Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

25 Қыркүйек, 2018

Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жалақы жүйесінің нәтижесі жарияланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жалақы бойынша жаңа жүйенің нәтижесін жариялады. Аталған жүйе Әділет министрлігі, Астана қаласы және Маңғыстау облыстық әкімдігінде пилоттық режимде қолға алынған болатын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

25 Қыркүйек, 2018

Туу туралы куәлікке Telegram арқылы тапсырыс беруге болады

Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. 

25 Қыркүйек, 2018

Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңестегі төрағалық Тәжікстанға өтті

  БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің арнайы кездесуі өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

24 Қыркүйек, 2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

2019 жылы Қазақстанда әуе билеттерінің құны арзандауы мүмкін, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі. 

24 Қыркүйек, 2018

Грузия президенттігіне үміткерлер анықталды

Грузияда президенттікке үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды. 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген 46 үміткерден 25-і ресми түрде тіркелді. Бұл жөнінде жексенбі күні брифингте Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-спикері Анна Микеладзе мәлімдеді.

23 Қыркүйек, 2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

  Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің аға сержанттары Сәрсенбай Нұрмағамбетов пен Ыбырай Рақымғалиев  жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды.

23 Қыркүйек, 2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

  Облыс  орталығындағы Достық үйінде жергілікті Ассамблеяның этно-мәдени бірлестіктері Евгениий Чолиймен кездесуге жиналды. Кездесу барысында  өңірдегі «Тарас Шевченко атындағы Украин этно-мәдени бірлестігінің»  құрылу, қалыптасуы және бүгінгі күнгі қызметі жайлы деректі фильм көрсетілді. Бірлестік  биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалуда. Кездесуде украиналық қонаққа  домбыра сыйлады.

23 Қыркүйек, 2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

«Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Балалар Евровидениесі» байқауына республикалық іріктеу финалы аяқталды. Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайтын болды.