Ғылым • 16 Тамыз, 2024
Профессор-оқытушы құрамның еңбекақысы өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын Алматыда жас ғалымдар және студенттермен кездесуінде жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдардың еңбекақысын көтеруді тапсырып, студенттермен бірге отандық білім беру жүйесінде педагог те басты тұлғаға айналуы тиіс екенін айтқан еді.
Жәдігер • 13 Тамыз, 2024
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінде талай құнды жәдігер тұр. Соның бірі – халық батыры Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісіндегі мыңбасы Ыбырай Әтембекұлының кісе белдігі.
Елорда • 07 Тамыз, 2024
Алдағы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі де жақындап қалды. Жалпақ әлем көз тігіп отырған ауқымды іс-шараға елорда қызу дайындық үстінде. Әсіресе шаһардың әр бөлігінде әсем безендірілген ұлттық нақышқа толы дүниелер көздің жауын алады. Соның бірі – Бейбарыс сұлтан көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған «Бүркітші» атты жаңа мұрал.
Жоба • 06 Тамыз, 2024
Назарбаев университетінде Германиядағы Дрезден технологиялық университеті мен Ганновердегі ғылыми-техникалық гидрология институты ғалымдарының қатысуымен өткен семинарда олар елорданың су ресурсын тұрақты басқару үшін іске асырған «TERESA» жобасының нәтижелерін таныстырды. Семинарға Дрезден технологиялық университеті «INOWAS» зерттеу тобының жетекшісі Стефан Каталин, Ғылыми-техникалық гидрология институтының бас директоры Лотар Фукс, осы институттың инженері Катарина Фукс, Дрезден технологиялық университетінің PhD Нұрлан Оңдас қатысты.
Тарих • 03 Тамыз, 2024
Әр суреттің тарихына үңілсек, мол қазынаға кенелеміз. Бұл суреттегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов пен тары шығымын арттыруда әлемдік рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің бейнесі көзімізге жылы ұшырайды.
Тарих • 01 Тамыз, 2024
Екідің ауылындағы ғұрыптық ескерткіш
Қазақ даласында сан ғасырдан бері мұрты бұзылмай сақталған ескерткіштер көп болмаса да аз-мұз кездеседі. Сондай көне құрылыстың бірі – Қостанай облысы Арқалық қаласына қарасты Екідің ауылындағы ғұрыптық ескерткіш.
Қоғам • 27 Шілде, 2024
Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің «Alumni NIS» қауымдастығы «Назарбаев қоры» жеке қорының қолдауымен игі дәстүрге айналған «Annual III Fundraising Ball: Celebrating Graduates!» қайырымдылық балы өтті. Бұған 150-ге жуық түлек қатысты.
Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024
Біздің ауыл адамдары біреуге қосымша ат қойып, айдар тағуға келгенде, алдына жан салмайды. Қиыннан қиыстырып қояды. Мәселен, ауылда Жақсылық есімді екі әкеміз болды. Жарықтық, екеуі де кеудесі орден-медальға толы озат малшы еді. Бір қызығы, біреуінің түсі – ақ, екіншісінікі – сары. Сол екеуін бір-бірінен шатастырмау үшін біреуін «Ақжал айғыр», екіншісін «Сары айғыр» деп айтатын. Бұл жанама есімді оларға құрдастары әзілдеп шығарды ма, білмедім, кейін ауыл арасына кең тарап кетті. Сондай-ақ «Серік» деген ат та көп кездесетін. Ауылда осы есімді иеленген бір топ ағамызды жұртшылық мінезіне, қызметіне, тегіне қарап, біріншісін Торғай Серік, екіншісін тәй-тәй Серік, үшіншісін Қойшының Серігі, төртіншісін «Кәпір Серік» деп атаушы еді.
Қоғам • 27 Шілде, 2024
Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасымен тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға арнап 153 үй салу жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының дені аяқталып, баспанасыз қалған тұрғындардың көбі жаңа үйлерге қоныстанды.
Қоғам • 26 Шілде, 2024
Осыдан бес жыл бұрын Maqsut Narikbayev University бастамасымен жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық пен этика қағидасын нығайту мақсатында академиялық адалдық лигасы (лига) құрылды. Содан бері аталған ұйым өзін әділ және транспарентті білім беру ортасын қалыптастырып, этикалық стандарттарды ілгерілеткен институт ретінде көрсетті. Қазір оның қызметінен барынша адал және ашық академиялық алаң құруға деген ұмтылысты байқаймыз.