• 25 Қыркүйек, 2017
Қазақ баспасөзінде бір дәуірдің ұзына бойында жетекшілік күшті иеленген Шерхан Мұртаза тұлғасы бірегей тұтас, айбынды жаратылысының жұмбағы ашылмаған қалпы тартымды да
• 25 Қыркүйек, 2017
Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын іштей арқаланып, әр қазақтың адамгершілік қалпы өзінің тарихи жадын, табиғи болмысын сақтап қалудан басталады деген таным-түйсікпен 1,5 мың шақырымдық жолды басып өтетін туған жерге қарай асығыс жиналып, тартып бердік.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Қарағанды облысының Балқаш қаласына қарасты Саяқ кентінде өзекті проблемалардың бірі – сумен қамту мәселесі. Тұрғындар жылдар бойы ауыз судың тапшылығын көріп отыр. Су тәулігіне небары бірнеше сағатқа ғана беріледі. Оған себеп, кентті сумен қамтып отырған «Тоқырау-Саяқ» су таратқышының әбден тозығы жеткен.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Атыраудың мұнай-химия кешені: бүгін және ертең
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Мұнай-газ кешендері стратегиялық маңызын сақтауы тиіс. Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс» деп атап көрсетілген. Жолдау жүктеген міндеттер орындалып келеді. Жыл басынан бері республика бойынша 56,96 млн тонна мұнай өндірілді. Оның ішінде еліміздегі мұнай-газ өндіру мен өңдеудің барлық секторларын қамтитын бірден-бір аймақ ретінде Атырау облысының көрсеткіші жоғары. Қазір аймақта жұмыс істейтін 600-ден астам кәсіпорынның 30 пайызы шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған.
Кино • 25 Қыркүйек, 2017
Апта фильмі: «Kingsman: Алтын сақина»
Шытырман оқиғаға құрылған комедия, боевик жанрындағы «Kingsman: Алтын сақина» фильмі осы уақытта Қазақстан кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Фильм режиссері Мэттью Вон мен Джейн Голдман бірлесіп жазған сценарий желісі «Kingsman: Құпия қызмет» (2014) фильмінің жалғасы ретінде көрініс табады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Цифрландыруға бағдар: сөзден іске
Таяуда Астанада аталған бағдарламаға орай Мемлекет басшысының қатысуымен үлкен жиын өтті. Сонда Президент «Біз тәуелсіздік жылдары ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылдық.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Атырау жұртшылығы латын әліпбиін қолдайды
Болашақ ұрпақ үшін жаңа технология тіліне айналған латын әліпбиін қолданысқа енгізудің маңызы зор. Қазақтың ұлт ретінде ұйысуына, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік өркениетке кеңірек танытуға ықпал ететін бұл қадамды Атырау жұртшылығы да қолдайды. «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері» бойынша «Латынға көшу: болашақ таңдауы» атты идеологиялық актив жиналысында өрелі ойлар айтылды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Ғылым мен технологияның төл таңбасы
Қазақ қоғамын жаңғыртуға бастаған бірінші, екінші жаңғыру еліміздің экономикалық әлеуеті мен халқымыздың жасампаздығын әлемге паш етті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде атап көрсетілгендей экономикалық және саяси реформаны қоғамды рухани жаңғырту арқылы ғана баянды етуге болады. Сондықтан да қоғамдық сананы өзгерту – қазақстандық үшінші жаңғырудың қуатты қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Елімізде латын әліпбиіне өту шарасына орай қызу пікірталас өрбуде. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде қойған міндеттерге байланысты қазақ әліпбиіне көшудің тиімді жолдары талқыланып, ұсыныстар жинақтау қарқын алды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің тұңғыш форумы өтті
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның әлеуметтік сала еңбеккерлерінің форумына қатысты. Форумның мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені талдап қорыту, негізгі бағдарларды анықтау, әлеуметтік сала еңбеккерлерінің рөлі мен олардың еңбегін қайта сараптау.