Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

16 Қаңтар, 2019

Алматыда сымбатты ескерткіш орнатылды

Қалың ойлардың құшағына қамалып жол жиегімен келе жатқанымызда шаһардағы Орталық музей маңынан өзгеше өрнектелген өнер туындысын кездестірдік. Кейін білгеніміздей, бұл жас суретшілер орталығының өнерлі жастарының қолынан шыққан Босаға өрнегі екен. Халқымыз қадір тұтқан киелі босағаның киесін бойымызға сіңіріп өскен біз үшін, бұл құндылықтың қасиеті құлжадай қадірлі еді.

16 Қаңтар, 2019

Алматыда аудармашылар мен авторлар кездесті

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аударуға байланысты «Ұлттық аударма бюросы» өткізген кезекті жиын кеше Алматы қаласында жалғасын тапты. Бұл жоба Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі.

16 Қаңтар, 2019

Жанкүйерлер «Астана Опера» балет труппасын Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қарсы алды

Астана уақыты бойынша сағат 6:15-те елордамызға Еуропадағы салтанатты гастролін тәмамдаған «Астана Опера» театрының балет труппасы оралды. Балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бастаған әртістерді таңсәріден театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров, шығармашылық ұжым, сонымен бірге асқақ өнерді бағалаушылар қарсы алды.

16 Қаңтар, 2019

Депутат «Астана-Арена» стадионындағы кемшіліктерді атап көрсетті

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов «Астана-Арена» стадионындағы футбол кезінде қызмет көрсету саласындағы кемшіліктерді атап көрсетті.

16 Қаңтар, 2019

Ең белсенді салық төлеуші 126 084 түбіртек жіберген

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» республикалық акциясын өткізген болатын. Акцияға қатысушылар көп болды, кәсіпкерлер де қарапайым ауыл тұрғындары да елімізде салық түсімінің молаюына қомақты үлес қосып, азаматтық позициясын білдірді.

16 Қаңтар, 2019

Қ.Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президентін қабылдады

16 қаңтарда Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президенті Марк Биирді қабылдады.

16 Қаңтар, 2019

Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады.

Қазақстан • 16 Қаңтар, 2019

Болат қолда балқыған бояулар

  Ол Еуропа кескіндеме мәнерінің үздік үлгілерін біріктірген  педагог-суретшілер Кончаловский мен Фальктың мектебінен өтті. Мәскеудегі Строгонов училищесі мен Бүкілодақтық көркемсурет-техникалық шеберханасында шабытын шыңдап, бекзат өнердің болмысына бойлады. Табиғи талантын еңбекпен егіз ұштастырған өзі де бейнелеу әлемінің көрнекті өкіліне айналды. Қазақ көрермендері Лидия Литвиненконың кенебіндегі кемерленген кескіндермен алғаш рет 1936 жылы танысыпты.

Қазақстан • 16 Қаңтар, 2019

Инспектор өліміне қатысы бар браконьерлер анықталды

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Е. Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар барлық браконьерлер анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

16 Қаңтар, 2019

Алдағы күндерде ауа райы қандай болады?

Республикада алдағы үш тәулікте ауа-райы жылынады.