Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Сириядан шығарылған отандастарымыз жақын арада Қазақстанға жеткізіледі
Сирияның жанжал аймағынан шығарылған Қазақстан азаматтары таяу күндері елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.
Аймақтар • 14 Қараша, 2017
Ілияс Есенберлиннің үйіне жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Кезінде халқымыздың рухын көтеретін тарихи кітаптар жазған Ілияс Есенберлинді білмейтін қазақ кемде-кем.
Әдебиет • 14 Қараша, 2017
Абай атамыз мына бір фотосуретке 1903 жылы өмірден өтерінен бір жыл бұрын 58 жасында Жидебай ауылында, үй-іші, отбасымен бірге көктем уақыты, мамыр айының бас кезінде, киіз үйдің ішінде түскен екен.
Аймақтар • 14 Қараша, 2017
Қарағандыда QR-кодты маңдайшалар орнатылды
Қарағанды көшелері күннен-күнге абаттанып, ажарланып келеді. Таяуда ғана оның көшелерінде жаңа QR-коды бар маңдайшалар орнатыла бастағандығы осы сөзіміздің айқын дәлелі. Ондағы кодты оқу арқылы тұрғындар пошта индексін, сонымен қатар аталмыш мекенжайда қандай ғимараттар орналасқанын біле алады.
Тарих • 14 Қараша, 2017
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласынан табылған құнды мұралар бүгінде ұлттық болмысымызды тануда, өткенімізді білуде маңызды орын алып отыр. Ежелгі Тараз қалашығынан және төменгі Барысхан маңынан табылған ортағасырлық шырағдандарда көне дәуірдің шежіресін шертіп тұрғандай. Айта кетейік, ежелгі Тараз қалашығының орнына кейінгі жылдары базар салынып, бұл жер халықтың негізгі күнкөріс көзіне айналған еді. Алайда кейін ол сауда-саттық мекемесі шаһардың өзге жағына көшіріліп, қойнауы қазынаға толы көмбеге көп мән берілген болатын. Әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығы тұсында бұл арада қарбалас қазба жұмыстары жүріп, тарихымыз үшін талай құнды дүние табылды.
Аймақтар • 14 Қараша, 2017
Жаркент өңірінің ежелгі қалалары
Жаркент қаласы тарихы жайында сөз қозғасақ, қайтадан байырғы Сақ заманына ораламыз.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Мейрамбек Беспаевқа арнап жазылған хатқа үнқосу
Қаламгер Қали Сәрсенбайдың әнші Мейрамбек Беспаевқа арнап «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ашық хатына (№210, 1 қараша, 9-бет) оқырман тарапынан үнқосулар көптеп келіп жатыр. Соның бірін бүгін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Жеңіс Кәкенұлы: Ес білгеннен суретші болуды армандадым
Абай атындағы ҚазПИ-дің көркем-сурет графика факультетінің түлегі Жеңіс Кәкенұлы бүгінде еліміздегі белгілі суретшілердің бірінен саналады. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан туындылары шетел асып, АҚШ, Германия, Түркиядағы көрмелерге қойылған. Картиналары бірқатар беделді музейлер мен жеке қорларда сақтаулы тұр. Біз онымен әңгімелесу барысында сурет өнерінің былайғы жұртқа беймәлім сырларына үңілуге тырыстық.
Әдебиет • 14 Қараша, 2017
Күйшінің күнгейі мен күңіренуі (Эссе)
...Сексенінші жылдардың орта тұсында Жамбыл облыстық газетінің Шу, Мойынқұм аудандары мен Шу қаласындағы меншікті тілшісі болғанмын. Көгілдір көктемнің сәуір айының соңына таман екі күн бойы Мойынқұм ауданының шаруашылықтарын аралап қайтқан едім. Келген күннің ертесіне «Шу өңірі» газетінің редакциясына бет түзедім. Журналистер қауымы темекілерін тартып алып, кабинеттеріне жайғаса бастаған. Умэльс, Жақан, Жанайдар ағаларыма сәлем беріп: «Не жаңалықтарыңыз бар?» – деп ортақ әңгімеге тарттым.