Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 11 Қазан, 2017

Трансшекаралық су ресурстары Орталық Азия елдері үшін күрделі мәселеге айналды

Алдымен мына деректерге назар аударайық: Жер шарының 70 пайызы өзіміз күнде тұтынып немесе пайдаланып жүрген судан тұрады. Солай бола тұрса да, бүгінде әлем халқының 70 пайызы суға зәру. Бұл жағдай 2025 жылға қарай тіпті ушыға түспек. Алдағы 15-20 жылда осы су мәселелері жаһанда ең басты және өткір проблемаға айналуы мүмкін. Бұл Орталық Азиядағы бір-бірімен көршілес жатқан бес мемлекетке де қатысты.

Қазақстан • 11 Қазан, 2017

Хангелді Әбжанов: Әр дыбыс дербес таңбасын анықтады

Күні кеше ғана Ақордада латын әліпбиіне көшудің жай-жапсары егжей-тегжейлі айтылып, келешекте жасайтын қадамы қарастырылған басқосуда тіл төңірегіндегі мамандар Президентімізге байыппен жасалған тағы бір жобаны таныстырды. Көпшіліктің көңіл толмастығы мен ел наразылығының ескерілгені, Президентіміздің әр әріптің, әр дыбыстың тағдырын ойлап, жіті назар аударып, бақылап отырғанына жұрт куә болды. 

Қазақстан • 11 Қазан, 2017

Оразақ Смағұл: Латын әрпімен хат таныған адаммын

Ақордада мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өткені белгілі. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты еліміздің көрнекті тұлғалары, ғылыми орта мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өздерінің өзекжарды пікірлерін білдіруде. Олардың Президент бастамасына қызу қолдау жасап жатқанын жақсылық жоралғысына балағанымыз жөн. Біз бүгін газетімізде сондай соқталы ойлардың бір парасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.    

Үкімет • 11 Қазан, 2017

Үкіметте «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, сондай-ақ әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту саласын жаңғырту жайы, Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар, цифрлы экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау сияқты бірнеше ауқымды мәселе қаралды.   

Медицина • 11 Қазан, 2017

Бейбіт Атамқұлов: Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ

Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында Жер орбитасына ғарыштық аппараттарды жеткізетін «Союз-2» зымыран-тасығышы ұшырылған жағдайда оның аталған ауданның тиісті аумағына зиянды-зиянсыздығы кеңінен талқыланған қоғамдық тыңдау өткен болатын. Қоғамда айтарлықтай пікірталас туғызған мәселеге байланысты оның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында біз Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.

Аймақтар • 10 Қазан, 2017

Мәжіліс депутаттары Родина ауылында көшпелі отырыс өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттық тобының көшпелі отырысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Родина ауылында өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутатттар «Родина» агрофирмасының жай-күйін көзбен көріп, ауылдық жағдайда өмір сүруге үлгі боларлық нысанның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Аймақтар • 10 Қазан, 2017

Маңғыстау облысының әкімі Корея Республикасының елшісімен кездесті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэсик Кимді қабылдады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Медицина • 10 Қазан, 2017

Астанада жазасын өтеушілердің шығармашылық көрмесі өтті

10 қазан – әлемде өлім жазасына қарсылық күні ретінде аталып келеді. Атаулы күнге орай Астанада халықаралық түрме реформасы (PRI) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі мен Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Бостандықтан тыс өнер» атты көрме өтті.

Президент • 10 Қазан, 2017

Назарбаев құқық қорғау қызметіне қатысты заң жобасын Мәжілістің қарауына енгізді

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Президент • 10 Қазан, 2017

Ақорда Елбасының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Яндекс.Метрика