• 16 Қаңтар, 2019
«Мұғалім мәртебесі» заңына қатысты 8 мыңнан астам ұсыныс түскен
Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева, Парламент Мәжілісінің депутаттары И.Смирнова және Н.Дулатбековтың, сондай-ақ Астана қаласындағы педагогтар қауымдастығының қатысуымен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
• 16 Қаңтар, 2019
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы халқымыздың кемел келешегіне жол көрсететін келелі ой, батыл шешімдерге құрылған ұлттық бағдарлама және адамзаттық ақыл-ойға ықпал ететін әлемдік рухани тұжырымдама деп айтуымызға болады. Елбасы мақаласын әлем ғалымдары мен саясаткерлері, философтары «Назарбаев ілімі» ретінде зерттеп, зерделеуі оның әлемдік өркениеттегі маңызын білдіріп отыр.
• 16 Қаңтар, 2019
Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды
Қарағанды облысында медицина кадрларына деген тапшылық мәселесі бірте-бірте сәтімен шешіліп келеді. Бұған жергілікті әкімдіктің облысқа келіп жұмыс істеуге құлық танытқан жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыра бастауы себеп болды деуге берік негіз бар.
• 16 Қаңтар, 2019
Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді
Жаңа мыңжылдық күн өткен сайын нағыз цифрлы әлемге айналып барады. Бүгінде үйде отырып ұшаққа, пойызға билет аласыз, компьютер, түрлі гаджет арқылы бар қажетіңізді, үстіңізге ілер киімнен бастап ішер асыңызға, керегіңіздің бәріне тапсырыс бересіз. Яғни, бір қолыңызды екі ете алмай жатқанда «ләппайлап» қызмет ұсынатын осы цифрлы жүйенің игілігі қоғамдық өмірге дендеп енді. Енді қаңтардан бастап еліміздің барлық емдеу мекемелерінде қағазсыз жүйе іске қосылды.
• 16 Қаңтар, 2019
Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері
Елбасымыз жыл сайын халықтың жай-күйі мен сана-сезіміне, қажеттілігіне қарап, көпшіліктің көкейіндегі мәселені дөп басып, өз Жолдауын арнайды. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы әрбір қазақстандықтың жүрегінен жол тауып, үлкенге ізетті ой, кішіге бағдарлы бағыт береді.
• 16 Қаңтар, 2019
Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
• 16 Қаңтар, 2019
Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, 2018 жылы жоғары сұранысқа ие 15 мыңнан астам мемлекеттік «әдемі» нөмірлер сатылған.
• 16 Қаңтар, 2019
Электронды қызмет – заманауи міндет
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Электронды үкімет» және мемлекеттік қызметтер көрсетуді дамыту мәселесі қаралды. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтердің 2020 жылы кемінде 90 пайызын электронды форматқа көшіру туралы тапсырма берген болатын.
• 16 Қаңтар, 2019
Қаншама ұзақ ғұмыр кешкенімен өмірдің соңына қарай қамшының сабындай болып шолтаң ете қалатын, көрген түстей жалт етіп өте шығатын жарық дүниені ата-бабаларымыз «жалған» деген бір-ақ ауыз сөзбен түйіндепті. Күні кеше ғана ортамызда жүрген Есенқұл ақын айтқандай «Біздермен жерді бір басқан, сүйгізген, сүйген, мұңдасқан» Абай Сәдуақасұлының өмірден өткенін ойлағанда бұл тұжырымның ақиқаттығына көзің тағы бір жете түсетіндей...