Білім • 15 Қараша, 2017
Екібастұздағы Қыздар гимназиясының ғимараты тарлық етуде
Жетпіс жыл бойы жоғалтқанымызды түгендей бастаған тұста Екібастұздағы дарынды педагогтардың бірі Ләйла Сырымбетова ерлікке пара-пар іске тәуекел етіп, қазақ қыздарын жаңаша тәрбиелеудің тұжырымдамасын жасады. Нәтижесінде Қазақстанда бірегей жоба – мемлекеттік тілде білім беретін қазақ қыздар гимназиясының тұсауы кесілді. 24 жылдық белесті бағындырған бұл гимназия – 2010 жылдан бері Ұлттық бірыңғай тестілеуден қала деңгейіндегі үздік мектептер қатарында.
• 15 Қараша, 2017
Академик Атшабаровтың ерлігі неге ескерілмейді?
Кез келген адамның өмірдегі өнегесі келешек ұрпақ үшін бағдаршам іспетті. Ал академик Бақия Атшабаровтың қазақ халқы мен оның тағдыры жолында жасаған ерлікке толы еңбегі ерекше. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Қарақуыс қыстағында дүниеге келген Бақия Атшабаров Алматыдағы Қазақ медицина институтының емдеу факультетін 1942 жылы бітірген бойда бірден Ұлы Отан соғысына аттанған. Танк бригадасының әскери дәрігері ретінде майданға кірген ол оқ пен оттың ортасында жүріп, Берлинге дейін жеткен. Соғыс біткен соң 1946 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ ғылым академиясының өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына түседі. Осы институтта кіші ғылыми қызметкер, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ал 1952 жылдан бастап 33 жылдан астам уақыт бойы директор қызметін атқарды.
Аймақтар • 15 Қараша, 2017
Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсі іске қосылмақ
Баянауылдағы аэродромға 18 орындық Лет-410 жолаушылар ұшағы келіп қонды.
Қазақстан • 15 Қараша, 2017
Заң талаптары қоғамның тыныштығын көздейді
Биыл қыркүйек айында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылғанына бір жыл толды. Осы уақыт аралығында саладағы уәкілетті орган болып табылатын ведомство тарапынан көптеген іргелі жұмыстар қолға алынып, бірқатар стратегиялық құжаттар әзірленді. Министрліктің бастамасымен іске асырылған заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі білу мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік АРЫНМЕН әңгімелескен едік.
Бизнес • 15 Қараша, 2017
Қиярды брендке айналдырған ауыл
Облыс орталығына қарайтын Павлодар ауылының халқы жылыжайда өсірген көкөніс, бау-бақша өнімдерімен өздерін де, өзге ауылдарды, қаланы да қамтамасыз етуде. Ауыл маңында игерілмей жатқан 60 гектар жер көкөніс өсуіруші тұрғындарға берілген. Ауыл әкімі Аждар Жүсіповтің айтуынша, 1 отбасына 1 гектар тиесілі, ол аздық етсе жалға берілетін жер көлемі ұлғайтылады.
Әлем • 15 Қараша, 2017
Калифорнияда мектеп маңайындағы атыстан 4 адам қайтыс болды
АҚШ-тың Калифорния штатында мектеп маңайында атыс болып 4 адам қайтыс болды.
Қазақстан • 15 Қараша, 2017
«Ақтөбе – Атырау» автомобиль жолы қайта жөнделеді
Республикамыздың батыс өңірінде мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес тағы бір ірі жоба қолға алынды. Бұл бірінші кезекте сонау кеңестік дәуірде алпысыншы жылдардың аяқ кезінде салынған «Ақтөбе – Атырау» автомобиль жолын қалпына келтіруді көздейді.
Бизнес • 15 Қараша, 2017
Астанада «Соғымға дайындық» жобасы қолға алынды
Елорда тұрғындары санының артуына байланысты азық-түлікке сұраныс та ұлғая түскен. Әсіресе қыста құнары мол ет өнімдеріне деген қажеттілік жоғары. Осыған орай жақында «Соғымға дайындық» жобасы қолға алынды. Астананың азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында оған Ақмола облысы Целиноград, Ерейментау, Шортанды және Аршалы аудандарының 37 жеке шаруашылығы жұмылдырылып, еліміздің бас қаласына соғымға сойылатын малдарды әзірлеп те қойған.
Аймақтар • 15 Қараша, 2017
Арқалық музейінде Орал Мұхамеджановқа арналған бұрыш ашылды
Арқалық қаласында «Дала өлкесі тарихы» музейінде көрнекті мемлекет қайраткері Орал Мұхамеджановқа арналған «Тарихи өлкеден қанаттанған қайраткер» атты бұрыштың ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан • 15 Қараша, 2017
Нұрлан Балғымбаевтың туғанына - 70 жыл
Халқымыздың көрнекті қайраткер тұлғаларының бірі, мемлекетіміздің 1997-1999 жылдардағы Премьер-Министрі, отандық мұнай және газ өнеркәсібінің біртуар маманы, Алаштың ардақты азаматы Нұрлан Өтепұлы БАЛҒЫМБАЕВ тірі болғанда 70 жасқа толып, байтақ елімізде барынша құрметпен мүшелтойы өтіп жатар еді.