Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019

Алматыда Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени елшіні еске алды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы  Бас Консулдығымен бірлескен Қытайдың танымал халық композиторы Сянь Синхайды еске алуға арналған мемориалдық  фотокөрме ашылды.

Технология • 10 Қаңтар, 2019

«NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысы жарияланды

«Нұр Отан» партиясы жас өнертапқыштар арасында өткізген республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысын жариялады. Соған орай бүгін «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Оған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Парламент депутаттары және инновация саласындағы мамандар қатысты.

10 Қаңтар, 2019

Ұлуды бейнелегендер ұлы мүсінші ме?..

Аяқ алып жүре алмайтындай антикварлық мүсіндерімен, мыңдаған турист арнайы келіп тамашалайтын ашық аспан астындағы самсаған мәрмәр мүсіндердің музейлерімен мақтана алмаса да, Алматы өз бойына лайық, ажарын ашатын қолданбалы-кескіндемелік өнердің құнды туындыларынан кенде емес.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019

«Алматы марафоны» жобасынан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады

  Биыл дәстүрлі «Алматы марафоны» ағымдағы жылдың 21 сәуірінде өтеді деп күтілуде. Осы орайда, «Бірінші болу - батылдық» корпоративті қорының өкілдері биылғы марафоннан түсетін қаржыны дәстүр бойынша қайырымдылық мақсатта жұмсайтындарын мәлімдеді. Тіпті қайырымдылық көмек алатын мекемелер де  белгілі болды.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде 24 мыңнан аса жәдігер бар

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК - республикадағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды.

Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019

«Астана» ойыншылары «Жұлдыздар матчының» кеңейтілген құрамына енді

17 ақпан күні Мәскеуде баскетболдан Біріккен ВТБ лигасында сынға түсетін спортшылар арасында «Жұлдыздар матчы» өтеді. Ұйымдастырушылар кеңейтілген тізімге «Астана» ойыншыларын да қосты деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019

2018 жылы экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi

2018 жылы (2018 жылғы желтоқсан 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) инфляция 5,3%-ды құрады. Баға қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіпте 12,4%, ауыл шаруашылығы өніміне - 7,8%, көтерме саудада – 5,6%, құрылыста – 3,9%-ға өсті. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 31,1%, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс – 11,2%,  пошталық және курьерлік қызметтер – 4,5%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019

Қызылордада топан су қауіпті деңгейге жақындады

Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметінде Сырдариядағы мәселеге байланысты брифинг өтті.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019

Ақмолада 22 мыңнан аса жұмыс орны ашылады

Елбасының әлеу­меттік саланы жаңғыртуға ба­ғыт­талған 5 бастамасы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруды көздейді. Ауқымды бағдарламада жүктелген мақсат-міндеттер жүйелі түрде жүзеге асу үстінде. Әсіресе, шағын несие көлемін ұлғайту мәселесі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға мол мүмкіндік ашып отыр.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019

Ақмолалық үздік оқушылар Қызылорда мен Ақтөбеге барады

Облыс орталығында  жалпы білім беретін  пәндер бойынша республикалық    олимпиаданың облыстық кезеңі  өтті. Енді жүлделі бірінші, екінші орын  алған 65 оқушы наурыз айында Қызылорда мен Ақтөбеде облыс намысын қорғайды. Ал, өткен білім додасында 398 оқушы 15 пәннен бақ сынаған.