Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Аймақтар • 26 Наурыз, 2018

Қарағандыда қоқыс өңдеу зауыты салынуда

Қаланы да, даланы да басып кеткен қоқыс үйінділері – қоғамдық проблема. Одан құтылудың тиімді жолдары талайдан бері қарастырылып келеді. Қарағандылық «Горкомтранс» ЖШС қазіргі уақытта қоқыс өңдеу зауытын салуда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен шұғылданатын кәсіпорын көп ұзамай өңірдегі ғана емес, республикадағы алғашқы қоқыс өңдеу ұйымына айналатын сыңайлы. 

Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Өнімді терең өңдемей, бәсекеде бәсіміз биіктемейді

Ауыл шаруашылығы адамзатты асырап келе жатыр. Бала кезімізде ата-анамыз нанның қиқымын көрсе жерден алып, маңдайына басушы еді. Адам өмір сүруі үшін оған алдымен тамақ керек, қоғамға қажет экономикалық, әлеу­меттік, рухани құндылықтардың бар­­лығы да содан кейін кезегімен келе береді. Ауыл шаруашылығын дамыт­қан­да ғана мемлекетіміздің эконо­микалық қуаты артады. 

Бағдарламалар • 26 Наурыз, 2018

Бес бастама барлық жағынан тиімді

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы елдегі негізгі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған нақты бағдар­лама болып табылады. Сондай-ақ ол елдің бәсе­кеге қабі­лет­тілігін арттыруға және нығайтуға жасал­ған нық қадам саналады. Бастама сонысымен ерекшеленеді.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

«Сарыарқа» магистральды газ құбырының тиімділігі неде?

Мемлекет басшысы биылғы 5 наурыздағы Үндеуінде «Сарыарқа» магистральды газ құбырын салу жобасын іске асыруды тап­сырғаны белгілі. Ол Астана мен еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қам­тамасыз етуді көздейді. Бұл жоба «Қызыл­орда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша жүзеге асатын болады. Осы орайда газ тасымалдау инфра­құрылымын дамытудың еліміздің энерге­тикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық мәні аса зор екенін атап өткен жөн.

Бағдарламалар • 26 Наурыз, 2018

Берекелі бес бастама

Еліміз тәуелсіздігін алып, азаттыққа қол жеткізгелі Елбасы­ның тарихи бастамаларының нәтижесінде дамыған елдердің көшіне ілесіп, ілгері басып келеді. Осынау жылдар ішінде Қазақстанның жеткен жетістігі, бағындырған биіктері дос сүйініп, дұшпан күйінердей. Мұның барлығы жүйелі саясат пен байыпты басқарудың арқасы екені анық.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Тұрғын үйлер тозып тұр

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Петро­павл қаласында 2,4 млрд тең­ге­ге 161 көп қабатты тұр­ғын үй жөнделді.

Футбол • 26 Наурыз, 2018

Қайырымды футболшы Дидье Дрогба

Қазіргі таңда әлемдік дең­гейдегі шебер футбол­шы­лардың бірі сөз жоқ Дидье Ив Дрогба Тебили. Бұл жігіт 1978 жылдың 11 наурызында Африка құрлығында орналасқан Кот-д Ивуар елінің Абиджан қаласында дүниеге келген. Атақты аяқдопшы өзінің 40 жасқа толуына байланысты осы маусым соңында спорттық өміріне нүкте қоятынын мәлімдеді. Бұған дейін еуропалық танымал клубтар: «Ле-Ман», «Генгам», «Марсель», «Челси» және түркиялық «Галатасарай», қы­тай­лық «Шанхай Шэньхуа» сапында ойнаған азамат қазір АҚШ-тың екінші дивизионындағы «Финикс Райзинг» командасында доп теуіп жүр. Әсіресе 2004-2012 жылдары «Челси» сапында аладопты ойнатқан Дрогба ағылшын премьер-лигасында 100 гол соққан алғашқы қара құрлық өкілі ретінде тарихта аты қалды. Осы құрамада жүріп Чемпиондар лигасында топ жарды және ағылшын премьер-лигасының төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Ұлттық спорт • 26 Наурыз, 2018

«Бүркітші» емес «құсбегі» дейтін болды...

Ұлттық спорттың биылғы дүрмекті жарыстарын тағы да бүркітшілеріміз бастап кетті. Жуырда Оралда өткен бәсеке бүркітшілеріміздің ақпан айында ұйымдастырылған үшінші жарысы. Шығыс өңірде басталған бүркітшілер сайысы Жетісуда жалғасып, іле-шала құсбегілер Батыс Қазақстан облысына жол тартты. Нақтырақ айтқанда, ақпан айының алғашқы күндері Семей өңіріндегі Үржар ауданының Бестерек ауылында Астана қаласының 20 жылдығына орай ересектер арасындағы бүркітшілердің ХІІ республикалық чемпионаты өтті.

Ұлттық спорт • 26 Наурыз, 2018

Асық ату ептілікке баулиды

Асық ойыны – әр өлкеде әртүрлі ерекшеліктерін сақ­тай отырып дамыған ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқы­ның дәстүрлі ұлттық ойын­дарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұр­пақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланған жөн.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Әбиболла балуан

Қазақ қай қиырда жүрсе де өзінің ұлттық болмысына тән ірілігін көрсетуден танбаған. Бұған мысал өте көп. Сөзіміздің дәлелі ретінде қарақалпақ топырағында туып-өсіп, Тұран өңірін таңғалдырған толағай ұл жайлы сөз етпекпіз.

Яндекс.Метрика