Аймақтар • 15 Қаңтар, 2019
Облыста апат жағдайында 5 мектеп бар
Орал қаласындағы №31 және №33 мектеп ғимараттары, Ақжайық ауданындағы Абай атындағы гимназия, Махамбет Өтемісов атындағы орта мектеп және Қазталов ауданындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектеп ғимараты апат жағдайында тұр. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова биыл Чапаев пен Қазталов ауылдарында жаңа мектеп құрылысы басталатынын айтады.
Өнер • 15 Қаңтар, 2019
Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан дәстүрлі ән өнері түрленген жаңаша форматта көрерменге жол тартты. Жиыны 17 концерттен құралған музыкалық жобаның мақсаты – дәстүрлі өнердің қаймағы саналатын ән қазынасымен тыңдарманды етене қауыштыру.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Сыйақы мөлшері – 3,1 миллиард теңге
Ақтөбе облысының әкімдігі 2018 жылдың желтоқсан айы ішіндегі Тұңғыш Президент, Тәуелсіздік күні мерекелеріне байланысты және жыл қорытындысына орай қызметкерлер мен жұмысшыларға сыйақы төлеу жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл шақыруға облыстағы үлкенді-кішілі кәсіпорындар жетекшілері нақты іспен жауап берді.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
«Е-ПИК»: жаңа порталдың пайдасы көп
Коммуналдық қызметке қатысты ақпараттар, тұрғын үйді жөндеу, аумақты тазарту, жарықтандыру жұмыстарына жиналған қаражаттың қайда, қалай жұмсалғаны туралы атыраулықтар енді интернеттен біле алады.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Оралбай Әбдікәрімов: Жеті қазынамызға жанашыр болайық
Бурабайдың баурайында тәуелсіздік мерекесі күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілген болатын. Екі күн бойы зеңгір көкте қыран қалықтап, жалпақ жонда жүйрік тазы жүйткіп, адам айтқысыз қызық-думанға бөленді. Жеті мемлекеттің өкілі тамсана таңырқаған осы шарада жеті қазынамыздың жанашыры болып жүрген «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылығы субъектілері республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлымен жолығып, тілдескен болатынбыз.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Бангкокта ауаның ластануынан халық тұншығуда
Бангкоктағы 50 ауданның 30-ында ауаның ластану деңгейі шектен тыс жоғарылады.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Елбасы еліміздегі төртінші мегаполис болуы керек деген тапсырма берген Ақтөбе қаласының өзінен елордамыз Астанаға тікелей қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтап қалды. Қазір темір жол желісінде «Ақтөбе-Астана» деген пойыз құрамы мүлдем жоқ. 900 мыңға жуық тұрғыны бар облысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының не себепті шетқақпай қылып отырғандығы түсініксіз. Өйткені осы компанияның шешімінен кейін Ақтөбе облысы елордамызбен тікелей жолаушылар пойызы қатынасы тоқтатылған жалғыз өңір болып отыр.
Әлем • 15 Қаңтар, 2019
Ауғанстандағы жарылыста 4 адам қаза тапты
Ауғанстанда қуатты жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 90-ға жуығы жарақат алды.