Тарих • 31 Қаңтар, 2022
Ахаңның мерейтойы өткен ғимарат
Бүгін − осыдан 99 жыл бұрын Орынбордың ең үлкен залы Свердлов атындағы клубта Ахмет Байтұрсынұлының елу жылдығы аталып өтілді. Ұлт ұстазының айтулы мерейтойын өткізуге сол кездегі Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы Сәкен Сейфуллин ұйытқы болды.
Әдебиет • 26 Қаңтар, 2022
Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Халқымыздың жарқын келешегі үшін өлшеусіз қызмет жасаған кемеңгердің айтулы мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілмек. Бүгінде ұлт ұстазының туған еліндегі Ахаң мен Жақаң атындағы әдеби музейде Алаш ардақтысының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласынан жарық көрген орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған «Қырық мысал» кітабы мен 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағының түпнұсқасы сақталған.
Өнер • 26 Қаңтар, 2022
Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, талантты ақын, белгілі айтыскер Есенқұл Жақыпбековтің домбырасы сақталған. Оны мұражайға «Ұлттық музейге сый тарту» аясында Есенқұл ағамыздың зайыбы Меңсұлу Нағашыбекова тапсырған.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Қостанай облысы Арқалық қалалық Дала өлкесі мұражайында Сары Қошқар батырдың кіреуке сауыты сақталған. Тарихи жәдігерді мұражайға 1973 жылы Амангелді мемориалдық музейінің директоры Жаңбыршы Жаңғабылов тапсырған.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Жаз шыға әжем екеуміз қырда мал бағып отырған Жанұзақ жездем мен Балжан апамның үйіне барамыз. Жанұзақ аға − совхоздағы озат шопандардың бірі, жыл сайын осы «Дүбірді» жайлайды. Бұл жердің ауасы таза, оты құнарлы, ұсақ мал тез оңалады. Біз балалар таң атқаннан кеш батқанға дейін ойын соғамыз, суға шомыламыз, арасында құм сағыз тереміз. Әсіресе маған жайлаудағы кешкі мезгіл қатты ұнайды.
Әдебиет • 13 Қаңтар, 2022
Елордадағы Ұлттық музейде көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің бірқатар дүниесі сақталған. Соның ішінде ақынның өзі киген былғары пиджагы мен галстугі бар.
Әдебиет • 12 Қаңтар, 2022
Әдебиетке өзгеше қолтаңбасымен келген әр қарымды қаламгердің өз жолы бар. Біреуі қазандай қайнаған өмірдің ортасынан келіп, жасынан жарқ етіп көрінсе, енді бірі – жоғары оқу орнында журналистика немесе филологияда оқып, теориялық білім алып, газет-журналда қызмет істеп, қаламы төселген тәжірибесімен келеді. Сондай-ақ басқа мамандықты игеріп, әдебиетіміздің қазынасын шұрайлы шығармаларымен байытқан суреткерлер де жетерлік. Соның ішінде инженер атанып, көркем сөздің көрігін қыздырған ақын-жазушылар бір қауым.
Елорда • 27 Желтоқсан, 2021
Арнайы сериямен 24 кітап жарық көрді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында «Абай академиясынан» жарыққа шыққан 24 кітаптың таныстырылымы өтті.
Театр • 27 Желтоқсан, 2021
Елордадағы «Астана Опера» театрында КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына 95 жыл толуына орай тамаша гала-опера кеші өтіп, онда өнері аңызға айналған тұлғаның өзі шырқаған туындыларымен бірге ұлттық және әлемдік опералардан ариялар, романстар мен аспаптық шығармалар орындалды.
Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Ұлттық бейнелеу өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп, биікке көтеріп жүрген жас талантты суретшілер жетерлік, соның бірі − Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, тарихи тақырыптарға жасқанбай қалам тербеп жүрген қылқалам шебері Бейбіт Бертаев.