Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Аймақтар • 20 Наурыз, 2018

Арқада апаттың алдын алу жұмыстары пысықталды

Ерте көктем туа Арқада алдымен өкпек жел соқты. Мұнысы даланы қымтап жат­қан қасат қарды тесуге тап­тырмайтын тегеурінді күш. Көктемнің кәдімгі қа­ра суығы. Одан кейін об­лыс­тың кей жерлерінде сір­кіреп жаңбыр жауды. Бұ­ның да өз хәлінше қар кө­бе­сін сөгерлік қауқары бар-ды. Енді, міне, қылышын сүй­реткен қыс қыр аса бе­ре, шағырмақ күндер бас­тал­ды. Қардың шеті жіпсіп, жі­ңішке жүлгелерді қуалап су аға бастады.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Әнес Сарай: Алаштың табаны – Торғай, өзегі – Семей, жұлыны – Жымпиты

Уақытша үкі­мет­­­тің басқару органы «Уч­ре­дительное собрание» («Ко­муч»)  мүшелерімен кездесу­ге­ Алашорда атынан 1918 жыл­дың шілде айында Семейден Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермеков, Түркістаннан М.Шоқай, Батыс­тан У.Танашев төртеуі Самарада бас қосады. Бұлар «Комичпен» келіссөз жүргізді. Нәтижесінде, 20-қыркүйекте Уфада Уақытша үкімет жанынан Алашорда Ке­ңесі ашылды.

20 Наурыз, 2018

Жазу мәселесі туралы соңғы сөз

Әліпби ауыстырудай күрделі іс Алаш арыстары тұсында да өткір мәселе болған-ды. Талай тартыс, дау-дамай болғанын сол кездегі газеттің сарғайған беттерінен көреміз. Авторы «Жүсіпбек» деп жазылып (Аймауытов – ред.), «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №208-209 нөмірлерінде жарық көрген «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз» атты мақаланың алғашқы бөлімін ұсынып отырмыз. 

20 Наурыз, 2018

Жас педиатрлардың тұңғыш басқосуы

«Білім-ғылым үйренбекке талап қылу­шыларға әуелі білмек керек. Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деген Абай­дың 32-қарасөзімен тұңғыш рет ел­ педиа­трларының ғылыми мәжілісі өтті. «Пе­диатрлар одағы» қоғамдық бір­лес­тігі мен­ С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасы ұйым­дастырған жиын педиатрия және балалар хирургиясының бүгінгі өзекті мәселелері тақырыбына арналды. 

Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Кесарь тілігі – амалсыздан жүгінетін тәсіл

Кесарь тілігі – ғасырлар бойы жасалып келе жатқан хирургиялық тәсіл. Небір жансыздандыру әдістері мен антибиотик дәрілер көбейген сайын жатырды тілу арқылы босандыру әлемде қалыпты құбылысқа айналды. Бүгінде Америка, Батыс Еуропа мемлекеттері ешқандай медициналық көрсеткіштерсіз-ақ, тек әйелдің қалауымен бұл отаны оп-оңай жасай беретін болды. Ал Қазақстандағы жағдай қандай? Жалпы, іштегі шарананы кесарь жолымен алу міндетті әдіс пе, әлде ана мен бала өмірін сақтаудың жалғыз жолы ма? Бұл туралы Астана қаласының №3 перинаталды орталығы қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, 25 жыл бойы талай сәбидің кіндігін кескен жоғары санатты дәрігер Гүлшат СЕРІКБАЕВАМЕН әңгімелескен едік. 

Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Сирек кездесетін сырқат

Медицинада сирек кездесетін сырқатты орфандық аурулар деп атайды. Ресми деректерге жүгінетін болсақ, Жер шарындағы адамдардың шамамен – 3, кейбір деректерде 6-8 пайызы осы ауруға шалдығады екен.

Президент • 20 Наурыз, 2018

ҚХР төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Астанада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен этномәдени іс-шара өтті

Кеше Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Туған жерге тағзым» атты этномәдени шара өтті. 

Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Қазанғап би

Бүгінде «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі саналатын әр аймақтың, қала мен елді мекендердің тарихын зерттеп-зерде­леудің, сондай-ақ әр өлке­нің дамуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтап, танып білудің өзектілігі арта түсті. Осы орайда Қазақстанның әрбір жас азаматы туған жердің бұлағынан нәр алып, топырағының қа­сиет­терін бойына сіңіріп, бі­лімімен сусындап өсуі тиіс. Әсіресе еліне адал қызмет еткен тұлғалардың өмірін үлгі тұтып есімдерін білуге міндетті. Сондай тұлғалардың бірі – Қазанғап би Сатыбалдыұлы. 

Аймақтар • 20 Наурыз, 2018

Рухани жаңғыру. Рухтың түлеуі – ұлттың тілеуі

Тұңғыш Президентімізді еңбекпен есейтіп, сая­си тұлға ретінде қалыптастырған Қарағанды өңірінде тағы бір өнегелі іс өріс алды. Нақтырақ айтқанда, кеншілер астанасында «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің көшпелі мәжілісі өтіп, руханиятымызды өркендетуге қызмет ететін құнды пікірлер, өміршең ұсыныстар айтылды.

Яндекс.Метрика