Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019

Төрт облысқа арналған ауа-райы болжамы жарияланды

Қаңтар айының соңғы күндерінде ауа-райында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бұл туралы Казгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

Таным • 29 Қаңтар, 2019

Жүйрік жылқының сипаты

Жүйрік жылқының сипаты 4-ке бөлінеді: түбір, ішкі, сыртқы және құпия. Бұл жолы түбір сипаты туралы әңгімелеп береміз. Жылқының түбір сипаты – табиғи жаратылысын тану ілімі. Яғни, жылқының табиғи бейімділігін тап басу арқылы қолданыс қажеттілігін анықтау.

Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Түркістанда жайылымдық жерлерді цифрландыруда тапсырма орындалмай отыр

Түркістан облысындағы 707,2 мың гектар егістік жерлердің электрондық картасын цифрландыру жоспарланған болса, орындалғаны 687,8 мың гектар болып, 97,3%-ке жетіп отыр.

Үкімет • 29 Қаңтар, 2019

Бақытжан Сағынтаев КИМЭП президенті Чан Йан Бэнгпен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының президенті Чан Йан Бэнгпен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 29 Қаңтар, 2019

Ғалымдар обырдан айығуға көмектесетін тауық баптап, жұмыртқа шығара бастады

Эдинбург университетінің зерттеушілері  артритке, сондай-ақ рак ауруларына қарсы күресуге қабілетті ақуыздары бар тауық пен жұмыртқа шығара бастады. Бұл туралы BBC News ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Арман Оразалиев: Жүйелі түрде барлық мәселемен айналысуға болады 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екенін айта келіп, «Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр» деген болатын. Ал Жолдау жүктеген міндеттер өңірлерде қандай деңгейде жүзеге асырылуда? Халықты алаңдатқан мәселелердің оң нәтижесі қаншалықты? Осы орайда біз Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевпен сұхбаттасқан едік.

Спорт • 29 Қаңтар, 2019

Ақтауда волейболдан біріншілік өтіп жатыр

Ақтауда алғаш рет «Ақтау волейбол клубы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ерлер командалары арасында волейболдан ашық біріншілік өтуде. Өткен жылдың қазан айынан басталған жарыс осы жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталады.  Жарыс екі жас категориясы - 40 жасқа дейін және 40 жас және одан жоғары ардагерлер командасы арасында өтеді. Бірінші айналымда 10 команда өнер көрсетті, ал екінші санат бойынша 5 команда өтінім берген. Бірінші айналым қорытындысы бойынша «ВК Ақтау» командасы шағын Кубок иегері атанды. Біріншіліктің жеңімпазы екі айналым қорытындысы бойынша анықталады.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019

Алматы облысының Ақдала ауылында Мәдениет үйі ашылды

Алматы облысының Балқаш ауданындағы Ақдала ауылында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінің ашылуы өтті.

Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Оралда бомба жайлы жалған хабар таратқан әйел тұтқындалды

Орал қаласында «102» нөміріне қоңырау шалып, Абай полиция бөлімінде бомба жарылғалы жатыр деп хабарлаған әйел тұтқындалды.