Руханият • 25 Қыркүйек, 2022
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы өткен ғасыр басында: «...Әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес», деп айтқан осы бір ұлағатты сөзінен қазақтың қаншама ғасыр бойы түрлі теперіш пен зобалаңды көрсе де ұлттық болмысы мен рухын жоғалтпауының негізі құнарлы әдебиетімізде жатқанын түсінеміз. Әдебиетіміздің бар асылы кітапта. Бір кезде халқымыз кітапқұмар ұлтқа айналды. Ақын-жазушылардың мыңдаған тиражбен жарық көрген шығармалары әп-сәтте тарап, оқырман қолында жүрді. Қазір осы қасиетіміз сақталып қалды ма, нақты айта алмаймыз. Өйткені қоғам, уақыт өзгерді. Құндылықтар алмасты. Алайда кітаптың орны, қадір-қасиеті бөлек. Кітапты пір тұтқан ұлт алға шығып, өркениет даңғылында көш бастады. Бүгінде Батыс елдері кітап оқуға қайта бет бұрды. Бізде бұл үрдіс байқала ма? Осы ретте жазушы, фиология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлы, ақын, журналист Қонақбай Саттаров, фрилансер аудармашы Динара Мәзен, жазушы, әдеби байқаулардың лауреаты Жадыра Шамұратова, «Қазына» кітап дүкендері желісінің басшысы Алмас Шәйкен дөңгелек үстел мәжілісінде тақырыпқа қатысты бірқатар мәселені талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2022
Академик тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
Астанада аса көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Қирабаевтың 2009-2021 жылдары тұрған Ш.Қалдаяқов 2 мекенжайындағы үйіне ескерткіш-тақта қойылды. Мазмұнды іс-шараға Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері және академиктің отбасы мен шәкірттері қатысып, ұзақ жылдар жоғары білім мен ғылым саласында еңбек етіп, өнегелі із қалдырған айтулы тұлғаны еске алды.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2022
Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Андреа Бочеллидің репертуарындағы әйгілі ариялар мен әндер» атты керемет кеш өтті.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2022
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты үш кітаптан тұратын тарихи трилогиясы таныстырылды. Оған ҰҒА-ның академигі Уәлихан Қалижанұлы, жазушылар Әлібек Асқаров, Мәди Айымбетов, Несіп Жүнісбаев, Роза Мұқанова және түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мен Парламент депутаттары Әлімжан Құртаев, Нұртөре Жүсіп, Дархан Мыңбай секілді танымал азаматтар қатысты.
Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2022
Болат Ыбыраев: Театрдағы ұлттық болмысымызды жоғалтып алмайық
Біздің кейіпкеріміз ұзақ жыл сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері-Ақтоқтысында» – Жалмұқан, «Қыз Жібегінде» – Базарбай, М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысында» – Көбік, «Қарагөзінде» – Жабай, «Абайында» – Оразбай, «Еңлік-Кебегінде» – Кеңгірбай би, Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде» – Едіге, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» – Диуана, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» – Пастор, «Гамлетінде» – Полоний, А.Чеховтың «Ваня ағайында» – Войницкий және т.б. айшықты рөлдерімен көрермен ықыласына бөленген. Өмірден көргені мен түйгені мол өнер иесінің айтары да көп. Осы орайда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының белгілі актері Болат Ыбыраевпен кездесіп, өнер жолы мен бүгінгі театр әлемі туралы әңгімелестік.
Кино • 15 Қыркүйек, 2022
Алаш ардақтылары армандаған тәуелсіздік идеясы қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де өшкен емес. Оны ақын-жазушыларымыз өз шығармаларындағы кейіпкер бейнесі немесе сонда қозғаған ұлттық құндылықтар арқылы астарлап болса да сыналап кіргізіп, халқымыздың намысын қайрап, жігерін жанып, азат рухын асқақтатты. Осындай мазмұн сол кездегі қазақ киносында да көрініс тапты. Сондай тұғыры биік туындының бірі, 1981 жылы экранға шыққан «Ақырғы аманат» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценарийін көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменов жазса,түсірген – айтулы режиссер, марқұм Амангелді Тәжібаев.
Өнер • 15 Қыркүйек, 2022
Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында «Астана Опера» театрында «Бірлігіміз – әралуандықта» атты мазмұнды бағдарламаға толы концерт өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы • 14 Қыркүйек, 2022
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қостанай облысы әкімдігі бірлесіп Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырған «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұлт ұстазының туған жеріне аттанды.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «41-жылғы келіншек» атты оймақтай болса да, әйел жанының қалтарыс-бұлтарысына терең бойлаған әңгімесін оқығанда, көз алдыма өзімнің туған әжем келеді. Менің әжем де – соғыстың жесірі. Атам 1942 жылы әскерге алынып, адам қаны қисапсыз төгілген Сталинград майданында із-түзсіз хабарсыз кеткен. Міне, содан бері сексен жыл өтсе де ешқандай дерек жоқ. Әжем соғыс жылдарында колхоздың қара жұмысын атқара жүріп, екі қызы мен бір ұлын ешкімнен кем қылмай жеткізіп, атамнан «бір жақсы хабар болады-ау» деген үмітпен өмір сүріп, 75 жасында дүниеден озды.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасында 8 қыркүйек – Халықаралық сауаттылық күніне арналған «Қағазға тіл бітірген...» атты мазмұнды көрме болып өтті. Мәдени іс-шараға халықаралық дипломатиялық корпус пен оқу орындарының, қоғамдық және академиялық кітапхананың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.