Бағдарламалар • 14 Мамыр, 2018
Мамандарсыз цифрландыру үдерістері мардымсыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында экономиканың барлық саласында озық технологияларды енгізіп, цифрландыру ісін жүргізуді міндет етіп қойды. Ол білікті мамандар даярлаудың өзектілігін бірден алға тосады. Осыған орай еліміздегі білім ордаларының атқарар ісі, мақсат-міндеті де жеңіл болмайды. Бұл жөнінде біздің тілшіміз Рудный индустриялық институтының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Абдрахман НАЙЗАБЕКОВПЕН әңгімелескен еді.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Мұғалімдерге арналған ұлттық біліктілік тестілеуге даярлық жобасы (соңы)
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Ел игілігіне үлес қосқан партиялық жобалар бар
Елбасы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің өткен жылдың қараша айындағы кеңейтілген отырысында партия қызметін жаңғыртуға қатысты нақты тапсырмалар берген-ді. Осыған орай партия цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған тың бастамаларға қатысты жобаларды қолға алған.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Ағаш өнеркәсібі өрге баспай тұр
Әлемде ағаш өнімдеріне сұраныс жоғары. Елімізде де дәл солай. Бірақ біз сол сұранысты қаншалықты өтей алып отырмыз? «Жиенқұлға келгенде шықпайды үнім» демекші, бұл сұрақ алдымызды кес-кестегенде үніміздің құмығып шығатыны рас. Оның да өзіндік себептері бар.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Жаһандық мәселелер елорда төрінде талқыланады
Жаһандық мәселелерді талқылауға, шешімін іздеуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы − Астана экономикалық форумы аясында әлемдік көшбасшылар мен ойшылдар, саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, іскерлік орта өкілдері бас қосады. Биыл жаһандық мәселелерді қамтитын 11 тақырып ортаға салынады. Оның ішінде экономикалық, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларда, өндіріс пен тұтынудағы жылдам және түбегейлі өзгерістер, сонымен қатар көз алдымызда болып жатқан технологиялық өзгерістер мәселесі де кеңінен сөз болмақ.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Астанада азық-түліктен тапшылық болмайды
Астана елорда болғалы халқының саны 5 есе көбейіп, 1 миллионнан асты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сүйенсек, күн сайын елорданың халқы 635 мың тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін тұтынады. Оның 22 пайызы қалада өндірілсе, 35 пайызы шаһармен іргелес жатқан азық-түлік белдеуінің үлесінде. Қалған 43 пайызы осы белдеуден тыс өңірлерден жеткізіледі. Қарап отырсақ, 1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамту оп-оңай жұмыс емес екен.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2018
Қостанайлық полицейлер үздік көкпаршылардың қатарынан көрінді
Таран ауданында «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының қолдауымен өткен көкпарға 150 көкпаршы қатысты. Облыстық ішкі істер департаментінің командасындағы жігіттер епті де мықты көкпаршы екенін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2018
Таразда жасанды жүрек салу операциясы өтті
Тараздық дәрігерлер алғаш рет жүректің сол жағын алмастыру операциясын жасады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2018
Павлодарлық азамат Баянауылдан Майқайыңға жаяу жүгіріп жетті
Аудан орталығы Баянауыл мен Майқайың кентінің арасы 85 шақырым. Кенттен таңғы сағат 5 те жаяу жүгіріп шыққан Олжас Кәкімжанов Баянауылға кешкі сағат 4 те жетті.