Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 18 Мамыр, 2018

«Даму» Қоры мен Еуразия даму банкі әріптестік келісіміне қол қойды

Астана экономикалық форумының аясында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Ақтөбенің орталық базарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталды

Мемлекет басшысының нарық пен базардағы тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы орталық базардың қызметімен танысты.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Маңғыстауда сауда нысандарына жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Тексеру қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ТЖ департаментінде департамент бастығы Қ. Базарбаев пен бастықтың орынбасары М. Мұхановтың төрағалығымен  «Облыс аймағында орналасқан сауда нысандарының өртке қарсы жағдайы және тексеру нәтижесі» тақырыбымен брифинг өтті.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Қостанайлықтар актер Әнуар Боранбаевты еске алды

Қостанай қаласындағы  Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханада жерлестері Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевты еске алу кешіне жиналды. Ол туып өскен Амангелді ауданының 90 жылдығына арналған аудандық кітапхананың Қостанайдағы күндеріне орай Әнуар Боранбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Онда актердің жеке заттары, ол туралы жазылған естелік кітаптар, спектакльдер  ойнағанда тұтынған заттары, фотосуреттері қойылған.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Жамбыл музейінде жаңа жоба

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық сана мәселесі туралы кеңінен айтылғаны белгілі. Президент мақаласындағы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде жәдігерлерге арналып QR-код орнатылды. 

Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Ақмола облысында жұмыстан шығарылғандар қатары азаюда

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткен қызметкерлер саны айтарлықтай азайды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов осы жылдың бірінші тоқсанын қорытындылаған брифинг барысында осындай мәліметті көлденең тартты. 

Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

«Бесоба» тұрғын үй кешеніне қатысы барларға сот қорытынды шешім шығарды

Қарағандыда осыдан алты жыл бұрын қопарыла құлап, үйіндіге айналған «Бесоба» тұрғын үй кешеніне қатысы бар құрылыс компаниялары мен лауазымды тұлғаларға қатысты сот қорытынды шешім шығарды. Астана және Қарағанды қалаларындағы бес құрылыс компаниясы мен сол кезде жауапты қызметте болған 13 адам мемлекетке 598 миллион теңгеге жуық қаражатты қайтаруы тиіс. 

Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Семейде «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар сайысы өтті

Қаладағы Мәдениет сарайында өткен «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар арасындағы сайыс Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдығына арналды. Сайыста 18 жастан 40 жас аралығындағы сегіз азамат өздерінің «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт екендіктерін дәлелдеп, сынға түсті. 

Өнер • 18 Мамыр, 2018

Қостанайда жас суретші-портретшілердің облыстық байқауы өтті

Қостанайда жас суретші-портретшілердің облыстық байқауы биыл үшінші рет өтті. Жыл сайын бедел алып келе жатқан бұл шара Қостанай өңіріне белгілі суретші-плакатшы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, облыстық «Меценаттар клубы» сыйлығының лауреаты Юрий Новоселовтың бастамасымен ұйымдастырылды. Жақсы істі облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Қазақстан суретшілер одағының облыстық филиалы да қолдады. Қарт суретші өзінің атаулы сыйлығын тағайындап, оған тек 14 пен 35 жас аралығындағы жастар ғана қатыса алады деген шартын да бекітті.  

Кино • 18 Мамыр, 2018

«Айка» фильмі Канн кинофестиваліне қатысуда

Бес бірдей елдің: Ресей, Қазақстан, Германия, Польша мен Қытайдың киноөнімі болып табылатын «Айка» фильмі 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің негізгі байқауына қатысуда. Аталмыш картинада басты рөлді Самал Еслямова сомдайды. Ал продюсерлер қатарында Eurasia Film Production кинокомпаниясының негізін қалаған Гүлнара Сәрсенова да бар. Бұл аз десеңіз, фильм режиссері – Сергей Дворцевойдың да кіндік қаны Оңтүстік Қазақстанда тамған.  

Яндекс.Метрика