Парламент • 28 Тамыз, 2017
Ынтымақтастық келешегі талқыланды
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Парламенті Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Кристин Муттоненмен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Парламент • 28 Тамыз, 2017
Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
Аймақтар • 28 Тамыз, 2017
Жыл сайын өсіп-өркендеп, ажары атқан таңдай ашылып келе жатқан Ақтөбе қаласында болып па едіңіз? Еліміздің батыс өңіріндегі осы шырайлы шаһардың қақ орталығында, облыстық әкімдік ғимаратының алдында орналасқан Әбілқайыр хан ескерткішін көріп пе едіңіз? Мұны тереңнен ойластырылған мүсін өнерінің ерекше де күрделі туындыларының бірі десе де болады. Оның құрамдас бөліктері бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің сәнін келтіріп тұр. Еңселі ескерткіштің алдыңғы тұсы аласалау баспалдақ пішініндегі қызыл гранитпен көмкерілген. Тас тұғырда Әбілқайыр ханның бейнесі қоладан құйылып қойылған.
ЭКСПО-2017 • 28 Тамыз, 2017
«ЕуроХим» ЭКСПО қалашығында 6 айдағы жұмыс нәтижесімен таныстырды
Халықаралық «ЕуроХим» минералды-химиялық компаниясының Жамбыл облысында бірқатар жобаларды бастап кеткенінен жұртшылық хабардар. Халықаралық компанияның еліміздегі басшылығы ЭКСПО қалашығында соңғы алты айдағы жұмыс нәтижесімен, сондай-ақ, электр қуаты мен су көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиямен таныстырды. Шара барысында компания тарапынан «Алматы-2005» балалар хоккей командасы марапатталды.
ЭКСПО-2017 • 28 Тамыз, 2017
Финляндияда білім алуға мүмкіндік молайды
ЭКСПО қалашығындағы Финляндия павильонында Финляндия Мәдениет және білім министрі Санни Гран-Лаасонен мен Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев бастаған қос тараптың өкілдері білім саласында меморандумдарға қол қойды.
ЭКСПО-2017 • 28 Тамыз, 2017
ЭКСПО-2017. 3 миллионыншы мейман тіркелді
ЭКСПО қалашығы өзінің үш миллионыншы келушісін күтіп алмас бұрын ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерін жиып, сақадай-сай отырды. 25 тамыз күні күндізгі сағат 12-ден 38 минут өткенде есеп жүйесі қалашық қақпаларының бірінен қаннен-қаперсіз аттаған Юрий Шурыгин атты мейманды 3 миллионыншы келуші ретінде белгілеп, күзет қызметі оны дереу Медиа орталыққа алып келді. Ол өзін күтіп отырған журналистерді көріп тіпті таңғалды.
Медицина • 28 Тамыз, 2017
Әйелдер – жер бетіндегі ең қуатты энергия иесі
Биыл еліміз үшін ең маңызды және жауапты іс-шараның бір болған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі де аяқталуға жақын. Бұған дейін Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде осындай деңгейдегі халықаралық көрме өткізілген емес. ЭКСПО-2017 көрмесі шын мәнінде Қазақстанның жалпыұлттық жобасына, елдің брендіне, әсем Астанамыздың бойтұмарына айналды. Көрменің аясында әлемнің көптеген елдерінен қонақтардың келуіне себепші болған өте бай мазмұнды және қызу оқиғаларға толы шаралар ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер саны қазірдің өзінде 3 миллион адамнан асып отыр, болжанған саны 2 миллион болатын. Ал жалпы көру көрсеткіші жоспарланған 5 миллионнан артылып, 22 миллионнан асты.
Медицина • 28 Тамыз, 2017
Ауылды «ұстайтын» жігіттер дегенді білесіз, ауылды «ұстайтын» кемпір дегенді естіп пе едіңіз?
Аймақтар • 28 Тамыз, 2017
Таразда «Мойынқұмның даласы мен әуені» атты думанды-сазды концерт өтті
Ежелгі Тараз төрінде қалыптасқан дәстүр бойынша аудан өнерпаздарының концерті өтіп келеді. Осы уақытқа дейін Сарысу, Жуалы және Шу аудандарының өнерпаздары әулиеаталықтарды әсем әнмен тербеп, көркем күймен қуантқан болатын. Халық та ауыл өнерпаздарының өнеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдірген еді.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2017
«Жайдарман» халықаралық деңгейге шықты
Астанада тұңғыш рет халықаралық «Жайдарман» ойыны ұйымдастырылды. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен Қазақстан КВН одағы ұйымдастырған болатын.