Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 03 Шілде, 2017

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Солтүстік Қазақстанда болды

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің «Ашық есік» күні аясында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапармен болып, бірқатар мекеме-кәсіпорындарды аралап, еңбеккерлермен кездесті.

Қазақстан • 03 Шілде, 2017

Мәдениет – бейбітшілік пен келісімнің негізі

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі ұлттық мәдени орталықтарының «Мәдени ашықтық − бейбітшілік пен келісімнің негізі» атты азаматтық форумы өтті.

ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017

Кавказ мәдениетіне арналды

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың мекеніне айналған еліміз өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, олар­ды бауырына басуға қашан да дайын. Кеше Астана қала­сында ЭКСПО-2017 маман­дандырылған көрмесін мерекелеу шеңбері барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйым­дастыруымен «Этнос күні» өтті.

ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017

Бес жүз мың қонақ келді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келушілер саны 500 мыңнан асты. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ бас­пасөз қызметінің мәліметінше, елордадағы шараны бастапқы 20 күнде жарты миллионнан астам адам тама­шалаған. 500 мыңыншы қонақ 29 маусым күні кешкісін тіркеліпті.  

ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017

Тай тәжірибесімен бөлісуге дайын

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы қатысушы мемлекеттердің ұлттық күндері жалғасуда. Шілденің алғашқы күні Таиланд корольдігі төл мерекесін атап өтті. Елуден астам әртіс өнерін паш еткен шара барысында әсем табиғатымен әлемге танылған елдің тарихынан сыр шертетін қойылымдар сахналанды. Әсіресе, әдемі ұлттық костюмі, ерекше музыкасы мен ән-биі ешкімді бейжай қалдырмады.

ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017

Сомали сауда қатынасын нығайтуға ниетті

Шілденің алғашқы күні ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Сомали Федеративтік Республикасы ұлттық күнін тойлады. Астанадағы жиында жасыл энергетиканы қолдайтындықтарын білдірген сомалиліктер – өте көңілді халық. Ән мен биді жандары сүйеді екен. Ұлттық мерекелеріне салт-дәстүрлерінен танытатын бағдарлама дайындап әкелген.

Күрес • 03 Шілде, 2017

Еламан нағыз ер екен!

«Қазақстан барысында» ең жас балуан чемпион атанды

Аймақтар • 03 Шілде, 2017

Шежірелі Шыңғыстау

«Жер – әңгімеші, жер әңгімеші болған соң ел әңгімеші», – дейді ұлы Мұхаң, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Жақында дүниеге Абай, Шәкәрім, Мұхтардай перзент сыйлаған алтын құрсақты Шыңғыстауды – ұлылар мекенін екі күнге жуық аралағанда тұла бойы тұнып тұрған шежіре, қойны-қонышы толған тарих екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Бір ғана сапарда қаншама жер-су атауына, олардың тарихына қанығып, қасиетті өлкенің қасиетін тағы бір мәрте сезінудің сәті түсті.

Медицина • 03 Шілде, 2017

Астананың миллионыншы тұрғыны бір жасқа толды

Былтыр бас қаламыздың туған күнін тойлауға қы­зу дайындық жүріп жатқан кезде естілген сүйінші хабар елді елең еткізген-ді. Шіліңгір шіл­денің 3-інен 4-іне қараған түні сағат тура 01:00-де елордадағы №1 перинаталдық орта­лық­та іңгәлаған сәбидің үні естілді. Елорданың 1 миллионыншы тұрғыны осылай өмір есігін айқара ашқан болатын.

Медицина • 03 Шілде, 2017

Қиын кезде қиюын тапқан

Данышпан Абайдың: «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер», деген аталы сөзі небір жетелі ойларға бастайды. Тоқсаннан асқан жасымда алдыма қарасам, ағам дейтіндер бірлі-жарым қалыпты. Артыма қарасам, шүкір дейін, тұлғалы азаматтарым бар екен. Солардың бірі де бірегейі – халқымыздың маңдайына біткен арысымыз, тәуелсіз Отанымыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Яндекс.Метрика