Президент • 04 Шілде, 2017
Астана бүгінде әлемдегі ең жас елорда екеніне қарамастан, халықаралық деңгейдегі айтулы іс-шаралар өтетін жаһандық саясаттың эпицентріне айналып үлгерді десек, артық айтқандық емес. Елбасы мен елорда егіз ұғым дегендей, Қазақстанның бас қаласының аз ғана уақыт ішінде әлемдік деңгейде осыншалықты зор сенімге ие болуына көреген көшбасшы, сарабдал саясаткер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен халықаралық қоғамдастықтағы жоғары беделі игі ықпал еткені талас туғызбаса керек. Ал Астананың бүгінгі бағындырған биігіне мысалдар жеткілікті.
• 04 Шілде, 2017
Қанағатшылдық пен қарапайымдылық
Уақыт өткен сайын көптеген өзгерістерді бастан кешірудеміз. Тіршіліктің қай саласын, қай тұсын алып қарасаңыз да жаңашылдықтың, басқаша бір көзқарастың пайда болғанын аңғарасыз. Яғни уақыт ағымымен келген өзгерістер өмірге, әрекет-тіршілігімізге деген түсінікті, көзқарасты да басқаша қалыптастыруға үндейді. Демек, жаңа заманның жасампаздығына жұтылып кетпеу үшін ескірген көзқарастардан арылып, дүбірлі дүниенің даңғыл жолына түсуді жаңаша ойлауымыз қажет.
Білім • 04 Шілде, 2017
Табысты болудың басты факторы − білім
«...Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Жаңаша ойлап, қоғам, ел үшін отандастарын игілікті істер жасауға үндеген Елбасы одан әрі былай дейді: «...Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай».
Қазақстан • 04 Шілде, 2017
Таяуда Таиландқа визасыз барамыз
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның үшінші отырысын өткізу үшін Астанаға келген Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Вирасакди Футракулмен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салалардағы жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасты.
Үкімет • 04 Шілде, 2017
Варшавадағы Президент сарайында Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұханның Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамотасын тапсыру рәсімі өтті.
• 04 Шілде, 2017
Қазақстанның мәмілегерлік бастамалары тұжырымдалған еңбек
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық аренадағы медиаторлық қызметі туралы жазылған «Бітімгер. Сирия түйіні» атты кітап – өзекті халықаралық мәселеге арналған маңызды еңбек. Кітап өңірлік және жаһандық тұрақсыздық пен қауіпсіздікке кері әсер еткен және бүкіл адамзатты толғандырған Сириядағы қарулы қақтығысты шешу жөніндегі Елбасының бітімгерлік мақсаты мен саяси көрегендігін оқырмандарға паш етеді.
• 04 Шілде, 2017
«...Кез келген соғыс бейбітшілікпен, келіссөздермен аяқталады, тарих солай...» Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Үкімет • 04 Шілде, 2017
Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
• 04 Шілде, 2017
Астананың авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пайымды толғам.
• 04 Шілде, 2017
«Жасыл белдеу» – елорданың тынысы
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл аймағын аралады.