Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 22 Қараша, 2017

2019 жылы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер компьютерлік техникамен толық жабдықталады — А. Цой

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтып берді.

Қазақстан • 22 Қараша, 2017

Сәкен Жасұзақов Елбасыға әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешу жөнінде мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады.

Қазақстан • 22 Қараша, 2017

Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды. Бұл - «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан алтыншы купюра.

Аймақтар • 22 Қараша, 2017

Ауыл тұрғыны мешіт, Мәдениет үйі мен спорт модулін салып берген

Жақында облыстың ең шалғайындағы, Барқытбелдің баурайындағы Үржар ауданының Көлденең ауылына жол түскен. «Осында туған ауылын шашау шығармай, береке-бірлігін жарастырып ұстап отырған, мешіт, Мәдениет үйі мен спорт модулін өз қаржысына салып берген Мамырбек Қарашев деген азамат тұрады» дегенді естіп, кездесіп, тілдесуге құмартқанбыз. 

Қазақстан • 22 Қараша, 2017

«Жаңа Жібек жолы - 2018» халықаралық экспедиция басталады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа Ұлы Жібек жолы» халықаралық экспедициясына арналған баспасөз-конференция өтті. 

Қазақстан • 22 Қараша, 2017

Мұғалім пайымы: Жас маман неге жол таппай жүр?

Алты Алаштың айбыны Абылай ханның алыса арбасып алып қалған ұлы даласының мұрагеріне «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» деген аманаты бар.

Әдебиет • 22 Қараша, 2017

Отбасының ұйытқысы – ұлттық үлгі

«Жақсының аты өлмейді» дейді Бұқар жырау. Сол жақсы қайдан шығады? Киелі отбасынан, иесі бар, дәстүр жүйесі бар, ұлы әкесіне қарап, қызы шешесіне қарап өскен, ел-жұрты іргелі, үлкені үлгі, кішісінің кісілігі бар жұрттан шығады. Ондай жұрт ұл мен қызын, «Үлкеннің алдында иіліп сөйле, кішінің алдында сызылып сөйле, иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді» (Бөлтірік шешен) деп тәрбиелеген. Мұның бәрі бабалар өсиеті еді. Қазақ отбасы деген сөзді – бұрынғы дөңгеленген қараша үйіндегі дөңгелек ошақтың отынан алып отыр. Отын жағып, отбасын ұстай алмаған ер мен әйелді от та жақтырмайтын көрінеді. Шамданса сөніп қалады екен. Жер-Ана, От-Ана деуі де содан болса керек. Отын жағып, отбасын ұстай алмағанды тезге салып тексеріп, бері тартқанда кері кетсе, жазасын беріп, телі мен тентектің қатарында қалыпқа салған. Мұхтар Әуезовтің «Отан – отбасынан басталады» деуі де содан болса керек.

Аймақтар • 22 Қараша, 2017

Ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың есімі мектепке берілді

Небәрі 25 жасында ерлік көрсетіп, бейбіт күннің батыры атанған азаматтың бірі – Қызылорда облысы Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы учаскелік полиция инс­­пек­торы, полиция лейтенанты Талғат Қозыбаев. Ол жөнінде қысқа метражды де­рек­ті фильм түсірілді. Ол ерлікпен қаза тапқан соң, ел Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі жауынгерлік «Айбын» орденімен марапатталды. Бүгінде оның атында елді ме­кен мен көше бар.

Қазақстан • 22 Қараша, 2017

«Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жобасының ерекшелігі қандай?

Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды. Енді алдағы уақытта да осы қарқынды төмендетпей әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына ену міндеті тұр. Бұл, әрине, мемлекет алдына қойып отырған асқаралы міндет екені анық. Сондықтан ол жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. 

Қазақстан • 22 Қараша, 2017

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағда­р­ла­ма­сы бойынша өңірлік жобалар қолға алынуда

Қазақстан – ауылшаруашылық әлеуеті зор ел. Ішкі нарықты қажетті азық-түлік түр­ле­­рімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етумен қатар, шетелге шығарудың да мүмкін­дік­­тері мол. Жеріміз құнарлы, мал, астық өсіруге қолайлы. Жайылым-шабындық жет­кі­лікті. Бірақ әлі де экспортқа қарағанда импорт үлесінің басымдығы табиғат берген ен байлықты тиімді пайдалана алмай отырғанымызды көрсетеді.   

Яндекс.Метрика