Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
247 материал табылды

Өнер • 12 Қазан, 2021

Кәрітұма

Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің талантты өкілдерінің бірі, Қазақстан Суретшілер және Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Шыныбай Пірімбаевтың «Кәрітұма» деген туындысы бар. Осы еңбегінде автор туған ауылындағы, бір кездері айбыны асып, айдын болған тұманың бүгінде табаны суалып бара жатқан жан толқытарлық бейнесін, адамзаттың тағдырына айналған Арал теңізінің қайғысымен астастыра бейнелеген.

Әдебиет • 12 Қазан, 2021

Балалар әдебиетінің бірегейі

Бесінші сыныпта оқимын. Бір күні мұқабасы тозған кітаптан «Алтын киік» деген ертегіні оқыдым. Жып-жылы жазылған дүние. Жан-дүнием төңкеріліп түсті. Әжем айтатын аңыздардан бөлектеу. Атқан оғы мүлт кетпейтін Қарамерген аңшы туралы жазады. Ұзақты күн сарылып, қанжығасы бос қайтып келе жатқан аңшыға қалың орманның шетінен бір киік кездеседі.

Өнер • 12 Қазан, 2021

Бір актілі балет кеші

«Астана Балет» театрында бір актілі балет кеші өтіп, онда көрерменге хореограф Рикардо Амаранте қойған «A Fuego Lento» және Раймондо Ребектің «Өткенге саяхат» атты туындысы ұсынылды.

Әдебиет • 08 Қазан, 2021

«Ер Төстік» әдеби бай­қауының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет және спорт ми­нис­трлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітап­ханасы «Балалар әдебиеті» жы­лына орай жариялаған балалар мен жасөспірімдер шығармаларына арналған «Ер Төстік» атты әдеби бай­қау жеңімпаздарын марапаттады.

Өнер • 07 Қазан, 2021

Вокалшылар байқауы басталды

Елордада халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, халқымыздың күміс көмей әншісі Бибі­гүл Төлегенованың шығармашылығына 70 жыл толуы­на орай XI халықаралық вокалшылар байқауы басталды.

Өнер • 06 Қазан, 2021

Шуаққа шомылған туындылар

Таяуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында суретші Динара Қады­ро­ваның «Ұмай бесік жыры» атты жеке көр­месі ашылды.

Елорда • 04 Қазан, 2021

Ұлы ағартушыға бюст қойылды

Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен Ұстаздар күніне орай бас қаладағы №83 орта мектептің алдына ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш-бюст қойылды.

Театр • 01 Қазан, 2021

Үздік туындыларын тарту етеді

Алдағы 8, 9 және 10 қазан күндері «Астана Опера» сах­насында Қарағанды акаде­миялық музыкалық комедия театры елордалықтарға И.Кальманның «Сильва», И.Штраустың «Вальс ко­ролі» опе­ретталары мен А.Кол­­кер­дің «Труффаль­ди­но» мюзиклін ұсынады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 29 Қыркүйек, 2021

Қаламгерлер тағдырынан сыр шертеді

Ұлттық музейде Тә­уелсіздігіміздің 30 жыл­­дығы мен аса көр­некті ақын Мұ­қағали Мақатаевтың 90 жылдығын мерекелеу аясында қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан айтулы қаламгерлер мен ғалымдардың шығармашылығын насихаттауға ар­нал­ған «Рухты қалам қай­раткерлері» деген бір­неше бөлім­нен тұ­ра­тын маз­мұнды іс-ша­ра ұйымдас­ты­рыл­ды.

Өнер • 27 Қыркүйек, 2021

Тұрсынғазының ескірмейтін әндері

Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының Халық әні бөлімінің жаңа маусымы белгілі әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтің туғанына жетпіс жыл толуына арналған «Сәби болғым келеді» атты ән кешімен ашылды.