Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Алматыда тегін донер таратылды

Алып шаһар Алматыда әз-Наурыз мере­кесін тойлау бірер күн бұрын бас­та­лды. Орны бөлек мейрамның ай­рық­ша өтуіне мемлекеттік мекеме­лер мен қоғамдық ұйымдар ғана емес жеке кәсіпкерлер де атсалысты. 

Әлем • 26 Наурыз, 2018

Ресейдегі өрттен 37 адам қаза тапты

Ресейдің Тергеу комитеті Кемеров қаласындағы сауда орталығында болған өрттен 37 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Аймақтық қауіпсіздіктің маңызды құралы

Қазақстанның беделді ха­лық­аралық ұйымдар шеңберін­дегі іс-қимылы әлемдік қоғам­дастықтың көз алдында. Осы орайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына биыл (ҰҚШҰ) төрағалық жасап отыр­ған еліміздің ұстанған негіз­гі бағытын ерекше атап өтуге болады.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2018

Қостанайда мерекеге орай ат спорты ойындары өтті

Биыл қостанайлықтар үшін Наурыз қызығының бірі ұлттық ат спорты ойындары болды. Бәйге де, қыз қуу да, көкпар да Қостанайдың іргесіндегі Заречное селосында осыдан бірер жыл бұрын салынған жаңа типті «Арғымақ» ипподромында өтті. Делебені қоздырған бәйгеге сәйгүлігін Қостанай өңірінен басқа, Ақмола облысы мен Ресейдің іргедегі аудандарынан, Башқұртстаннан әкеліп қосқандар болды. Құнан бәйге 3 шақырымға, аламан бәйге 7 шақырымға айдалды. 

Аймақтар • 26 Наурыз, 2018

Көкшетау сән-салтанатқа бөленді

Қазақ ырымшыл халықпыз ғой ақты молшылық пен тазалыққа теңейтін. Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында қар молынан жауды. Наурыз мейрамын тойлауға дайындық таң атпастан басталып кетуі де сондықтан. Қала көшелерін түні бойы жауған қардан аршу үшін барлық тазалау мекемелері жұмылдырылып, дер кезінде негізгі көшелер тазартылды. 

Аймақтар • 26 Наурыз, 2018

Алматының ажарын ашқан айрықша күн

Алматыда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Бұл мейрам Алатау бөктерінде орналасқан әсем шаһарға қарасты барлық 8 ауданда айрықша аталып өтілді. Салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысып, Алматының тұрғындары мен қонақтарға құттықтау сөзін арнады. 

Аймақтар • 26 Наурыз, 2018

Әз мереке Қазығұртта тойланды

Әр аңыздың түбінде ақиқат бар. Әр аңыздың астарында ұлт пен ұлыстың рухани құндылығы мен тарихи танымы жатыр. Тари­хи аңыздарға қарағанда Нұқ пайғамбардың кемесі қа­сиет­ті Қазығұрт тауының басына қа­йырылған кез наурыз айы екен.

Қазақстан • 25 Наурыз, 2018

Астана әуежайында 13 рейс бөгелді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 13 рейс бөгелді.

Қазақстан • 25 Наурыз, 2018

Шемонаиха ауданында 107 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Бүгін түске таяу Шемонаиха ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі 107 адамның (оның – 12-сі бала) су басқан үйлерден шығарылып, бір бөлігі елді мекендегі орта мектепке орналастырылғанын, бір бөлігі туыстарының үйін паналап отырғанын хабарлады.

Қазақстан • 25 Наурыз, 2018

Ақмола облысында жолда қалған 40 адам құтқарылды

Ақмола облысында жолда қалған 40 адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. 

Яндекс.Метрика