Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90786 материал табылды

Аймақтар • 02 Қараша, 2017

Халықаралық жолаушылар хабын дамыту жайы талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшы топпен бірге Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. Мәжіліске  жұмысшы топтан бөлек, облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, Шымкент әуежайы елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан әуежайлардың бірі екенін айтты. Сонымен бірге әкім осы жылдың 9 айында мұндағы жолаушылар ағымы 600 мыңнан астам адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  30 пайызға артқанын атап өтті.  Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 02 Қараша, 2017

Қостанайда 120 отбасына пәтер кілті табыс етілді

Қостанайда 9-шы және «Әуежай» шағын аудандарында  көп қабатты екі үй пайдалануға берілді. Облыс  әкімі Архимед Мұхамбетов  тұрғынды баспана қуанышымен құттықтап, оларға пәтер кілтін табыс етті.

Руханият • 02 Қараша, 2017

Берік Арын: Заң талаптары қоғамның тыныштығын көздейді

Биыл қыркүйек айында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылғанына бір жыл толды. Осы уақыт аралығында саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын ведомство тарапынан көптеген іргелі жұмыстар қолға алынып, бірқатар стратегиялық құжаттар әзірленіп, қабылданды. Айталық, маусым айында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы тұжырымдама қабылданды. Қыркүйекте Үкімет қаулысымен құжатты жүзеге асыру жоспары бекітілді. Ал қазан айында Үкімет қарауына «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді. Министрліктің бастамасымен іске асырылған заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі білу мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынмен әңгімелескен едік.

02 Қараша, 2017

ОҚО әкімі халықаралық ғылыми конференцияға келген ғалымдармен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың асыл перзенті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына келген ғалымдармен кездесті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 02 Қараша, 2017

АҚШ билігі грин картадан бас тарта ма?

АҚШ Президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі оқиғадан кейін грин-карта визалық лотереясын тоқтататынын айтты. 

Аймақтар • 02 Қараша, 2017

Асқар Мамин Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен барды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына барды.  Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 02 Қараша, 2017

Павлодарда жұмыспен қамту орталығы ашылды

Облыс орталығындағы Бектұров көшесі 115 үйде орналасқан жаңа орталық күніне 300-ге жуық адамды қабылдай алады.

Әдебиет • 02 Қараша, 2017

Ұлттық кітапхана ұжымы Қытайдың басты кітапханаларында іссапарлық кездесулер өткізді

«Мәдениетіміздің қаншалықты ілгері басқанын немесе кері кеткенін көрсетіп отыратын қатесіз өлшеуіштің бірі – кітапхана» дейді Міржақып Дулатұлы. Жастарымыз бойындағы отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, төзімділік сынды қасиеттерді арттыру жолында рухани құндылықтардың маңызы зор екені, ал рухани құндылықтардың қайнар көзі – кітапханалар екені белгілі. Еліміз рухани ордаларының қазіргі қоры тек өзімізге тиесілі  кешегі және бүгінгі тарихымызға ғана емес, күллі адамзатқа ортақ құнды мұраларға толы екені бізді аузын айға білеген алпауыт мемлекеттер алдында да ерек ете түсетіні анық. 

Қазақстан • 02 Қараша, 2017

Еврей қауымының өкілімен кездесті

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуразиядағы еврей қауымын қолдау ұлттық коалициясының төрағасы Даниэль Рубинмен кездесті.

Аймақтар • 02 Қараша, 2017

Мектеп оқушылары әскерге барды

Атырау гарнизонының «Сарбаз», «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубтарының мүшелері «Әскердегі бір күн» шарасына қатысты. 

Яндекс.Метрика