Тарих • 11 Қазан, 2017
Ырғайлы сайдағы құпия жазу сапары
Астымыздағы жол таңдамайтын жеңіл көлік ышқына гүрілдеп, солтүстік жақты нысанаға алып бар жылдамдықпен зымырап келеді. Басты бағытымыз – тамыры тереңге жайылған, тарихы талайды тамсандырған Жаркент өңірінің Жетісу Алатауы. Іссапарымыздың негізгі мақсаты – әзірге бізге белгісіз аталмыш тау қойнауындағы жартаста жазылған «Беймәлім жазуды» көзбен көріп, суретке түсіріп қайту.
Футбол • 11 Қазан, 2017
Мессидің үш голы Аргентинаны әлем чемпионатына алып шықты (видео)
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Аргентина құрамасы сырт алаңда Эквадор командасымен күш сынасты. Тартысты кездесуде «альбиселесте» ұжымы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Тарих • 11 Қазан, 2017
Амангелдінің пейілінің кеңдігі мен парасатының кемелдігін Қаныш Сәтбаевқа, біреуге тек «болсын» дейтін шапағатын Ахмет Жұбановқа, өзгені жанындай сүйіп, өз халқының өнерін бәрінен биік санайтын ұлтжандылығын Ильяс Омаровқа ұқсатып, қаршығадай жұтынған тар кеудесіне қалайша үлкен жүрек біткен деп, сәулелі ойға шуақтаймын. Бұл оны аспандатар мадақ емес. Бітімі солай. Онымен әр сұхбатым – өмірдің бір ләззатты тынысы.
Әдебиет • 11 Қазан, 2017
Өз ақындарымызды бағаламай келеміз
Бізде соңғы екі-үш ғасырдағы жауһар сөз зергерлерінің шығармашылығын танып-білуде өзге елдермен салыстырғанда жетістіктер бар. Мысалы, Еуропа мен Америка елдерінің әдебиеті туралы сол ел ғалымдарының еңбектері мен замандас қазақ әдебиеті жайлы қазақ ғалымдарының зерттеулерін салыстырсақ, арасалмақ бірден аңғарылады. Франсуа Вольтер, Оноре де Бальзак, Вальтер Скотт, Теодор Драйзер, Роберт Бэрнс сияқты классиктер шығармаларының өз еліндегі ғылыми зерттеулерге арқау болмағандығы белгілі.
Әдебиет • 11 Қазан, 2017
Алтыншы сыныпқа көшкен жылы астанаға ырыздығы мол, берекелі күздің келгені әлі күнге есімнен кетпейді. Көңілімді арбаған сағымдай жоғалып, көзден бұл-бұл ұшқан ол замандағы Алматы мүлде бөлек, басқа қала болатын. Ұйқыдан тұрып, терезені ашқанда, бүгінгідей қолқа қабатын көк түтін емес, тау жақтан соққан салқын самалмен бірге тынысыңды ашып жіберетін жұпар иіс келетін. Үйіміздің жанынан ағып жататын арықтардың суын шалпылдатып, бүкіл ауланы басына көтеріп шулаған балалардың дауысы тәтті ұйқыңнан оятып жіберіп, күн алтын тостағандай жарқырап, қызық думанға шақырып қоңыраулатып, дүниені шаттыққа бөлейтін. Бұрымдары тарқатылып кеткен ағаштардың жапырақтары да кеңес құратындай, бір-бірімен күні бойы сыбырласып-сыбдырласып жатушы еді.
Білім • 11 Қазан, 2017
Жаңартылған білім беру бағдарламасын ата-аналар жақсы қабылдады
2016-2017 оқу жылынан бері жаңартылған білім беру аясында жалпы білім беретін оқу бағдарламасы іске асырылуда. Бұл жаңа жүйе халық тарапынан түрліше қабылданып жатқаны рас. Консерваторлар тың жүйеге түсінбеушілік танытса, жаңалыққа жаны құмар, алға ұмтылушы жаңашылдар қуанышпен қарсы алып, үздіксіз үйреніп, бағдарлама ерекшелігін бағалауда.
Білім • 11 Қазан, 2017
Бес күндік оқыту - бала тәрбиесіне мүмкіндік береді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық сананы жаңғыртудың нақты жолдары көрсетілді. Елбасы тапсырмаларының ішіндегі ең бір жауапты үлкен міндет – жастарды жеке тұлға, азамат деңгейінде тәрбиелеу және сапалы білім беру.
Аймақтар • 11 Қазан, 2017
Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Шығыс Қазақстандағы күндері өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Шығыс Қазақстандағы күндері өтті. «Барлығы жастар үшін» деген ұранды ту еткен қор өкілдері облыс орталығы Өскеменде бірнеше кездесу ұйымдастырды. Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев әуелі облыс әкімі Даниал Ахметовпен жүздесіп, атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Қазақстан • 11 Қазан, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің аграрлық секторына баса назар аударғаны белгілі. Нақтылай айтатын болсақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылу жағдайын мониторингілеу, сонымен қатар пайдаланылмай жатқан барлық жерді нарықтық айналымға шығару үшін оны мемлекетке қайтару, жерді пайдалану тиімділігін арттыру, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40 пайызға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажеттігін тапсырған еді.
Әлем • 11 Қазан, 2017
Каталония басшысы тәуелсіздік декларациясын жариялауды кейінге қалдыруға шақырды
Каталония автономиялық провинциясының басшысы Карлес Пучдемон Испаниядан бөліну жөнінде диалогты жалғастыру мақсатында тәуелсіздік декларациясын жариялауды кейінге қалдыруға шақырды, деп хабарлайды ВВС.