Тарих • 17 Ақпан, 2022
Болған ана бейнесі жаңғыртылды
Елордадағы Ұлттық музейде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ұлытау ауданындағы Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер мен Болған ана бейнесінің жаңғыртылған нұсқасын ұсынған көрмесі өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы • 16 Ақпан, 2022
Ұлт ұстазы атындағы оқу залы ашылды
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай уақыт талабына сай көркемделіп жасалған Ұлт ұстазы атындағы оқу залы ашылды. Оған зиялы қауым өкілдері қатысып, алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығы туралы келелі әңгіме өрбітті.
Өнер • 10 Ақпан, 2022
Өмірден ерте озған дарынды суретші Мұратбек Жоламановтың «Құлагер» атты ғажайып картинасы бар. Ол осы еңбегін жарты күнде салыпты. Суреттегі төрт тұяғы жер тарпып, жалы күдірейіп, кісінеп тұрған ақбоз аттың бейнесін қазақтың асқақ рухына ұқсатасыз. Төрт түліктің ішінде жылқы малын айрықша көрген халқымыздың бекзат болмысы осыған толық сыйып тұр.
Таным • 09 Ақпан, 2022
Ойыма бала кездегі бір оқиға түседі. Ауылда Еркін деген жақын ағамызбен көрші тұрдық. Көп сөзі жоқ, кісіге қайырымы мол, біртоға адам еді. Ешкімнің ала жібін аттамай, адал еңбекпен нанын тауып, отбасын асырап жүрген жан. Сол кісі екеуміз бірде әзілдесіп тұрып сөзге келіп қалдық.
Қоғам • 08 Ақпан, 2022
Кеңес заманында мыңғыртып мал айдаған байларды кісі ақысын жеген қайырымсыз, сараң, алдындағы төрт түліктен басқаны білмеген қарау адам ретінде көрсетіп, жас ұрпақтың санасына солай сіңіруге тырысты. Шын мәнінде, сондай бірен-саран болғанымен, негізінен елдің бірлігі мен берекесін сақтап, аузы дуалы, ақыл-парасаты мол, атымтай жомарт, қайырымды қазақтың байлары көп болған. Жеті атасынан қыдыр қонып, бақ-дәулет дарыған, жұртқа жақсылығы мен қайырымы көп тиген сондай текті тұлғаның бірі − Бектастың Бірәлісі.
Тарих • 07 Ақпан, 2022
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихи музейінде сақ дәуіріне жататын алтын бүрмелі бұйым сақталған. Бұл − жәдігер Қараторғай өзенінің бойындағы Жаңақала ауылынан табылды.
Театр • 04 Ақпан, 2022
«Астана Опера» балет труппасының талантты бишілері Бақтияр Адамжан мен Шұғыла Әдепхан осы күндері Аустралияда өтіп жатқан Ballet International Gala әлемдік шоуы аясында сәтті өнер көрсетіп, жасыл құрлық көрермендерін тәнті етті.
Өнер • 03 Ақпан, 2022
Қазақ дубляжының дамуы қай деңгейде?
Дубляж – сан шеберді бір арнаға тоғыстырған кірпияз өнер. Оған аударманың сапасы, тілдің тазалығы, актердің шеберлігі ғана жатпайды, оны идеология деп те айтуға болады. Кеңес дәуірінде қазақ дубляжы үлкен мектеп болып қалыптасты. Оның дамуына театр және кино өнерінің майталмандары үлес қосып, олар өзге елдің үздік туындыларын жоғары деңгейде дубляждап, көрермендерді рухани байытты. Тоқсаныншы жылдары дубляж өнері ептеп қағажу көргенімен, қазір қайта жаңаша өріс алды. Кейінгі жылдары бірқатар шетелдік фильм мен анимациялық туынды дубляждалып, жұртшылыққа жол тартты. Сондықтан бүгінгі дубляждың дамуы қай деңгейде деген оймен осы саланың жілігін шағып, майын ішіп жүрген мамандармен дөңгелек үстел мәжілісін өткізген едік.
Өнер • 02 Ақпан, 2022
Эпосты бояу тілімен сөйлеткен...
Әлем халықтары арасында эпос тудырған ұлт санаулы болса, сол сиректердің қатарына қазақ та кіреді. Бұл дана халқымыздың тумысынан сөз дарыған қасиетінен болса керек. Кейде қаламгерлердің өмірбаяны туралы жазғандарын оқығанда, олардың көбі әдебиетке келуіне бала кезден жаттап өскен батырлар жырының әсері ерекше болғандығын айтады. Бұл көркем сөз зергерлеріне ғана емес, басқа да өнер иелеріне тән құбылыс.
Тарих • 01 Ақпан, 2022
Елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде ақынның арғы атасы Тоқа-Күшікбайға тиесілі Кісе белбеу сақталған.