Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қысқы спорт • 25 Сәуір, 2018

Денис Тен Атырауда шеберлік сағатын өткізеді

Сочида өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Атыраудағы жанкүйерлерімен кездеседі, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері екі жақты келіссөздер өткізді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барып, Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен екі жақты келіссөздер өткізді.

Медицина • 25 Сәуір, 2018

Жалған сертификат жарға жықты

Астана медицина университетіне магистратура, резидентура, докторантура бойынша оқуға түсер кезде жалған IELTS  сертификатын тапсырғандар оқудан шығарылды. Білім және ғылым министрлігі екі рет жүргізген тексерістердің нәтижесінде халықаралық базада тіркелмеген 117 IELTS сертификаты бар екенін анықтаған. Енді бұл студенттер осы уақытқа дейінгі оқу грантының ақысын және алып келген стипендия қаражатын қайтаруы тиіс.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Бақытжан Сағынтаев Президент тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Бүгін Елбасы тапсырмасымен Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Қарағанды облысына келді.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Астанада «Жастар, ғылым, инновациялар: цифрландыру – жаңа даму кезеңі» атты конференция өтті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Сейфуллин оқулары-14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифрландыру – жаңа даму кезеңі» атты жыл сайынғы республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

СҚО радио және теледидар станцияларынан цифрлық эфирлік хабар тарату енгізіледі

«Қазақстан Республикасының сандық хабар таратуды енгізу және дамыту» жобасы аясында биыл Солтүстік Қазақстан облысының радио және теледидар станцияларынан цифрлық эфирлік хабар таратуды (ЦЭТТ) енгізу жоспарланып отыр.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Анкарада Дина Нұрпейісованың ескерткіші орнатылады

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті. Бұл жобаға Атырау облысының бизнес құрылымдарының өкілдері қолдау білдірді. Танымал қазақ композиторының ескерткішін орнатуға 15 млн теңге жұмсалатын болады.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Оралда жазушы Мира Шүйіншәлиеваның шығармашылық кеші өтті

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жазушы-журналист Мира Шүйіншәлиева «Тұмадай тұнық, таулардай заңғар» атты шығармашылық кешін өткізді.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Астанада орталық сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихты тану, болашақты бағдарлау керектігін міндеттей келе, алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлем ғалымдары жазған ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару керектігін, сондай-ақ  жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде Ұлттық аударма бюросы құрылып, жоғары оқу орындарына арналған гуманитарлық бағыттағы таңдаулы оқулықтар қазақ тіліне аударыла бастады. Жуырда ғана Астана қаласында жиын өтіп, сол жолы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған алғашқы 18 кітап таныстырылған еді. Осы орайда еліміз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні ұйымдастырылып, ауқымды шара аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды. 

Яндекс.Метрика