Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Бокс • 01 Маусым, 2018

Біржан Жақып, әлем чемпионы: Мен сіздерден кешірім сұраймын

Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпия ойындарына барған жалғыз бокс­шы. Шымкенттік оғлан 2005 жылы 23 жасында Мьянмада өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Осылайша ел құрамасынан ойып тұрып орын алды. Чикагода өткен әлем чемпионатында қытайлық Зоу Шимин жолын кесті.

Аймақтар • 01 Маусым, 2018

Алматыда «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі саяси қуғын-сүргін қасіретінің көрінісі» атты жиын өтті

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ғылыми кеңесінің аясында «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі саяси қуғын-сүргін қасіретінің көрінісі» тақырыбында жиын өтті. Жиынға әдебиеттанушы, өнертанушы мамандар мен қаламгерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі зұлмат жылдар зардабының көрінісі туралы ғылыми ой-толғамдарымен бөлісті.  

Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Бекболат Тілеухан: Қазіргі қазақ ғасыр көшінен қалмауы керек

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен сұхбат. 

Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Тақсыретті тарихтың мұзы мен сызы

Өткен ғасырдың сексенін­ші жылдарының бас шені-ау, шамасы. Баспасөз үйі шаңыра­ғы­ның астында жұмыс істейтін журналистер қауымы Балға­бек Қыдырбекұлының «Ала­тау» романы жарық көру қар­­саңын­дағы шырғалаңды өзара сыбырласып айтатын.

Аймақтар • 01 Маусым, 2018

Қызылорда облысында «Әлеу­мет­тік балабақша» ашылды

Бүгінде ел ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жағдайы болмай қиналып жүрген аналар көбейіп барады. Ұшпаққа жеткізеді деген ері маскүнем болып, бала-шағасын үйінен қуып шығып жатқан оқиғалар көп. Жолдасы қайтыс болып, шиеттей балаларымен күн көре алмай көшеде қаңғырып қалған, біреудің мал қорасын паналап, ішерге ас таппай отырған аналар жайлы әлеуметтік желіге жиі жүктеліп жүр. 

Медицина • 01 Маусым, 2018

Аналар алаңсыз, сәбилер қамсыз болса...

Қазіргі заманда жас аналар мен сәбилердің жағдайы бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым тәуір екені белгілі. Кезінде көп айтылған салмақ жетіспеу, бойы өспей қалу сияқты факторлар қазір азайған. 

Медицина • 01 Маусым, 2018

Миграция балдәуренді ұрламауы тиіс

Соңғы жылдары соғыс өрті шарпыған, жұмыссыздық жайлаған кейбір елдерден басқа жаққа бас сауғалаған тұрғындар туралы жиі естиміз. Әсіресе Еуропаға босқын болып ауған сириялықтардың, соның ішінде балалық балдәуренін қатерлі сапарға айырбастап, ажал құшып жатқан сәбилердің болуы да жүректі сыздатады. Тіпті әлемдік баспасөзді кезіп кеткен 3 жасар сириялық босқын баланың жағалауда етпетінен табылған бейнесі осы бір қанқұйлы қақтығыстар қасіретін айыптау нышанына айналып кеткені де шындық. 

Медицина • 01 Маусым, 2018

Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі

Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұр­пақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның па­ры­зы мен қарызы десек, еш қа­те­леспейміз. Осыны ел бол­ғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтып қана қой­май, қолдан келген барлық мүм­кін­дік­ті жасап келеді. Мемлекет бас­шысы өзінің «Ұлы дала ұла­­­­ғат­тары» атты кітабында ұр­­пақ­­қа қызмет көрсету сөз емес, істе басым тұру керектігін тар­қата келіп: «Жастар біздің бола­шағымыз» дегенді жиі айтып жүреміз. Алайда айту бар да, оның мағынасына терең бойлау тағы бар. Бір қарағанда, бәрі де түсінікті. Әйтсе де, солай болуы үшін жұмыс жасаудың мәні тіптен бөлек», деп қадап тұрып айтқаны бар. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы үдеден шығу жолында тиісті жұмыстар атқарып келеді. 

Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Судьялардың сөйлеу мәдениеті артады

Елбасының мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен диалог жүргізуді үйренуі, ел тұрғындарымен түсінікті тілде сөйлесуді, жүргізіліп жатқан реформалардың мән-маңызы мен нәтижесін түсіндіруді үйренуі тиіс деген тапсырмасына сай кеше Жоғарғы сотта «Сот риторикасы: оқыту және тәжірибе мәселелері» атты халықаралық конференция алғаш рет өтті. Және бұл конференция Интернетте онлайн-режімде көрсетілді.

Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды

Ақтөбе тау түгілі, төбесі жоқ дер­ліктей қазақтың кең жазық даласында орналасқан өңір­лер­дің бірі. Мұндағы биік шоқының бірі Ақтөбе қаласының іргесінде. Оны жергілікті тұрғын­дар «Түйетөбе» деп атап кетіпті. Отызыншы жыл­дардағы зұлматтың жаң­ғырығы дәл осы тұстан елес беріп тұрғандай. Қолдан жасалған қиянат кезінде Ақтөбе өңірінде 8000-дай адам саяси қуғын-сүргінге тап болып, олардың 2000-нан астамы ату жазасына кесілген екен. Олардың мүрдесі осы Түйетөбе сайында жатыр. 

Яндекс.Метрика