Аймақтар • 15 Мамыр, 2018
Диқаншылық. Тегін кеңес керек пе, мархабат
Диқаншылықпен айналысатындардың екінің бірі агроном еместігі белгілі. Бірақ агроталаптарды білмеймін, мына шаруа маған қол емес дейтін уақыт таңдауы және жоқ. Қызылорда облысы ақ күріштің отаны саналады. Күріш дегеніңіз, мехнаты көп жұмыс. Бабын таппасаң пайдаға шыға алмайсың.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Таяуда тараздық белгілі кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, академик Сейітхан Жошыбаев ұйымдастырып, басқарып отырған «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ұжымы өзінің 10 жылдығын үлкен жетістіктермен атап өтті.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Қазақ тіл білімінің аға буын өкілдерінен бір керемет қасиетті көруге болады. Ол оқымыстыларымыздың сан қырлылығы, ғылыми-зерттеулердегі жан-жақтылығы дер едік. Міне, сондай ғылыми шығармашылығының ауқымы кең, әр алуан салаларға тармақталған, атап айтқанда, қазақ тілі білімінің тарихы, графика, орфография мәселелерін, сондай-ақ қазақ тілінің морфология және сөзжасам салаларын зерттеумен қатар, қазақ тілін оқыту әдістемесін де зерделеп, елеулі табыстарға қол жеткізген, бүгінде тоқсан жастың төріне шыққан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Педагогикалық ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызының еңбегін ерекше айтуға болады.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Музей ісін үйлестіретін халықаралық жұмыс тобы құрылды
Халықаралық Түркі академиясында түркі халықтарының музей заттарын сақтау, қорғау және пайдалану бойынша жиын өтті. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Әзербайжан елдерінің музей басшылары, музей ісі бойынша ресми өкілдері және Қазақстандағы Венгрия елшілігінің, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-дың өкілдері келді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
«100 жаңа есім». Болашағы баянды бірегей жоба
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде, әсіресе «100 жаңа есім» жобасының алар орны айрықша.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Жарқын Шәкәрім: Халықтық музыкаға қамқорлық қажет
Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі музыка зерттеушісі, күйші.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2018
Ақтөбеде облыс әкімінің бастамасымен халықаралық форум өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы бүгінде әлемдік сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың назарын аударып отыр. Әлемдегі әр ел қордаланып қалған әлеуметтік түйіндерді шешу жолдарын дербес қарастыруы тиіс дей тұрсақ та, қазіргі кезде бұл жайт халықаралық сипат ала бастағаны ешқандай талас туғызбайды.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Өзен жағалағанның өзегі талмайды
«Судың басында отырғандар бал, аяғында отырғандар у ішеді» деген сөз бар. Бұл енді ағын судан әбден қиналған диқандардың шығарған мәтелі болуы керек. Өзінде ағыл-тегіл ақтарылған тау өзендері көп болмағаннан кейін Қазақстан сырттан келетін судың шекаралық аймақта орналасқан елдер арасында тең бөлінуіне әбден мұқтаж.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2018
Ақмола облысында бір жылда 117 жоба іске асырылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Ақмола облысында бір жыл ішінде 117 жоба іске асырылды. Жобалардың жалпы құны 10,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мәлімдеді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Суармалы жер шаруаның ырысын арттырады
Оңтүстік өңірлерде географиялық орналасу ерекшеліктеріне қарай мелиорациялау мәселесі өзекті. Осыған байланысты Шымкентте Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарының өкілдері қатысқан жиын өтті.