Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Әдебиет • 20 Қазан, 2017

Ескірмейтін шығармалар қайталап оқылады

Соңғы уақытта қазақ жазушыларын қайталап оқуға ден қойдым. Төлен Әбдік жетпіс бес жасқа келді дегенде, кітаптарын қайта парақтап шықтым. Жа­қында ғана «Парасат майданын» оқыдым. 

Әдебиет • 20 Қазан, 2017

Түн жанарындағы жас

Кемпірдің көршісіне айтқаны Марқұм ұлымды бала кезінен-ақ беті­нен қақпай өсірдім. Бес жасында­ ағасынан қалмай әріп таныды. Директордың бірінші сыныпты оқымай-ақ, екіншіден бас­тасын дегеніне көнбедім емес пе? Құр­дас­та­рым­мен бірге оқығым келеді деп өзі де өтінді. Сол­ құрдастары түбіне жететінін кім біл­ген?! Әттең, екінші сыныпқа секірте беру ке­рек еді... Қатарының алды боп өсті. Мек­тебін алтын белгіге аяқтап, университетке түс­кенде кішігірім той жасап едік, иә-иә, өзің де келдің емес пе?

Әлем • 20 Қазан, 2017

Жапон жазушысы Кадзуо Иси­гуро жайлы не білеміз?

Биылғы жылдың Нобель сый­­лығы тегі жапондық, Бри­та­ния жазушысы Кадзуо Иси­гуроға «романдарындағы алапат сезім қуаты әлем мен адам арасындағы тылсым байланыстың тұңғиығына жол ашқаны үшін» берілді. Британия басылымдары Исигуроның лау­реат атануын жарыса жазып, қазіргі заманның ең беделді жазушыларының санатына қосып отыр. 

Әдебиет • 20 Қазан, 2017

Бәтидің бағы

Ықтасында жатқан ел еді. Десе де, біздің ауылда жел тұрмаса да шөптің басы қимылдайды. Бұ жолы шынымен дауыл көтерілді. Шөп-шөңге емес, қарағай басын шайқады. Шайқамай қайтсін, Алматыдан асығыс жеткен хабар облыс басшыларын қос қолтығынан көтерген. Ол суыт жаңалық алатаңмен аудан асқан.

Әдебиет • 20 Қазан, 2017

Шахмардан Есеновтің туғанына 90 жыл

Қазақта «Әкеге тартып ұл туар», «Көргені жақсы көш бас­­тар» деген парасатты сөздер бар. Шыққан тегінің Қаратаудай рух күші Алатаудай асқақ арман­ға бастаған Шахмардан Жо­ра­бекұлы Есеновтің өмір­ жолында үлгі тұтқаны Қа­ныш Сәтбаев болыпты. Қос алып­тың тағдыры ұқсас өрбігені де содан шығар. Екеуі де геолог, Қазақстан Ғылым академия­сының президенті, Одаққа та­нылған ірі тұлға, әлемдік ауқым­дағы істерге араласқан қоғам қайраткері.

Аймақтар • 20 Қазан, 2017

Шығыс Қазақстанда «Менің мектебім» жобасының тұсауы кесілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», деп жазған еді.

Қазақстан • 20 Қазан, 2017

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек. Оның ерекшелігі неде?

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде МСАК дамытудың басым бағыттары. 

Әлем • 20 Қазан, 2017

Ыстанбұлда «Баға­­лау саласының ұлттық әлеуеті» атты конференция өтті

Кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты – өз хал­қы­ның әл-қуатын арттыру. Ал халықтың әл-қуаты экономикалық қа­жет­тілікті өтеумен ғана емес, мемлекеттік қызмет көр­сетулерді жоғары деңгейде жүзеге асыру арқылы да артады.

Аймақтар • 20 Қазан, 2017

Қызылжарда 30 мыңға жуық шағын бизнес орындары жұмыс істейді

Бүгінде Қызылжар өңіріндегі белсенді жұмыс істейтін 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілерінде 100 мыңнан астам адам тұрақты түрде еңбек етеді. Десек те, бұл салада бюрократтық бұра тартулар мен заңсыздықтар да аз кездеспейді. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен Болат Палымбетовтің қатысуымен өткен жергілікті кәсіпкерлер палатасының кеңесінде түйткілді мәселелер қозғалып, тығырықтан шығу жолдары талқыланды.

Аймақтар • 20 Қазан, 2017

ШҚО-да «Шахан-Ата» кәсіпорнының құрылғанына 20 жыл толды

Өскеменнің іргесіндегі Глубокое кентіндегі «Шахан-Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына биыл 20 жыл толды. Оны Жаңабай Тастанбеков басқарады. 20 жылдың ішінде аталмыш кәсіпорын Қазақстанның қалаларын былай қойып, көрші Ресейге өз тауарларын шығарып жатыр. Ал олардың ішінде нан, нан-тоқаш тағамдарының – 15, 40-тан астам тәтті пірәндік, 70-тен астам бисквитті-кремді торт, кондитер тағамдарының 100-ден астам түрі бар. Ол ол ма, келешегі кемел кәсіпорынның күнбағыс майын сығатын, ағаш ұстасы, жиһаз цехтары, құрылысқа қажет құм және көмір қалдықтарынан кірпіш жасайтын зауыт, мал соятын қасапханасы бар.    

Яндекс.Метрика