• 16 Қаңтар, 2019
Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды
Қарағанды облысында медицина кадрларына деген тапшылық мәселесі бірте-бірте сәтімен шешіліп келеді. Бұған жергілікті әкімдіктің облысқа келіп жұмыс істеуге құлық танытқан жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыра бастауы себеп болды деуге берік негіз бар.
• 16 Қаңтар, 2019
Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді
Жаңа мыңжылдық күн өткен сайын нағыз цифрлы әлемге айналып барады. Бүгінде үйде отырып ұшаққа, пойызға билет аласыз, компьютер, түрлі гаджет арқылы бар қажетіңізді, үстіңізге ілер киімнен бастап ішер асыңызға, керегіңіздің бәріне тапсырыс бересіз. Яғни, бір қолыңызды екі ете алмай жатқанда «ләппайлап» қызмет ұсынатын осы цифрлы жүйенің игілігі қоғамдық өмірге дендеп енді. Енді қаңтардан бастап еліміздің барлық емдеу мекемелерінде қағазсыз жүйе іске қосылды.
• 16 Қаңтар, 2019
Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері
Елбасымыз жыл сайын халықтың жай-күйі мен сана-сезіміне, қажеттілігіне қарап, көпшіліктің көкейіндегі мәселені дөп басып, өз Жолдауын арнайды. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы әрбір қазақстандықтың жүрегінен жол тауып, үлкенге ізетті ой, кішіге бағдарлы бағыт береді.
• 16 Қаңтар, 2019
Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
• 16 Қаңтар, 2019
Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, 2018 жылы жоғары сұранысқа ие 15 мыңнан астам мемлекеттік «әдемі» нөмірлер сатылған.
• 16 Қаңтар, 2019
Электронды қызмет – заманауи міндет
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Электронды үкімет» және мемлекеттік қызметтер көрсетуді дамыту мәселесі қаралды. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтердің 2020 жылы кемінде 90 пайызын электронды форматқа көшіру туралы тапсырма берген болатын.
• 16 Қаңтар, 2019
Қаншама ұзақ ғұмыр кешкенімен өмірдің соңына қарай қамшының сабындай болып шолтаң ете қалатын, көрген түстей жалт етіп өте шығатын жарық дүниені ата-бабаларымыз «жалған» деген бір-ақ ауыз сөзбен түйіндепті. Күні кеше ғана ортамызда жүрген Есенқұл ақын айтқандай «Біздермен жерді бір басқан, сүйгізген, сүйген, мұңдасқан» Абай Сәдуақасұлының өмірден өткенін ойлағанда бұл тұжырымның ақиқаттығына көзің тағы бір жете түсетіндей...
• 16 Қаңтар, 2019
Қазақстанда баспасөздің міндеті
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №407 санында жарияланған Смағұл Сәдуақасұлының бұл мақаласы сол кездегі газеттің шыққанына 4 жыл толуына байланысты есептік, бағыт-бағдарлық сипатта жазылыпты. Онда газеттегі сыни мақалалар жөнінде де айта келіп, «Мағжанның өлеңдерін басуымыз керек пе, жоқ па?» деген сауалға да қисынды жауап бере кетеді.
• 16 Қаңтар, 2019
Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?
Ұлттық банк өткен жылдың соңында 2018 жылғы IV тоқсан мен 2020 жылғы II тоқсан аралығындағы инфляцияға болжам жасап, Мемлекет басшысының инфляцияны біртіндеп азайту туралы тапсырмасы аясында 2018 жылы инфляцияны 5-7 пайыз аралығында болады деп белгіледі. Жыл қорытындысы бойынша ұлттық валютаның құнсыздануы 5,3 пайызды құрады. Ал 2019 жылы инфляцияны Ұлттық банк 4-6 пайыз аралығында сақтаймыз деп жоспарлап отыр.