Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарған Сағындық Лұқпанов тағайындалды. Ал бұрынғы бірінші орынбасар Ғұмар Дүйсембаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Оңтүстікте «Жасыл ел» бағдарламасымен 1275 жас жұмыспен қамтылады
Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдан бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, осы жылдар ішінде 15 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Теннис • 04 Шілде, 2017
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Қытайда спорттық машығын жалғастырады
Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында Қытай елінде спорттық машығын жалғастыруға мүмкіндік беретін үстел теннисі турнирі басталады.
Ұлттық спорт • 04 Шілде, 2017
Еламан Ерғалиев: Бейбіт Ыстыбаевтан асып түскім келеді
Еламан Ерғалиев – бүгінде қазақ күресінің айтулы өкіліне айналды. 2011 жылы «Жас барыс», 2017 жылы «Әскер барысы» мен «Қазақстан барысы» турнирлерін ұтқан Еламанның ендігі мақсаты – «Әлем барысы» мен «Еуразия барысында» топ жару. Сондай-ақ, дзюдо күресінен Олимпиада шыңын бағындыруды көздейді. 2017 жылғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы Еламаннан жеңісінің ыстық-суығы басылмай тұрып сұхбат алған болатынбыз.
Президент • 04 Шілде, 2017
АҚШ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады
Дональд Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Білім • 04 Шілде, 2017
Алматыда ұлттық әліпбиге көшу жұмысы талқыланды
2017 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Президент • 04 Шілде, 2017
Елбасы мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты
Қазақстан Президенті «Атамекен» этномемориалды кешенінде Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Атырауда әлеуметтік іс-шара шеңберінде 344 адам жұмысқа орналастырылды
Қоғамдағы қауіпсіздікті қамтасыз ету, елдің жағдайымен танысу, күрмеуі көп мәселелердің шешімін табуға көмектесу. Атырау облысы прокуратурасының облыс әкімінің қолдауымен өткізген «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты бірлескен іс-шарасы осындай мақсаттарды көздеді.
• 04 Шілде, 2017
«Smart zholy» – цифрлы экономикаға жол тартты
«Smart Zholy» жобасының жеңімпаздары елімізде цифрлы экономика құруға атсалыспақ. Қазақстанның келешегін мобильді, цифрлы экономикамен байланыстыратын жастар қазіргі күні бұл бағытта тынымсыз ізденіп, тіпті кейбір стартаптарын іске қосып үлгірген. Бұл туралы «Smart Zholy» бағдарламасының қорытынды таныстырылымында айтылды.
Үкімет • 04 Шілде, 2017
Үкіметте Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы қаралды
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz