Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК«Egemen Qazaqstan»
34 материал табылды

Әдебиет • 24 Маусым, 2021

Жын мен ақын

Бұрын әдеби ортада жүргендер басқалардан бір бас биік тұратын. Қазір кім қайда жүрсе, сол жер әдеби орта болатын болды. Бірақ Семейде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Қарағандыда Серік Ақсұңқарұлы, Маңғыстауда Светқали Нұржан болмаса бұл сөзді айтпас едік. Үшеуі үш жақта жатып өлең өрісін тақырып жағынан қалай кеңейткенін көрмеу мүмкін емес.

Тарих • 03 Мамыр, 2021

Аштықтағы сұмдық туралы туынды

Бүкіл апат атаулының есебінде бала өлімі бөлек көрсетіледі. Ал отыз екінші жылғы аштықта балалар құмырсқаша қырылыпты. Көлден балық аулағандай, жол тосып бала аулағандар да болған деседі. Негізі бетке шіркеу, сүйекке таңба болатын нәрсе емес. Бірақ бұл тақырыпты жазарда ойлану керек.

Руханият • 27 Сәуір, 2021

«Құланның ажалында» не құпия бар?

Көп дүние кейде алтын көшкендей көшіп жүреді екен. Алтын көшкен сияқты, аңыз да көшеді екен. Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы да аңыз етіп айтылатын. Аңыздай көшіп бізге де жетті.

Абай • 16 Сәуір, 2021

Сандықтан жинаққа дейін...

Отаршылдықтың езгісінен есеңгірегеніміз сонша, Кенесарының басы ғана емес, Абайдың жеке жазбалары сақталған сандыққа да ие бола алмай қалыппыз-ау. Абайдың үйін тінткенде «ішінде не сайтан бар?» деп, Омбыға әкеткен жерінен қайтарылмағаны «Egemen Qazaqstan» газетінде де жазылды. Сол қалпы сол жерде қалды ма, босқындармен бірге шетел асты ма, өртеніп күлге айналды ма, белгісіз екені айтылды. Не болса да Абайдың шешілмеген бір жұмбағы сол сандықта кеткендей көрінеді. Өткен жылдың соңында шыққан Абай шығармаларының үштомдық академиялық толық жинағын қолымызға ұстаған бетте, кейінгі кездері құлағымыз шалған осы әңгіме бірден ойымызға оралды. «Абайтанушы Зарқын Тайшыбай айтып жүрген бұл сандық іздеуге тұратын үміт бар дүние ме? Осының басын ашып берсеңіз, бек жақсы болар еді» деген сұрағымызға жинақты шығарушы топ жетекшісі, әдебиеттанушы ғалым Кенжехан Матыжанов: «Бұл басы ашық мәселе, әрине іздеуге тұратын асыл мұрамыздың біреуі. Абай тағдырына қатысты әлі де іздейтін дүниеміз өте көп. Абайдың көрген соққысы еліміздің тарихындағы басынан ұрып есеңгіреткендей ең бұралаңы көп жолдың бірі болғанына тәуелсіздік алғаннан кейін көзіміз жетіп отыр. Абайдың өз өмірі де, шығармашылық ғұмырбаяны да талай шырғалаңға түскен. Оны бұрынғыдай өз ортасынан көру аз, отаршылдықтан да көру керек. Патша өкіметінің тұсындағы Абайдың үйін тінтуді айтпағанда, Кеңес өкіметінің кезіндегі тоналған дүниесі орны толмас орасан зор шығын деуге болады», деп жауап берді.