Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Джованни Браголиннің «Баланың көз жасы» картинасы

Жансыз сурет болса да өн бойына сансыз сыр мен тылсымды сыйдырып жатқан, талай пікірталас пен үрейге арқау болған өнер туындылары төңірегіндегі қайшылық пен жұмбақ қай кезде де толастаған емес. Атақты қылқалам жауһарларына қатысты мистикалық тарихтың да көп айтылатындығы сондықтан болса керек. Сурет сырына бойлап жүрген өнертанушылардың пікірінше, туынды салынар кезде тылсым күштің де әсері болуы мүмкін екен. Тіпті көптеген танымал туындылардың әлдебір жұмбақ жағдайда авторын жындандырып жіберуі, болмаса жазылмайтын науқасқа ұшыратуы, тұрған жерінде өрт шығарып, айналасын жалынмен шарпуы деген сынды таңғажайып әңгімелерге де жиі кезігеміз. Бәзбіреулер бұған сеніп, секем алып жатса, екіншілері кезекті бір кездейсоқтық деп қарайды. Ал енді біреулері мұны «туындының да тағдыры болады» деп түсіндіреді.

Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

«Абай» журналының 12-ші нөмірі қалай табылды?

Жақында Өскемендегі А.Пушкин атындағы кітапханада «Абай» журналының 100 жылдығына орай Алматыдан арнайы келген зерттеуші, аталған журналдың 12-ші нөмірін тауып, ғылыми айналымға енгізген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналис­тика факультетінің PhD докторанты Алтын Ақынбековамен және басылымның қазіргі бас редакторы Мұратбек Оспановпен кездесу өткен болатын. Шара барысында Алтын Ақынбекова көп жыл бойы ғалымдар арасында талас тудырған журналдың 12-ші нөмірін қалай тапқанын айтып, кітапхана ұжымына журналдың бірнеше нөмірінің түпнұсқасының көшірмесін сыйға тартқан еді. Кездесуден кейін зерттеушімен «Абай» журналының соңғы санының қалай табылғаны жөнінде аз-кем әңгімелескен едік.

Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Құрманғазы домбырасы – Ықылас музейінде

Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының 2018-2019 жылғы атау­лы күндер күнтізбесіне енгізілген күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтудің алғашқы шарасы Алматыда басталып та кетті. Осыған орай 4 сәуірде Астарахан облысы Алтынжар ауылында орналасқан Құрманғазы атындағы Мәдени орталықтың қорында сақталған күйші домбырасының көшірмесі және Құрманғазының төл шәкірті Ерғали Есжановтың домбырасы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне салтанатты түрде қабылданды. 

Әдебиет • 05 Сәуір, 2018

Қазақ поэзиясының ұлттық мақтанышы

«Абайдан кейін тіл өне­гесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ... Абай ақылдың ақыны болса, Мағжан – сезімнің ақыны». Бұл сөздерді өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Мағ­жанды ұлтшыл ақын ре­тінде қудалау барынша күшейіп тұрған кезде Сәбит Мұқановтың өзі жазған екен. Демек, ресми билік Мағжанды сая­си тұрғыдан қаншама қаралап баққанымен де оның ақындық қуаты қарсыластарын да мойын­дауға мәжбүр еткенін кө­реміз.

Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Қарабұтаның балалары айрықша ойыншықпен ойнайды

«Егемен Қазақстан» газетінде ел мен жер, руханият мәселесіне қатысты мақалалардың қатары соңғы уақытта тіптен көбейе түсті. Ұлттық дүниетаным туралы кесек ойлардың, нақты бастамалардың ұлтымыз­дың бас басылымында жиі жарық көруі қалың оқырманды қуантуда.

Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Колонияға жаңа көзқарас қажет

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныймен бірге Алматы облысының Жауғашты кентіндегі (ЛА-155/4) әйелдер колониясына барды.

Әдебиет • 05 Сәуір, 2018

Немат Келімбетовті еске алуға арналған кітап көрмесі өтті

Ұлттық академиялық кітап­хана­да «Бір ел – бір кітап» ак­ция­сының аясында кезек­ті кітап көрмесі ашылып, жазу­­шы, түркітанушы ғалым Немат Келімбетовті еске алуға арналған «Менің ойым, ме­нің түйсігім әлі сөнген жоқ» ат­ты дөңгелек үстел өтті. 

Әлем • 05 Сәуір, 2018

Корей түбегінде қауіп бұлты сейіліп келеді

ХХ ғасырдың соңында әлем қалыпты, бейбіт жағдайға түсіп, ХХІ ғасырда жаңа технология­лар бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен қанат жа­йып, адамзаттың экономикалық тұрғыдан қарыштай дамуына жол ашылатын сияқты көрінген. Бірақ өмір мүлде басқа арнаға бұрылып, алып елдер арасындағы 30 жыл бұрынғы «қырғи-қабақ соғыс» қайтадан қылаң берді. Әлемдегі тынышсыздықтың бір парасы ғаламшардың шығысында бас көтеріп, Корей түбегінде оянып еді.

Президент • 05 Сәуір, 2018

«Теңізшевройл» – Табысты серіктестік пен инвестиция тартудың жарқын үлгісі

Экономикамыздың күре­та­мырына айналған мұнай өнеркәсібінің биік белесінің бірі Теңіз кенішін игеру екені белгілі. Ал осынау ірі кенішті игеру мақсатында «Теңізшевройл» жобасын құру жөніндегі келісімге қол қойылғанына биыл 25 жыл толды. Кеше Астанада осы ай­тулы датаға орай өткен сал­танатты жиынға Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, мұнай-газ саласының ең­бек­керлерін құттықтады.

Қазақстан • 04 Сәуір, 2018

Елбасы жарлығымен Анатолий Смолин мен Владимир Жұмақанов қызметтерінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Анатолий Смолин мен Владимир Жұмақанов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Яндекс.Метрика