Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Жекпе-жек • 05 Мамыр, 2018

Мамырдағы «майдан»

Мамыр айында елімізде және шет мемлекеттерде ережесіз жекпе-жектен бірқатар дүбірлі дода ұйымдастырылады. Сол байрақты бәсекелер барысында Қазақстанның ең мықты спортшылары өнер көрсетіп, әлемдік рейтингте жоғарылау үшін барынша күш салады. 

Футбол • 05 Мамыр, 2018

Кубокқа Мадрид пен Марсель таласады

Еуропа Лигасының финалына шыққан қос команданың есімі белгілі. Өз алаңында «Арсеналды» жеңген «Атлетико» Мадрид пен «Зальцбургтен» басым болған «Олимпик» Марсель 16 мамыр күні Лион қаласында өтетін финалда кездеседі. 

Әлем • 05 Мамыр, 2018

Саңлақ Салах

Әлемді аузына қаратқан футбол тойы – Чемпиондар лигасы аяқталуға жақын. 2 мамырда жартылай финалға жолдама алған төрт команданың соңғы жұбы «Ливерпуль» мен «Рома» арасында шешуші ойынның нүктесі қойылды. Алғашқы кездесуде 5:2 есебімен жеңіске жеткен ағылшындық клуб бұл жолы да жаңылған жоқ. Қорытынды есеп 7:6. Құдай бұйырса, айдың соңына таман финалға жолдама алған қос команда «Реал» мен «Ливерпуль» айқасына куә боламыз. 

Өнер • 05 Мамыр, 2018

Ел мен елді табыстыратын алаң

Алаш жұртының асқақ айбары, ару Астанамыздың 20 жылдығы тойланар жылдың мерекелік тартулары сан алуан нақышқа ие. Мәселен, Астананың туған күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін маусым мен қыркүйекте 175 мәдени-спорттық іс-шара өтеді деп күтілуде. Осылардың ішінде Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің алар орны айрықша болмақ. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлынан біз осынау айтулы театр мерекесінің ерекшелігі мен маңызы туралы айтып беруін сұраған едік. 

Кино • 05 Мамыр, 2018

Мәскеудегі Мемлекеттік фильмдер қорынан белгілі режиссер Мәжит Бегалиннің алғашқы фильмі табылды

Қазақ киносы классиктерінің бірі, «Шоқан Уәлиханов», «Тұлпардың ізі», «Ел басына күн туса», «Мәншүк туралы жыр», «Отқа оранған Орал» фильмдерінің режиссері Мә­жит Бегалиннің 1955 жылы Алматы көркемсуретті және хроникалық фильмдер киностудиясын­да түсірген «Бұл Шұғылада болған еді» атты ең алғашқы көркемсуретті фи­льмімен, шынын айту керек, осы күнге дейін көрермен де, тіпті мамандардың өздері де таныс емес-ті. Оның басты себебі – елімізде ол фильмнің бірде-бір көшірмесі сақталмаған. Ал жалғыз көшірмесі Мәскеудегі «Белые Столбы» мемлекеттік фильмдер қорында жатқанына, міне, алпыс жылдан асыпты. 

Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

«Егемендік» ардагердің айтары көп

Уақыт өткен сайын қатары сиреп бара жатқан майдангер қарттарды қадірлеудің жөні бөлек. От пен оқтың ортасына түсіп Отан қорғаған бұл кісілердің ерен ерлігін қалай дәріптесек те, оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Алматылық Бисұлтан Аманғалиев ел басына екіталай күн туғанда қаламын қаруға айырбастаған жан. Ардагердің атаның ел газеті «Егеменде» елеулі еңбек еткенін мақтанышпен айтамыз.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2018

Павлодарда майдангердің ордені ұлына табыс етілді

Осыдан 20 жыл бұрын облыстағы «Славян» этномәдени орталығы «Вахта памяти» атты жоба бастаған. Бірлестік мүшелері 1941-1945 соғыс жылдарындағы құжаттарды іздестіруге, тарихты естелік ретінде мәңгі сақтауға және оны ұрпақтар арасында насихаттауға өздерінің үлестерін қосуда.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

Астанада Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл толуына орай жиын өтті

Жеңіс күні қарсаңында Астанадағы Ұлттық музейде  Қазақстанның Халық қаһарманы, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың қайсар ұлы – Қасым батыр» атты жиын өтті. 

Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

Жетпіс жыл жоғалған жауынгер Брянск облысында жерленген

Ұлы Жеңіске жетпіс үш жыл толды. Екінші дүниежүзілік со­ғысқа қатысып, қан майданда қаза тапқан ағайындарын іздеушілер легі елу жылда ел жаңарып жатса да еш толастар емес. Сол жауын­герлердің бірі, аға лейтенант Мұ­қаш Оспановтың жерленген орнын отбасы осыдан жыл бұрын ғана білді. Бірі ғұмырлық жан сері­гін, бірі асқар таудай әкесін, бірі қиялындағы атасын іздеген жет­піс жылдан астам уақыт адам төзімі мен сағынышының табымен өлшеген де тасбақадай жылжыған жылдар ғой.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

Әйел жауынгерлер рухымен де мықты

Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында әскери қызмет ету – ұлы абырой, сонымен қатар халық пен ел алдында үлкен жауапкершілік. 

Яндекс.Метрика