• 22 Қараша, 2017
Қыстағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталды
Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзірлігі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысып, саланың жай-күйінен БАҚ өкілдерін хабардар етті.
Аймақтар • 22 Қараша, 2017
Алик Шпекбаев Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды. Үш күнге созылған сапар шеңберінде ол аймақтағы әлеуметтік нысандарда, мемлекеттік мекемелерде болып, жұмыс барысымен танысты.
Білім • 22 Қараша, 2017
«Мектеп президентін сайлау» қанатқақты жобасы қорытындыланды
Орталық сайлау комиссиясында «Мектеп президентін сайлау» қанатқақты жобасының қорытындыларына арналған кездесу өтті. Оған мектептердің сайланған президенттері, мектеп сайлау комиссияларының төрағалары, бірқатар мектептердің директорлары, Астана қаласы білім беру басқармасының және қалалық сайлау комиссиясының, сондай-ақ жобаны іске асыруға қолдау көрсеткен аудандық әкімдіктердің басшылығы қатысты.
Аймақтар • 22 Қараша, 2017
Білім беру ісінің ардагері Ниетжан Беріковтің ғибраты
«Тоқсан көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді», деген екен бұрынғылар. Дегенмен қазір тоқсанында толғаған, шалқытып сөз қозғаған ұлағат иелері де аз кездеспейді.
Аймақтар • 22 Қараша, 2017
Атырауда Нұрлан Балғымбаевты еске алу кеші өтті
Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрында мұнайшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Оған қазақ мұнай өнеркәсібі басшылары, ардақты азаматпен үзеңгілес, қанаттас болған достары, әріптестері, мұнайшылар, марқұмның жары Нағима, ұлы Төлеген мен қызы Самал, немерелері қатысты.
Аймақтар • 22 Қараша, 2017
Алматыда «Ән салсаң, Әсеттей сал..!» музыкалық қойылымы сахналанды
Даланың рухын, бабаның ғұрпын іздесеңіз ең алдымен қаймағы бұзылмаған дәстүрлі өнерімізден табасыз. Рухани тәрбие мен салт-санамыздың алтын діңгегі саналатын бұл өнер тарих төріндегі талай тұлғаларды түлетті. Олардың тағылымын ұрпаққа үлгі етіп табыстау – тарих алдындағы міндетіміз. Осы ретте, Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына орай Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ән салсаң, Әсеттей сал..!» атты музыкалық қойылым өтті. Дәстүрлі өнерімізді дәріптеген мерейлі шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асып отыр.
Кино • 22 Қараша, 2017
Астанада «Балет. Бекзада өнер бесігі» фильмі таныстырылды
Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaqstan» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Балет. Бекзада өнер бесігі» деректі фильмінің таныстыру рәсімі өтті. Шараға «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры Асқар Әшімов, фильмнің авторы және продюсері Динара Сәтжан және Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 22 Қараша, 2017
Қазақстан VI халықаралық мәдени форумға қатысты
Жуырда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында VI халықаралық мәдени форум өтті. Жиынға ТМД, Еуропа, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінен халықаралық ұйымдардың, ірі мәдениет мекемелерінің басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Ауқымды жиында еліміз «қонақ дәрежесіндегі ел» ретінде Эрмитаждың бас штабы алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.
Тарих • 22 Қараша, 2017
Шірік-Рабат астана болмаған ба?
Қармақшы ауданының Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай бет алып, жүз шақырымдық жолды артқа тастасаңыз Сырдарияның көне арнасы Жаңадарияға барып тоқтайсыз. Мидай жазық далада көзіңізге төбе ұшырасар еді. Бұл – ежелгі сақтардың астанасы болған көне Шірік-Рабат қаласы. Тоқтаңыз. Осы уақытқа дейін біз Шірік-Рабатты сақтардың астанасы деп келдік. Енді олай емес, ежелгі қала сақтардың бас қаласы болмаған десек ше? Арзан сенсация қуып отырғанымыз жоқ. Көне қаланы зерттеген археологтар осылай дейді. Сөздерінде негіз бар ма? Дәлеліне табан тірей аламыз ба? Ендеше әңгімемізді ретімен баян етелік.