Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61214 материал табылды

15 Қараша, 2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болды, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.

15 Қараша, 2018

Алтай аймағымен алыс-беріс нығаяды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Петропавл қаласында өткен ХV өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында облыс әкімі Даниал Ахметов Ресейдің Алтай Республикасының басшысы Александр Бердниковпен екі аймақ арасында бірқатар саладағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды.    

Ақтөбе • 15 Қараша, 2018

Елбасы кітапханасының көшпелі қоры көрмесі – Ақтөбеде

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбековтің Ақтөбеге сапары облыстық тарихи-өлкетану мұражайының пайдалануға берілуімен тұспа-тұс келді. Сондай-ақ жаңа музейде «Н.Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Президент • 15 Қараша, 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар жылын жариялау туралы Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Жастар жылын жариялау туралы

14 Қараша, 2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетініңаумақтық бөлімшелері Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Әдебиет • 14 Қараша, 2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

Ақтөбеде Президент кеңсесінің бастығы - «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездесті.

13 Қараша, 2018

Маңғыстау мұражайы мектеп оқушылары үшін жылжымалы көрме ұйымдастыруда

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектеп оқушылары арасына жылжымалы көрме ұйымдастыруды бастады.

13 Қараша, 2018

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, подполковник Ерлан Жортанов әскери бақылаушы ретінде қауіпсіздік және бейбітшілік бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер аясында өзінің борышын орындай отырып, Батыс Сахарада Референдум өткізу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясынан оралды.

13 Қараша, 2018

Үкімет сағатында өрт мәселесі қаралды

Мәжілісте палата Төрағасының орынбасары Владимир Божконың төрағалығымен өткен Үкімет сағаты еліміздегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі мен шараларына арналды. Депутаттар алдында тақырып бойынша баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тілсіз жаудың алдын алу мен салдарын жоюға байланысты ақпарат берді.

13 Қараша, 2018

Мұқағалидың полиптих портреті

Белгілі қылқалам шебері Нұрболат Ысқақовтың қолтаңбасынан туған порт­реттік бейнелер адам бойындағы сезім сәулелері арқылы баяндала­ды. Суретшінің бұл саладағы алғашқы көлемді еңбегінің бірі – Мұқағали Мақа­таевтың түрлі кезеңдеріндегі портреттері.  

Яндекс.Метрика