Білім • 30 Мамыр, 2018
Тәрбие: Ойнаған бала алғыр болады
Бүгінгі жедел өзгерістер заманында балаға берілетін оқу жүктемесі жүйкесіне ауырлық түсіріп отыр. Осыны аңғарған шетелдік педагог мамандар сабақ уақытында балаға қажет дене қозғалысының қимыл-әдістерін ұсынуда.
Тарих • 30 Мамыр, 2018
Замана запыраны: Бастан бір өткен қасірет
1930 жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы» қаулы қабылдады. 1931 жылы 19 желтоқсанда шешім шығарылып, «Гигант» совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды. Оны қысқаша «Қарлаг ОГПУ» деп атаған.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Баяғыда-а, бала күнімізде біздің үй шөлейт даланың бір түкпіріндегі Бақырша деген ауылға көшіп барды. Бара сала абыр-сабыр боп, жүк түсіріп жүргенде айналаға көз салып қарауға да мұршамыз болмапты.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Оразадағы ой: Әли хазіреттің жауабы
Пайғамбардың (с.ғ.с) інісі әрі жалғыз қызы Бәтиманың жары, ислам дүниесінің төртінші халифасы Әли ибн Тәліп хазіретіге мұсылманшылыққа бет бұрмай қасарысқан бір пенде келіп: «Ей, Әли, сендер бұл өмір уақытша сынақ деп жүрсіңдер, о дүниеде есеп-қисапқа тартыламыз деп қорқасыңдар, таңнан тұрып намаз оқып, адалдықпен өмір сүреміз деп қиналасыңдар. Осы сендер сеніп жүрген о дүниедегі есеп-қисап болмай қалса не болдыңдар, өкінесіңдер-ау?» дейді.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
Алматыда «Елдігіміз – бірлікте» көркемсөз байқауы өтті
Рухани жаңғыру – ұлттық бітімімізді, болмысымызды сақтаудың басты көзі. Күн сайын өзгеріп жатқан әлемде ұлттық құндылығымызды сақтаудың жалғыз жолы осы рухани жаңғыру екеніне еш күмән жоқ.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Әлемге әйгілі ұлы композитор Фредерик Шопен Францияда көз жұмар алдында «Жүрегім Польшаны сағынатын. Мен Испания, Англия, Францияда болған кезімде Польшаны, Варшаваны жүрегім іздеп тұрды. Менің мәйітім осында қалғанымен, жүрегімді Польшаға жеткізіңдер!» деп өсиет қалдырыпты.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Роллан Сейсенбаев. Тәуекел (Эссе)
Көк сарайдың қақ төрінде бойын тік ұстап қасқайып отырған қапсағай денелі, кең маңдайы жарқырап ашық жүзі ойға шомған, Ыдырыс ад-Дәулі Рустани Сұлтан алдына келіп жығылған екі жаушыға назар да салған жоқ. Ол көптен бері өз ойымен өзі болып үнсіз қалған. Қабылдауында отырған уәзірлері мен сарай қызметкерлері томсырайып көздерін сарайдың еденінен алмай бастарын төмен салып кетіпті.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Елордамыздың тарихи Ақмола атауының шығу төңірегіндегі ойлардың түрлі нұсқалары болуы орынды. Өйткені қазақтың сайын даласының әр төбесіне атау қоюы сол бетте мөр басылып, қағаз бетінде құжатталмаса да, ауыздан ауызға тарап, мәңгілікке орнап қалады. Десек те кейінгі кезде кейбір нұсқалардың өте қисынсыз, еш негізсіз долбармен айтыла салуына қарсымын.
Тарих • 30 Мамыр, 2018
Жазылған жайдың жалғасы: Бір тәубе, бір өкініш
Жарты ғасырдан астам – кеңестік кезде (1958) жарыққа шығып – қазақтың рухани кәдесіне жараған «Мәдениет және тұрмыс» (кейін атауы «Парасат» боп өзгеріп, осы кезде тиражы бір мыңға жетер-жетпес, шығар-шықпас жаны бар) журналында қызмет еткен жылдарда, әрі аталмыш басылым Мәдениет министрлігінің органы болғандықтан, өзгелерден гөрі әдебиет, өнер, мәдениет өкілдерімен жақындау боп, тым етене демесек те, бір-бірімізді бір кісідей біліп, сыйласып жүрген шақтар есте. Солардың бірі – өнер жолы Мұхтар Әуезов атындағы театрда басталып, сонда тәмамдалған дарынды актер, марқұм Әнуар Боранбаев.
Әлем • 30 Мамыр, 2018
Киевте ресейлік журналисті атып кетті
Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып кетті. Бұл турасында Украинаның ІІМ алқа мүшесі, жоғарғы Рада депутаты Антон Геращенко өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. Оның мәлімдеуінше журналисті пәтерінің алдында атып кеткен. Жаралы журналист жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.