Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Астана клубының отырысына 28 елден 66 қатысушы келді
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев мәлімдеді.
Үкімет • 14 Қараша, 2017
Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі шаралар, сондай-ақ электронды сауда-саттықты дамыту мәселелері, денсаулық сақтау саласын цифрландыру жайы қаралды.
Президент • 14 Қараша, 2017
Елбасы Астананың құрылыс саласында атқарылған жұмыстармен танысты
Қазақстан Президенті «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Астанада «Көкталға» жаңа автобус қатынайтын болады
16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
«Астанаэнергосервис» АҚ-ның жаңа басшысы тағайындалды
Аппараттық кеңесте елорда әкімі Әсет Исекешев жаңа кадрлық тағайындау туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 14 Қараша, 2017
Павлодар мен Баянауыл арасында ұшақпен қатынауға болады
Баянауыл аэродромына 18 орындық «Лет-410» жолаушылар ұшағы қонды. Бұл туралы pavlodar.gov.kz хабарлады.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Елімізде бензин өндіру он айда 7,1%-ға өсті
Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-қазанында өндірілген бензин көлемі 2 550,9 мың тоннаны құраған, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Білім • 14 Қараша, 2017
Оқушылардың жобалары өндірісте қолданылмақ
Қазақстандық дарынды оқушылардың жасаған жобалары өндірісте қолданысқа енгізілетін болады. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы төрт ай бойы ұйымдастырған олимпиада осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Дулат Исабековтың мерейтойы аталып өтуде
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында танымал қазақ жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің 75-жылдық мерейтойы аталып өтті. Отандық драматургия шеберінің мерейтойын мерекелеу аясында Мәдениет және спорт министрлігі бірқатар арнайы іс-шараларын өткізді.
Үкімет • 14 Қараша, 2017
Қазақстан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында тоғыз спорт түрінен өнер көрсетеді
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2018 жылы Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы баяндады.