ЭКСПО-2017 • 04 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елімізге түрлі мемлекеттерден өнер иелері келіп, жаңа туындыларын паш етуде. Ел астанасына бұл жолы әлемге әйгілі Швейцарияның сырнайшысы Морис Штегер мен Германияның «Lautten compagney» оркестрі атбасын бұрды.
ЭКСПО-2017 • 04 Шілде, 2017
Мадагаскар: мұхиттың лебі Арқаға жетті
Бүкіл әлем назары қазір Қазақстан астанасындағы ЭКСПО-2017 көрмесіне ауып отыр. Кеше көрме алаңында Мадагаскар Республикасының ұлттық күні аталып өтті.
ЭКСПО-2017 • 04 Шілде, 2017
Голландиялық ғарышкер көрмеге келді
Нидерланд туристерінің бір тобы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу үшін Амстердамнан Астанаға келді. Олардың арасында белгілі голландиялық ғарышкер Андре Кауперс те бар. Ол әлемге әйгілі Байқоңыр айлағынан екі мәрте ғарышқа ұшқан.
ЭКСПО-2017 • 04 Шілде, 2017
Жаңа бағыт іскерлік байланысты нығайтады
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына жағдай жасау мақсатында «Эйр Астана» әуе компаниясы орындайтын Астана – Дели – Астана бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашылады.
ЭКСПО-2017 • 04 Шілде, 2017
«Қорғас» – қос елдің серіктестік көпірі
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында «Қорғас» халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығы» (ХШЫО) жобасының сегізінші бірлескен Қазақстан-Қытай жобасының тұсаукесері өтті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Қорғас» екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың және тату көршіліктің тарихи куәгері екенін айтты. «Қорғастың» болашағы қос тараптың шекаралық серіктестік аясын кеңейте түсуінен және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуынан көрінеді», деді ол.
ЭКСПО-2017 • 04 Шілде, 2017
Күн энергиясын ғасыр бұрын тапқан
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Египет Араб Республикасының ұлттық күні өтті. «Болашақтың энергиясы» атауымен ұсынылған Қазақстандағы бірегей көрме барысында баламалы энергия көздерін пайдаланудан алғашқы ондыққа кіретін Мысыр елі 1913 жылдан бері күн панелін пайдаланып келеді.
Қазақстан • 04 Шілде, 2017
АҚШ - Қазақстан достығы ЭКСПО-2017 көрмесінде мерекеленеді
АҚШ Тәуелсіздік күні мерекесі осы шілдеде жер шарының біз үшін ар жағындағы Қазақстанның бас қаласы Астанада, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесінде жүздеген ел өкілдері мен есепсіз қонақтарымен бірге атап өтілмек. АҚШ павильоны өз есігін Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп жатқан халықаралық көрме алаңында 10 маусымда ашты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар АҚШ америкалық технологиялар арқылы болашақ энергиясына қалайша жететіндігін өз көзімен көре алады. Мерекемізге барша қонақтарды шын жүректен шақырамыз.
Президент • 04 Шілде, 2017
Балықтыкөлдегі баспанадан – Қараөткелдегі Астанаға
Елбасының еңсе тіктеп, еңбекке етене араласып кеткен өңірі, әрине, Нұра ауданы. Нақты айтқанда, сол Нұра ауданына қарасты Балықтыкөл ауылы – Тұңғыш Президентімізге тұғыр болған тарихи мекен. Бүгінде алты құрлықты ауызына қаратқан Алаш жұртының көшбасшысы, көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың бозбала шағы өткен осы өңір жайлы көп айтуға болады. Соның бірі – осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жақсы істің жанынан табылып, жаршысы болған жас Нұрсұлтанның студент кезінде іргетасын қалаған үйі жайлы әңгіме. Ол үй бүгінде қабырғасына ескерткіш тақта ілінген тарихи орынға айналған.
Қазақстан • 04 Шілде, 2017
Әлемге нұрын шашқан арман-қала
Өмірде көзім анық жеткен бір ақиқат бар, ол – кімнің болсын, ненің болсын қадірін салыстыру арқылы білінетіндігі...
Қазақстан • 04 Шілде, 2017
1994 жыл. 6 шілде. Дәл осы күні Қазақстанның астанасы Алматыда өткізілген Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, еліміздің экономикалық, экологиялық, саясат және демографиялық мәселелеріне терең талдаулар жасады. Келесі бір кезекте Мемлекет басшысы бұл мәселелердің түбегейлі шешімі астананы Ақмолаға көшіру арқылы табылатынын тайға таңба басқандай тұжырымдап берді. Арада үш жыл өткен соң, 1997 жылдың қазан айының 20-ы күні Президент Ақмола қаласын «Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.