Медицина • 11 Қаңтар, 2019
Анықтамаларды тегін алуға болады
Осыдан біраз жыл бұрын отандастарымыз мемлекеттік немесе жеке ұйымдардың қызметіне жүгінген уақытта салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жеке код (Бұлардың орысша қысқартылған атауы – РНН және СИК десек есімізге түсер) анықтамасынсыз аттап басуға мүмкін болмай қалғандығын жақсы біледі. Кейін елдегі жаппай цифрландырудың арқасында бұл екі жапырақ қағаздың орнын жеке куәліктегі жеке сәйкестендіру нөмірі басты. Дегенмен сергелдең мұнымен таусылды ма?
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019
Өскеменнен Семейге 4 мың теңгеге ұшып барасыз
Былтыр Елбасы төмендетілген тариф бойынша қызмет көрсететін әуе компаниясын құруды тапсырған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылы субсидияланатын маршруттар тізімі бекітілгенін, оларды іске асыратын авиакомпаниялар таңдалғанын хабарлады.
Технология • 11 Қаңтар, 2019
Жас өнертапқыштар марапатталды
«Нұр Отан» партиясы жас өнертапқыштар арасында өткізген республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысын жариялады. Осыған орай Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2019
Істің әділ тексерілуін сұрайды
Ата Заңымыздың 1-бабында атап көрсетілгендей «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екенін барлық билік тармақтары мен құқық қорғау органдары басты ұстаным етуі тиіс десек те, осы қағиданың орындалмауы салдарынан тығырыққа тірелгендердің жанайқайы алаңдатпай қояр емес.
Білім • 11 Қаңтар, 2019
«Өлкетану» оқулығы өткенге үңілтеді
Жаңа оқулық биылғы қаңтар айынан бастап өңірдегі жалпы білім беретін орта мектептерде оқытыла бастайды. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының бір бөлімі «Туған жер» жобасы аясында жазылған «Өлкетану» оқулығының арнайы таныстырылымы өтті.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019
Ұлт қайраткерінің есімі ұмытылмаса екен
Саналы ғұмырының көп бөлігін жергілікті баспасөзде, «Халық кеңесі», «Егемен Қазақстан» секілді беделді республикалық газеттерге арнап, шындықтың қанын сорғалата жазған өткір публицистикалық шығармаларымен, ойлы мақалаларымен ормандай қалың оқырмандардың айрықша ілтипатына бөленген журналист Мәлік Мұқановқа қандай қошемет көрсетілсе де артықтық етпейді. Алайда, арамыздан мәңгілікке аттанғанына 15 жыл өтсе де, кей мән-мағынасыз шараларға келгенде алдына қара салмайтын мүдделі орындар бірде-бір мезірет жасаған емес. 75 жылдық секілді елеп-ескеруге тұрарлық мерейтойдан да сырт айналды. Отбасының, әріптестерінің арасында ғана атап өтілді.
Медицина • 11 Қаңтар, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы Жолдауында мамандық игерген студенттерді жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше тоқталғаны белгілі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жоғары оқу орны түлектерінің 35,4 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған болса, 40%-ы 12 айда мүлде жұмысқа тұрмаған.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019
Батыс Қазақстан облысында 5 мектеп апат жағдайында
Орал қаласындағы №31 және 33 мектеп ғимараттары, Ақжайық ауданындағы Абай атындағы гимназия, Махамбет Өтемісов атындағы орта мектеп және Қазталов ауданындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектеп ғимараты апат жағдайында тұр. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова биыл Чапаев пен Қазталов ауылдарында жаңа мектеп құрылысы басталатынын айтады.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019
Газетіміздің ең егде оқырманы - Шәукей Жұқанұлы
Биыл жарық көргеніне жүз жыл толатын «Егемен Қазақстан» газеті ең алдымен ормандай оқырманымен еңселі. Ат жалын тартып мініп, азамат болғаннан күні бүгінге дейін басылымнан бір елі ажырамай, берен достықтан айнымай келе жатқан бекзада оқырманы барда, ғұмыры ғасырға жуық газеттің ұлтпен бірге жасай беретіндігі де өмір шындығы.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2019
Атырауда бала өлімі көбейіп тұр
Атырауда өткен жылы 176 нәресте бір жасқа толмай шетінеп кетті. Желтоқсан айының өзінде 23 сәби дүниеге келер-келместен көз жұмды. Әрқайсысы әр үйдің үміті, үміттің тым ерте сөнгенінен ауыр не бар? Жас анаға перзентханадан ұзақ күткен сәбиінің орнына өлімі туралы бір парақ қағаз ұстап шыққаннан ауыр не бар? Өкініштісі, өңірде бала өлімі көбейіп тұр. Ата-аналар дәрігерлерді біліксіз дейді, ал ақ халаттылар отбасын жоспарлау қағидасын ұстанбайды деп ата-анаға кінә артады.