Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 08 Қараша, 2017

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аяқталды

Биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің бүкіл өңірлерінен және алыс-жақын бірнеше елден 500-ден аса үміткер қатысты. Дарынды жасқа қанат бітіріп, өнерінің ұштала түсуіне мүмкіндік беретін бұл байқауда биыл жастар өнердің алты түрлі саласы бойынша бәсекеге түсті, бір-бірінің шама-шарықтарын байқап көрді, жетістіктері мен кемшіліктерінің ара жігін ажыратты,  дуалы ауыз қазылардың ой-пікірлерімен санасты.  

Аймақтар • 08 Қараша, 2017

Семейде балалар үйінің түлегі баспанасынан айырылып қалуы мүмкін

Балалар үйінің 23 жасар түлегі Дамир Инюшев жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін.

Білім • 08 Қараша, 2017

Білім беру жүйесінде бюджет қаржысын пайдалануда олқылықтар бар

Білім және ғылым министрлігіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.  

Тарих • 08 Қараша, 2017

Елбасының кітапханасының көшпелі көрме жобасында қандай іс-шаралар болады?

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы тәуелсіздік жылдары атқарылған іс-шаралардың көшпелі көрме жобасын өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай кітапхана директорының орынбасары Әмірхан РАХЫМЖАНОВПЕН кездесіп, іс-шараның анық-қанығын сұраған едік.  

08 Қараша, 2017

ХХVІ чемпионат: жетістіктер  жалғасы

Футболдан Қазақстанның ХХVI біріншілігі де өз мәресіне жетті. Биылғы чемпионат көп өзгерістерге толы болды. «Ордабасы» тарихында тұңғыш рет қола жүлдегер атанды. 2017 жылы чемпионаттың форматы өзгеріп, командалар бұрынғымен салыстырғанда бір матч артық ойнады. «Қайрат» биыл да «Астанадан» асырып көп гол соққанмен, тағы да чемпиондықты елордалықтарға беріп қойды. Міне, осындай қызыққа, тартысқа толы тағы бір чемпио­нат артта қалды.  «Астана» өткен жылы қатарынан үш жыл чемпион атанып, «Ақтөбенің» рекордын қайталаған еді, биыл қатарынан төртінші мәрте чемпион атанып, ел біріншілігінде жаңа рекорд орнатты. Енді чемпиондық тәжге тағы да қолы жетсе, ең көп чемпион атанған «Ертіс» пен «Ақтөбенің» тарихи жетістігін қайталамақ.

Технология • 08 Қараша, 2017

UIB президенті Дархан Ахмед-Заки: Біздің келешегіміз – цифрлы экономика

Жоғары білім алу адам өмірінің дамуында аса маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, адамдар көзқарасының заман талабына сай өзгере бастағаны білім беру инновациясын жетілдіре түсу үдерісін тіпті тездете түскендей. Жоғары оқу орындарында жаңаша білім беру, жаңа мамандықтар игеру, экономика мен бизнеске қажетті терең құрылымдық түрлендіру қажеттігі туындаған сонау тәуелсіздік алған жылдарда UIB – Халықаралық бизнес университеті де білім теңізіне өз қайығын салған еді. Содан бері 25 жыл уақыт өтіпті. Қазақстан экономикасының жаңа кеңістігі үшін жаңа пішінмен жұмысын бастаған  жоғары оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы UIB президенті Дархан Жұмаханұлы Ахмед-Заки әңгімелейді.

Аймақтар • 08 Қараша, 2017

Павлодарда ескерткіштерге QR-кодтар орнатылып жатыр

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының хабарынша, бұл жоба  жұмыстарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 

Қазақстан • 08 Қараша, 2017

«Қаз­ТрансОйл»-ға 20 жыл: Болат құбыр бойымен 815 млн тонна мұнай тасымалданды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «Қаз­ТрансОйл» акционерлік қоғамы биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт аралығында кәсіпорын мемлекет қазынасына қомақты қаржы құйып, іргелі істердің басы-қасынан табылды. Сөзімізді нақты сандармен әдіптесек, осынша жыл ішінде болат құбыр бойымен 815 млн тонна мұнай мен 380 млн текше метрден аса су тасымалдапты. Жүк айналымы екі еседен астам артса, ел бюджетіне компания тарапынан аударылған салық көлемі 304 млрд теңгеге жеткен. Республикада өндірілетін «қара алтынның» 47 пайызы отандық мұнай құбыры арқылы тасымалданады.

Медицина • 08 Қараша, 2017

Сенат депутаты: Латын әліпбиіне өту – ұлт тілінің болмысын сақтау

Екі ғасырдың тоғысында алған тәуелсіздікті баянды ету, бекіту, өрісін кеңейтіп, өркенін өсіру оңай болған жоқ. Алмағайып уақытта қиындықтың қыспағында қалған халықты ертеңіне сендіріп, көрер жақсылықты көңіліне қондыру үшін де істі тиімді ұйымдастыру керек болды. Осындай сын сағатта «Менің халқым мынау үрейлі әрі қанды ғасырда тәуелсіздікке расында да зарыға аңсаумен қол жеткізді. Мен осы халықтың жаны мен қанының бір бөлшегімін, сондықтан драмалық ғасырдың соңында маған жасалған сол таңдауға лайықты болуға тиістімін», деп білім-білігімен, өмір тәжірибесімен бел шеше кіріскен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұралап қалған экономиканы көтеруді, жұртты жұмыспен қамтуды халықтың құлдырап бара жатқан әл-ауқатын оңалтуды, кемел келешек иесі жастарды оқытуды, өзге де қиын түйіндерді бірінші кезекте шешуді қолға алды.

Білім • 08 Қараша, 2017

Педагог пайымы: Жаңа бағалау жүйесін жетілдіру керек

Оқушы білімін бағалаудың жаңа жобасын ұсынушылар дәстүрлі ба­ға­лау жүйесін сынға алып, еш ере­жесі бол­мағандай көрсетіп, әр мұға­лім субъективті баға қояды деуі шындыққа жанаспайды. 

Яндекс.Метрика