Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

04 Шілде, 2017

Бітімгерлік – сыртқы саясатымыздың басым бағыттарының бірі

Тәуелсіздік алғалы еліміз 182 мемлекетпен дипломатиялық әрі конструктивті қарым-қатынас орнатыпты. Осы ширек ғасырда шет мемлекеттерде Қазақстанның 57 елшілігі мен 31 дипломатиялық мекемесі ашылған. Бүгінде Қазақстанда 95 шетелдің елшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақордада дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйым өкілдіктерінің басшыларымен өткізген дәстүрлі кездесуінде мәлімдеді.

Қазақстан • 03 Шілде, 2017

Елорда төрінде – Эрмитаж жәдігерлері

Әлемде адамдар ең көп баратын 20 музейдің бірі саналатын дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени Эрмитаж музейі Астанаға келді. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өткен «Шығыс пен Батыс: мемлекеттік Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ» көрмесі мыңжылдықтарға ұласқан қару тарихынан мол мағлұмат береді.

Күрес • 03 Шілде, 2017

Семейдің самбошылары Ташкенттен жеті медальмен оралды

Ташкентте самбо күресінен өткен Азия чемпионатында ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Семей қаласындағы «Семей» спорт академиясының самбошылары айды аспанға бір-ақ шығарып, екі алтын, екі күміс және үш қола медальды қанжығаларына байлап қайтты.

Аймақтар • 03 Шілде, 2017

Ақтөбеде стадион трибунасының бір жақ бөлігі құлады

Кеше жергілікті уақыт бойынша 12.26-да Ақтөбе қаласында аяқастынан екпіні атан түйені жығардай қатты жел көтеріліп, дауыл тұрды. Соның салдарынан облыс орталығындағы Батыс-2 деп аталатын құрылыс жұмыстары қызу қарқынды жүріп жатқан ауданда мойнын көкке созып тұрған қос кран серейіп жерген сұлап түсті, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Президент • 03 Шілде, 2017

Мемлекет басшысының төрағалығымен Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті

Қазақстан Президенті орман алқабының аумағын тікұшақпен аралап көріп, «Балқарағай» демалыс аймағында орналасқан этноауылда болды, сондай-ақ «жасыл аймақты» дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен оны одан әрі көгалдандыру жоспарлары туралы хабардар болды, деп хабарлайды akorda.kz.

Аймақтар • 03 Шілде, 2017

ОҚО-дан солтүстікке 2019 адам көшуге ниет білдіріп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі саналады. Осыған орай өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендету мақсатында  халықты  жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру  жұмыстары жалғасып келеді. Десек те, ішкі көші-қон саясатының ел арасында насихатталуы тиісті деңгейде емес. Бүгін бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен  өткен селекторлық мәжілісте мәлім етті.

Президент • 03 Шілде, 2017

Елбасы Астананың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Мемлекет басшысы елорданың айналасындағы жасыл аймақты тікұшақпен аралап, оған дәстүрлі түрде қырғауылдар мен еліктер жіберу шарасына қатысты. Сондай-ақ, іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлады akorda.kz.

Аймақтар • 03 Шілде, 2017

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысында тағы да кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бүгін Жамбыл облыстық әкімдігінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен актив жиыны өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласының әкімі, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Аймақтар • 03 Шілде, 2017

6 шілдеден бастап Сібе көлдеріне автобус жүреді

Шырайлы Шығыс өңірінде демалыс орындары аз емес. Соның бірі – Ұлан ауданы аумағындағы Сібе көлдері.

Президент • 03 Шілде, 2017

Ақорда «Бітімгер миссиясы» фильмінен тағы бір үзінді жариялады

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі «Бітімгер миссиясы» фильмінен тағы бір үзінді жариялады.

Яндекс.Метрика