Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

19 Қараша, 2018

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігі

Ел іші қолы қимылдағанның аузы да қимылдайтындығын анық аңғарып отыр. Дәл қазір бойындағы күш-қайратын аямай жұмсап, белгілі бір кәсіпті игерсем дейтіндердің айы оңынан туып тұрғандығын айрықша қадап айтқан жөн. Игіліктің үйірілуіне Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы да септігін тигізуде. 

16 Қараша, 2018

Асыл болуға асыққандар

Аңсап жеткен атажұрттың топырағына табаны тиген сәтте-ақ тілмен айтып жеткізгісіз сезімнің құшағына бөленген. Сол әсерден көпке дейін арыла алмады. Тіршіліктің қым-қуыт шаруасы да естен шыққан. Өң мен түстің арасында жүргендей болған ағайын кейін өмір ағысына ілесіп, ата қонысқа қазығын қағып, жерсініп кетті.   

16 Қараша, 2018

«Хат қоржын»

16 Қараша, 2018

Өңірлер ынтымағы нарықты кеңейтеді

Амандық Баталов бастаған Алматы облысының делегациясы Қостанай облысында болды. Делегация алдымен Қостанайдың соңғы жылдардағы жетістік­тері – Индустриялық аймақты, «Баян сұлу» кондитер фабрикасының жаңғыртылған цехтарын, «СарыарқаАвтоПром» машина жасау зауытын және бірнеше спорт нысанын аралап көрді.  

15 Қараша, 2018

Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара іс-қимылын оң сипаттады

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған үндеуінде атқарушы билік органдарының ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара іс-қимылын оң сипаттады, деп хабарлайды ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі.

15 Қараша, 2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болды, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.

15 Қараша, 2018

Алтай аймағымен алыс-беріс нығаяды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Петропавл қаласында өткен ХV өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында облыс әкімі Даниал Ахметов Ресейдің Алтай Республикасының басшысы Александр Бердниковпен екі аймақ арасында бірқатар саладағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды.    

14 Қараша, 2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетініңаумақтық бөлімшелері Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өткізді.

13 Қараша, 2018

Маңғыстау мұражайы мектеп оқушылары үшін жылжымалы көрме ұйымдастыруда

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектеп оқушылары арасына жылжымалы көрме ұйымдастыруды бастады.

13 Қараша, 2018

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, подполковник Ерлан Жортанов әскери бақылаушы ретінде қауіпсіздік және бейбітшілік бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер аясында өзінің борышын орындай отырып, Батыс Сахарада Референдум өткізу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясынан оралды.