнға көшуге тура келетін секілді. Бір қарағанда мұнымыз басы артық талап сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бүгінгі әдеби өмірдің шындығы осы екенін мойындауымыз керек. Бұл тұрғыда қаламгерлеріміз екі майданда қатар жұмыс істеп жатыр деуге де болады. Бірі қайткенде де ұлтқа ұнау, екіншісі әлемге танылу.
Тұлға • 14 Қараша, 2024
Бейімбетті заманға бейімдемейік
Жан дүниесіне терең із қалдырған оқиғалар адамды сол нүктеге айналдырып әкеле беретіні бар. Мұндай құбылысты бір тақырыпқа қайта айналып соға беретін шығармашылық адамдарының өмірінен де байқауға болады. Осындай ерекшелік қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің шығармаларынан да айқын көрініс тапқаны таңдандырмай қоймайды.
Әдебиет • 12 Қазан, 2024
Нұрғали Ораздың «Теріс ағаш» деген әңгімесі бар. Терісаққан деген жер атаулары болушы еді. Ал енді теріс өсетін де ағаш болатынын, Нұрғалидан естіп-білдік. Бұл әңгіменің атын ағаш егіп жатқанда талайлар еске алған да шығар. Сондайда ағаш теріс өсе ме деген сұрақ кімнің де болса көкейінде тұратын болуы керек. Осы сұрақты биология ғылымдарының докторы Нұғыман Аралбайға қойып көрдік. Ағашты, шыбықты, көшетті теріс шаншып қойса өсе ме? Өссе Нұрғали жазғандай бас жағы жуандау болып, дөңгеленіп тұра ма?
Әдебиет • 24 Қыркүйек, 2024
Қалқаман Сариннің «Мойындау» деген жыр жинағынан күз туралы жиырма шақты өлеңін оқыдым. Онда мынандай шумақтар бар:
Поэзия • 21 Қыркүйек, 2024
Мұхтар Шаханов: Жароков көшесіндегі кездесу
Мұхтар Шахановтан күз, қыс, көктем, жаз туралы өлең таба қою қиын. Тапсаңыз да «Танакөз» поэмасында бір-екі жол, тағы бір өлеңінде бір-екі тармақ кездесуі мүмкін. Бірақ қыс туралы жазбаса да, желтоқсан айын айналып өтпейді.
Әдебиет • 10 Қыркүйек, 2024
Ақселеу. Күзеуде «Күзеуденің» ғажаптығы кеш келген махаббаттың балы мен уытын қатар татқан адамның тағдырын ұлттық болмыс деңгейіне алып шығып суреттеуінде» деп тамсанар еді Қуанышбай Құрманғали ағамыз. Содан әрі Ақселеумен бірге, оның кейіпкерлерімен де арлас-құралас болғандай көсіле жөнелер еді. Пайғамбар жасына жеткен Ыршыманның жесір әйел Торғынға деген махаббатын елдің сөзінен де, көздің сұғынан да ақтап алды ғой Ақаң. Он бір баласы болған, содан жалғыз ғана бала қалған. Бәйбішесін де жақсы көреді. Ол Торғынды жақсы көрдім екен деп, өзінің отбасын тастап кетпейді. Бәйбішесі мен Торғынның арасындағы қарым-қатынас та қазақы. Ақаң әдейі соған келтіріп жазған.
Тұлға • 17 Мамыр, 2024
Жазушылар одағының екінші қабатына көтерілер тұстағы қабырғада үлкен барельеф бар еді. «Баспалдақпен шыққанда, башпайына маңдайың тіреледі» деп шамданғандар болды. Соны кейін «Олжас Сүлейменов өзінің бейнесін жасатқан» деп қырғызып тастады. Ал ол Олжастікі емес, орақ пен балға ұстаған екеудің ескерткіші сияқты рәміздік мүсін болатын…
Әдебиет • 28 Ақпан, 2024
Замандастары Мұртаза мен Мағауинді шойын жолдағы қосылмайтын қос рельс секілді көретін. Рельс демекші, көзімізбен көріп, көңілімізге тоқыған сондай да бір оқиға болған. Екеуінің бүкіл өмірін көз алдыңа әкелетін бір сәттік қана эпизод. Ойлап қарасаң, өзіңе де сабақ болатындай қызық жағдай.
Руханият • 19 Қараша, 2023
«Авгийдің ат қорасына» қайта оралсақ...
Құрамындағы үш сөз үш жаққа тартқан «Әдеби тілдің нормасы» деген тіркес бар. Кеңес заманында шығармашылық адамының еркіндігін шектеуде жүйенің ойлап таппағаны қалмапты. Өз қолымызбен көсеу көсетіп қойып, қызықтап қарап отырыпты. Дүрмекке ілесіп, «әдеби тілдің нормасының» сойылын біз де соққан екенбіз. Енді бүгін әлеуметтік желіге бірдеңе жаза қояйық десек, бір жерден қатеміз шығып қалатындай қорқасоқтаймыз.
Әдебиет • 01 Қазан, 2023
Детектив – мінезді, тегеурінді жанр
Бір жанрда жазуға қолы жетпейді, екінші жанрда жазуға тәкаппарлығы жібермейді. Әйтпесе детектив – оқырманы көп жанр. Жанрдың ішіндегі елеулісі деуге де болады. Бұл жанрдағы шығармаларды жалпы халық сүйіп оқиды. Бірақ қазақ әдебиетінде тап осы жанр кенжелеп қалып отыр. Қазірге дейін ол тек Кемел Тоқаевтың ғана жанры сияқты елестетеміз. Бір жағынан, бір жанрдың жүгін бір ғана есім арқалап келгені де рас. Әрине, бір адамның бір жанрға айналғаны – ұлт әдебиеті үшін үлкен құбылыс. Алайда оның жолын жалғайтын мектеп қалыптаспағаны алаңдатады. Соған қарағанда детектив жазу да оңай емес. Бұл – бүгінгі әдебиеттің әңгімесі. Осы оймен жазушы Кемел Тоқаевтың жанрын талқылауға жиналдық. Аудармашы Заманбек Әбдешов пен жазушы Асқар Алтай келді.