Театр • 21 Наурыз, 2018
Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының шежіресі
Еліміздегі ең алғашқы қуыршақ театры – Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының тарихы 1935 жылдан бастау алады.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2018
Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтті
Абайдың өлеңінде айтылғандай, «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» мәре-сәре болатын керемет кез де келіп жетті. Еліміздің батыс өңірінде Наурыз тойы айдың 14-інші жаңасынан басталады. Таң сібірлеп атқаннан-ақ бір-бірімен сәлемдесіп, жылдан есен шыққандарына шүкір десіп, «Бір жасыңызбен!» деп көрісетін ағайын қандай заман өтсе де осы игі дәстүрден ажырамаған. Ресми мереке болмаса да, батыс өңірі бұл күнге ерекше дайындалады. Бірақ биылғы Амал мерекесінің жөні бөлек болды. Бұлай деуімізге себеп те бар. Алыс-жақын бес елден келген 700-ге жуық өнерпаз Жайық жағасын нағыз тамашаға, сән мен салтанатқа бөледі. Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған форумда 20-ға жуық шара болып, мұнайлы мекен халқына ерекше мереке сыйлады.
Білім • 21 Наурыз, 2018
Ойласу: Телефонға шұқшиған балалар сөйлеуден қалды
Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Сол ұрпақтың тәрбиесі бүгінде ешкімді де бей-жай қалдырмай отыр. Ал ұрпақ қамын ойлайтын ата-ана жайы қалай?
Білім • 21 Наурыз, 2018
Баршаға үлгі болу – басты мақсат
Осы мектепке қарай асығатындар көп, күннің қай уақыты, жылдың қай мезгілі болсын осы мектепте білім алғысы келетіндер де, ұл-қызының осында оқығанын қалайтын ата-аналар да көп. Сапалы білім нәрімен сусындап жүрген жүздеген оқушы сол көптің қатарында. Соңғы жылдары өзге білім ошақтарына үлгі боларлық жетістіктерін еселей түскен мектепке асығатындардың арта түсуі де заңдылық.
Тарих • 21 Наурыз, 2018
Шығанақ – қазақ елінің еңбек паспорты
«Еспембеттей ер қайда, Ерді сыйлар ел қайда?!» деген екен Дулат ақын. Сол айтқандай арғы-бергіде елімізге еңбегі сіңіп, халқына қадірлі атанған көрнекті тұлғалар көп болған. Олардың арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері де, қарапайым еңбек адамдары да, әдебиет, мәдениет өкілдері де жетерлік. Өкінішке қарай, олардың кейбірінің есімдері әртүрлі себептермен ұмытылып кетті. Біздің газетіміз осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Ұмытпаңдар мені...» атты арнайы айдар ашып отыр. Бүгін осынау айдардың алғашқы мақаласын оқырманға ұсынбақпыз.
Театр • 21 Наурыз, 2018
Театр: Балалықтың бейкүнә бейнесі
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасын оқымай ер жеткен бала жоқ шығар. Бәрі оқыды! Әрқайсысының ішінде бір-бір Қожа өмір сүріп, сол аяулы бейненің күні бүгінге дейін балғын күніміздің бейкүнә белгісіндей боп көңіл түкпірінде жасырынып, жадымызда мәңгілікке жатталып қалғаны тағы ақиқат. Иә, бәріміз Қожа болдық!
Тарих • 21 Наурыз, 2018
Нұғым Қайдар, бүркітші: Әкем 90 жасқа дейін құс баптады
Жақында Үржар ауданында құсбегілердің ХХІІ чемпионаты өткен болатын. Осымен үшінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстанда ұйымдастырылған бүркітшілер бәсекесіне облыс атынан Үржар ауданының тоғыз бүркітшісі қатысқан еді. Ұлттық өнерді ұлықтаған жарыстан кейін дүбірлі додада қолына қондырған құсы жүлделі екінші орынды алған үржарлық бүркітші Нұғым Қайдармен аз-кем әңгімелескен едік.
Өнер • 21 Наурыз, 2018
Балби Кәкейұлы, атбегі: Жүйріктің бабы келмесе, бағы да жанбайды
Қазақта атбегілік дейтін өнер бар. Ол – жүйрік жылқыны таңдап-танып, баптап бәйгеге қосып, бабын табатын адам. Өте ертеректе оңтүстік өңірде ғұмыр кешкен атақты атбегі Мақұлбек, керекулік Бежу, жетісулық Бақай, сондай-ақ сіргелі Меңдекелер жайлы ел аузында сақталған дерек көп. Осы бір құнды мұрамызды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, бүгінге жеткізген ат бапкерлері – созақтық Файзолла Ормызов, тараздық Нұрдәулет Әлібекұлы, «Дегерес» жылқы зауытының аттарын баптаған Нәркен Қалибек ақсақал, ағадырлық Жолдыбай Кенжеғұлов, алтайлық Еркін Темірбайұлы сынды тұлғалар бар. Соңғы екі-үш жылда ескінің көзі, өнердің өзі болып келген жоғарыдағы қариялардың үшеуі дүниеден өтіп кетті. Қалғаны сексеннің сеңгірінде. Дәл бүгін текті өнерді үзбей өрге сүйреп келе жатқан Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жаңаталап ауылында Балби Кәкейұлы дейтін атбегі бар. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қарағандылық ақсақалды іздеп барып жолығып, ат баптау өнері жайлы әңгіме өрбіткен едік.
Кино • 21 Наурыз, 2018
Шәкен Аймановтардың шетел көрерменіне ұнау деген ойдан ада, «халықаралық конкурс» дегенді көздемей, пайдаға ғана келіп тірелетін прокат дегенге пысқырмай-ақ түсірген халықтық фильмдерінің қартаймау сыры туралы ойланғанда, қапысыз бір шындықты тануға тура келеді. Оның туындыларын киноны биік өнер тұрғысынан ғана бағалап, «массовый» фильмдерге мұрын шүйіре қарайтын талғампаз киносыншылардың өзі де мойындайды. «Біздің сүйікті дәрігер» экранда алпыс жылдан бері өмір сүріп келеді, «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» фильмдерінің жасы елуден әлдеқашан асып кеткен, тіпті жыл он екі айдың қай мезгілінде көрсетсе де, жалықтырмайтын «Тақиялы періштенің» түсірілгеніне де биыл тұп-тура 50 жыл толып отыр. Түсірген фильмдерінің өмірі 4-5 жылдан аса алмай, өз аудиториясын қалыптастыруға не қабілеті, не шеберлігі жетпейтін режиссерлермен Шәкенді салыстырып күпір болудан аулақпыз, дегенмен 56 жас қана жасаса да, дәуірмен құрдастығын үзбей, көрерменге ұсынып үлгерген жұмысының қай-қайсысы да уақыттың барлық сынына төтеп беріп келе жатқан Аймановтың ұлылығы осындайда тіпті жарқырай түсетініне баршамыз күн өткен сайын көз жеткізіп келеміз.