Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

13 Қараша, 2017

Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің басты кепілі

Үкіметіміз еліміздегі діни ахуалды реттеуді одан ары қарай дамыту үшін бірқатар заңнамаларымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қолға алғаны көпшілікке белгілі. Қоғамның қызу талқысына түскен низам жобасының әдепкідегі нобайына бірқатар ұсыныстар енгізілді. Соның бірі – ҚМДБ-ға қарасты мешіттердің неке қиюға қатысты функциясы және діни білім беру жүйесі, оның ішінде мешіттердегі сауат ашу курстарына қатысты тұстары десек, сірә қателеспейміз деп ойлаймын. 

Қазақстан • 13 Қараша, 2017

Мамандар антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдауға кеңес береді

Соңғы кезде жұртшылық антибиотиктерді шамадан тыс көп қолдана бастаған. Халықтың бактерияларға қарсы препараттарға тым әуестігі аурулардың дәріге төзімділігін туғызуда, деп мамандар дабыл қағып отыр.  Астанада өткен дөңгелек үстел жиынында дәрігер-сарапшылар белгіл бір дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің рецептімен беру туралы мәселе көтерді.

Әлем • 13 Қараша, 2017

Иранда зілзаладан 300-ден астам адам қаза тапты

Иранның батысында қуатты жер сілкінісінен 336 адам қаза тапты. Бұдан бөлек 4000-ға жуық тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Зілзала Иран-Ирак шекарасында тіркелді.

Қазақстан • 13 Қараша, 2017

Астанада қоғамдық кеңестердің І республикалық мәжілісі өтті

Елордада Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен Қоғамдық кеңестердің І республикалық мәжілісі өтті. Басқосуда қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мен осы бағытта оң тәжірибелермен алмасу жайы, сондай-ақ олардың мемлекеттік органдардың арасында өзара ынтымақтастыққа негізделген әріптестік аясын одан әрі дамытудың тетіктері мен бағыттары талқыланды.

Аймақтар • 13 Қараша, 2017

ОҚО-да 13,8 мың гектар суармалы жер айналымға қосылады

Оңтүстік Қазақстан облысы 2018 жылы 4 бағытта дамитын болады.  Өндіріс, егістік, мал шаруашылығы және туризм саласын дамытуда аудан, қала әкімдері мен жауапты сала басшылары жұмыстарын жандардыру керек. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен селекторлық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Аймақтар • 13 Қараша, 2017

ОҚО-да құны 157 млн евро болатын екі күн электр стансасы салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға ниет білдірген Германия мен Голландия елдерінен келген инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 13 Қараша, 2017

Нью-Йорк көшесіндегі «шоумен»

Ғарыштың бір үзігі алдыңыздағы картон қағазға тамып кеткендей әсер қалдыратын бұл өнер түрі – спрей пейнт деп аталады. Фантастикалық, болмаса сюрреалистік пейзаждарымен салған жерден көзге ұратын суреттер тақырыбы соңғы жылдары танымал бола бастады. Нью-Йорк көшесінде бейнелеу өнерінің дәл осы түрімен табыс тауып жүргендердің бірі – Асхат Ақылбаев. Ол бізге Нью-Йорктегі бастан кешірген қызықтары туралы қысқаша баяндап берген еді.

Аймақтар • 13 Қараша, 2017

Нұрлан Ноғаев: Үй салғанда құрылыс мәдениетін сақтау керек 

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс орталығындағы «Береке» тұрғын үй кешенінің құрылысын тексерді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Қазақстан • 13 Қараша, 2017

Білім ордасындағы «Жұлдызды 30 күн»

Тамыры тереңнен басталған Сыр өңіріндегі іргелі оқу ордасы талай тұлғаны тәрбиелеп түлеткен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне биыл 80 жыл! Осынау тарихи кезеңде университет талай шыңдар мен биік белестерді бағындырды, білім берудегі үздік нәтижелерін дәлелдеді. 

Аймақтар • 13 Қараша, 2017

Алматы жастары баспаналы бола ма? 

Мемлекет «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында алдағы 15 жыл ішінде 1 жарым миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін нақтылаған болатын. Бұл еліміздегі құрылыс нарығынның көрігін қыздырғаны анық.

Яндекс.Метрика